Қолжазба құқығында


«Әдебиетте ғылымның ең жоғарғы еңбек формасы ретінде байыпталуы»



бет10/20
Дата03.01.2023
өлшемі211,5 Kb.
#60318
түріДиссертация
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   20
Байланысты:
Абай Шакарім

«Әдебиетте ғылымның ең жоғарғы еңбек формасы ретінде байыпталуы» деп аталатын екінші бөлімнің «Әдеби-философиялық тұжырымдамалар: ғылым – адамзат зердесінің айқындаушысы» деп аталатын тараушасында ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап қазақ қоғамында ғылым феноменінің еңбектің ең жоғарғы формасы ретінде бағаланып, әдебиетте оның жалпы адам баласының жаратылысымен шендестіре қарастырылуы туралы айтылады.
ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиетінде ғылым мәселесі еңбектің ең жоғарғы формасы ретінде кеңінен сөз болады. Әсіресе, Абайдың, Шәкәрім мен Мәшһүр Жүсіп шығармашылығында бұл мәселенің егжей-тегжейлі қарастырылғанын көреміз. Осы аты аталған үш ақынның көшбасшысы Абай ақын еңбектің түрлерін атай отырып, оның қайсысы баянды, қайсысы баянсыз екеніне тоқталады.
Түбінде баянды еңбек егін салаған,
Жасынан оқу оқып, білім алған.
Би болған, болыс болған өнер емес,
Еңбектің бұдан өзге бәрі жалған [11, 123 б].
Жастайынан оқу оқып, білім алу арқылы келетін ғылым ақынның құндылықтар жүйесінде баянды еңбектің қатарына жатқызылады. Қазақ даналығының таусылмас қайнары мақал мен мәтелдерінде: «Жаста оқыған оқуың – тасқа жазғанмен бірдей, // Егде тартқанда оқыған оқуың – мұзға жазғанмен бірдей», - делінеді [18, 97 б]. Қазақта ғылым-білім туралы, оның қадір-қасиеті туралы мақал да көп, мәтел де жетерлік. Олардың бәрін тізіп шығу біздің мақсатымызға кірмесе керек. Тек айтарымыз, ғылым–білім жолының ауырлығы, білім алу адамнан ерекше ыждағаттылықты, күш-жігер, төзім мен талапты, сабырлылықты қажет ететіндігі. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін халық «Оқу – инемен құдық қазғандай» деген бейнелі сөзбен білдіреді. Инемен құдық қазылушы ма еді? Әрине, жоқ, - қазылмайды, - бұл осы жолдың, ғылым жолының азапты да машақатты жол екендігіне жасалған ишара, меңзеу деп түсінсек дұрыс болары сөзсіз.
Ғылым адамнан ерекше қабілет пен машықты талап ететіндіктен де, бұл жолға бала кезден бой үйреткен абзал деген ой жүйесін Абай, Мәшһүр Жүсіп, Шәкәрім шығармаларынан кездестіреміз. Ғұлама ақындар шығармаларында бала есейіп, бойы өсіп, буыны қатып кеткен соң ғылым-білімді игеруі күшке түсетінін айтады; тіпті уақыт өткізіп алып ғылым-білімді игергеннің өзінде, жасынан оқыған білімдей сапалы болмайтұндығы да бірнеше мәрте ескертіледі. Ғылым-білімді танып, оның қадір-қасиетіне жеткен Абайдың өзі жасынан ғылым-біліммен шындап айналыспағандығына өкініш білдіреді:
Жасымда ғылым бар деп ескермедім,
Пайдасын көре тұра тексермедім.
Ержеткен соң түспеді уысыма,
Қолыды мезгілінен кеш сермедім.
Бұл махрұм қалмағыма кім жазады,
Қолымды дөп сермесем, өстер ме едім?
Еңбегіңді білерлік еш адам жоқ,
Түбінде тыныш жүргенді теріс көрмедім [2, 47 б].
Сөз жоқ, біз сөз қылып отырған ақындар шығармашылығында ғылым- еңбектің ең қадірлісі, ең жоғарғы түрі. Ғылым-білімнің бұлайша ерекше тұлғалануы, еңбектің ең жоғарғы формасы ретінде қабылдануы оның адамның жаратылысында алатын орнына байланысты екендігін Абай, Мәшһүр Жүсіп, Шәкәрім шығармаларындағы көркемдік ойға ден қойғанда анық байқаймыз. Қазақ мәдениеті мен әдебиетінің бастау көзі, асыл бұлақтарының бірі қасиетті Құран Кәрімде адам баласы ғылым-білімнің арқасында ғана періштелерден басым түсіп, адамдық статусқа ие болғандығы туралы айтылады. Алла Тағала адамға ғылым-білімді нәсіп ету арқылы оны ерекшелеп, бүкіл тіршілік иелерінен, тіпті періштелердің өзінен дәрежесін арттырып Өзіне халифа (орынбасар) қылып тағайындайды. Құран Кәрімде бұл уақиға былайша сипатталады: «(Мұхаммед ғ.с.) сол уақытта періштелерге; «Әрине мен жерде бір орынбастар жаратамын!», – деген еді. (Періштелер): «Онда бұзақылық істеп, қан төгетін біреуді жаратасың ба? Негізінен біз Сені дәріптеп, мақтау мен пәктаудамыз» деді. Алла: «Мен сендердің білмегендеріңді жақсы білемін!», – деді (30) [19, 6 б]. Көріп отырғанымыздай, періштелер Алла Тағаланың әміріне қарсы шығып, өздерінің білімдерін алға тартады. Осы кезде Жаратушы олардың білімдерінің жеткіліксіз екендігін, періште болса да шектеулі білім иесі екендіктерін естеріне салады. Сөйтеді де, өзіне орынбасар жаратуға қарсы болған періштелерді заңды түрде мойындату үшін, өз әмірінің қоқан-лоқыға, кеудемсоқтық пен зорлыққа негізделмегенін, керісінше, нақты ақиқатқа сүйенетіндігін (легитимдігін) дәлелдеу үшін де адамға бір тұтас атауларды (бүкіл жаратылыстағы білім жүйесін) үйретеді. «Алла Адам (ғ.с.) ға біртұтас атауларды үйретті де сонан соң оларды періштелерге көрсетіп: «Айтқандарың рас болса, Маған осы нәрселердің аттарын айтып беріңдер» деді. (31) Періштелер; «Сен пәксің! Біздің, Сенің үйреткеніңнен басқа білеріміз жоқ. Әриене Сен толық білуші, өте данасың» деді. (32) (Алла Т); «Әй Адам! Оларға, бұлардың аттарын баян ет» деді. (33) Сол уақытта періштелерге: «Адамға сәжде қылыңдар» дедік. Сонда олар дереу сәжде қылды. Бірақ Ібіліс бас тартып, дандайсып қарсы келушілерден болды. (34) [19, 6 б]. Міне осылайша Жаратушы тарапынан түсірілген төрт кітаптың бірі - Құран Кәрімде түп атамыз Адамға (ғ.с.) ғылым-білімнің қалайша нәсіп болғаны туралы оқиға баян етіледі.
Қорыта айтқанда, бұл тараушада бейнелі ой мен астарлы мағынаға құрылған Абай, Мәшһүр Жүсіп, Шәкәрім өлеңдеріндегі, прозалық шығармаларындағы ғылымның жалпы адам жаратылысымен біте-қайнасып кеткен жайы байыпталады.
Екінші бөлімнің «Әдебиеттегі ғылымның антропологиялық сиаты» деген тараушасында Абай, Мәшһүр Жүсіп, Шәкәрім шығармаларындағы көрекемдік ой арқылы берілген ғылымның адам болмысымен, оның адамдық кейпінің қалыптасуындағы рөлі туралы сөз болады. Біз зерттеу нысаны ретінде алып отырған осы кезең әдебиетінің көшбасшысы Абай шығармашылығындағы «адам болу» принципі ең бірінші ғылым-біліммен тікелей байланысты екенін айтуымыз керек. Абайдың бүкіл өлеңдерінде, қара сөздерінде көркемдік ой мен ақындық шабыттан қуат алған өлеңдер мен қара сөздерде осы идея негізгі болып табылады. Тіпті, Абайдағы «адам болу» принципі - ғылым-білімнен бастау алады десек те болады. Сөзіміз дәлелі ретінде Абайдың: «Қашан бір бала ғылым, білімді махаббатпенен көксерлік болса, сонда ғана оның аты адам болады» деген ойын келтірсек те болады [11, 189 б]. Көріп отырғанымыздай, ойшыл адам атану мен ғылым, білімге деген махаббатты тең қойып отыр: егер баланың ғылым, білімге маххабаты оянса, сонда ғана аты адам болады деп көркемдік таным арқылы адам болудың асқаралы биік тұрғыларын белгілеп береді. Осы айтылған ой жүлгесімен бір сәтке де ауытқымай көздеген мақсат-мұратымызға қарай бет алар болсақ, мәселе «атауға», нақтылай айтқанда, – «адам» деген атқа тіреліп тұрғанын байқаймыз. «Адам» деп аталу, «адам» деген атқа ие болу - оп-оңай шаруа емес екенін ақындар шығармашылығын зерделеу барысында жіті аңғарамыз.. Бала – ол әлі шын мағынасындағы, үлкен өлшеммен алғанда «адам» деп аталуға лайықсыз, «адам» деп аталуы әлі ертерек, мүмкіндік деңгейіндегі жаратылыс иесі деген ой ұштығын аңғарамыз. Әр нәрсені тура айтып, ақты ақ, қараны қара деп айта алатын қазақ тілінің лексикалық қорында адамды екіге бөледі: айтқан сөзге тоқтай білген, сөз түсінгенді адам дейді де, сөзге тоқтамақ түгілі, әкіреңдеп өзіңді басып кете жаздайтындарды мал дейді. Осының бәрі ғылым-білімнің жоқтығынан, адамның өзін танымағанынан дейді аты аталған ақындар. Осы сөздердің шығу төркінін ізерлеп қарар болсақ, жауапты Шәкәрімнен табамыз. Ақын осы тақырыпқа арнаған өлеңін былай деп бастайды:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет