Қорытындыдадиссертацияда қол жеткізілген ғылыми нәтижелер тұжырымдалып беріледі.
ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасыр басында қазақ әдебиетінде мүлде жаңа, тың тақырып – еңбек феномені дүниеге келді. Әдебиет қоғамдық өмірдің айнасы ретінде болып жатқан саяси-экономикалық, әлеуметтік өзгерістерге сергек үн қата отырып, қоғамның көкейкесті проблемаларына жауап береді. Еңбек тақырыбының тұлғаланып, әлеуметтік өмірге енуі қазақ руханияты мен мәдениетінің алдында біршама міндеттерді қойды. Егер біз ұлтты, этносты жанды организм деп санайтын болсақ, әдебиет сол ұлттың жаны ретінде осы міндеттерді бірінші болып қайыспай мойнына ала білді. Бұл ұлт алдындағы міндеттердің алғашқысы – еңбек идеологиясын жасау; адамдардың санасына әсер ете отырып, оларды өмірдің өзі ұсынып отырған проблемаларды игеруге жұмылдыру. Сондай-ақ, отаршылдық жағдайында моральдық һәм материалдық жағынан азғындап бара жатқан қоғамды еңбек құндылығын жасау арқылы сақтап қалу; халықтың жанына әсер етіп, санасын қалыптастыратын көркем образдар арқылы еңбек адамының белсенді бейнесін қалыптастыру. Отаршылдықтың озбыр көмейіне жұтылып бара жатқан ұлтты - сол отарлаушы елдің ұсынып отырған кәсібін, саудасы мен егінін, қол өнері мен басқа да кәсіп түрлерін игеру арқылы ғана сақтап қалуға болатынын кәміл сезінеген ұлт көсемдері – Абай, Мәшһүр Жүсіп – әдебиетте іскерлік, үнемшілдік, қор жинау тәрізді ұлтты сақтап қалатын тақырыптарды өз шығармаларына өзек етті.
Тағдырдың жазуымен көшпелі өмір салтынан отырықшылыққа ауысуға мәжбүр болған қазақ қоғамы, сонымен қатар, өзін сақтап қалу үшін метраполияның ғылым-білімін, интеллектуалды деңгейін қоса меңгеруі қажет еді. Сол себептен де ғылым еңбектің ең жоғарғы формасы ретінде әдебиетте тақырып ретінде көтеріліп, жан-жақты ашыла бастады. Әсіресе Абайдың, Мәшһүр Жүсіптің, Шәкәрімнің кестелі сөз бен көркем ой арқылы ғылым-білім туралы айтқандары болашақ қазақ әлеуметінің интеллектуалдық қорын қалыптастырды.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ Әуезов М. Абай Құнанбаев: монография. – Алматы: Санат, 1995. - 320 б.
Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы. Шығармаларының екі томдық толық жинағы. – Алматы: Жазушы. – Т. 1: Өлеңдер мен аудармалар. – 1995. - 336 б.
Қара қылды қақ жарған: Билер мен шешендер сөздері. – Алматы: Қайнар, 1995. – 256 б.
Байтұрсынов А. Ақжол: Өлеңдер мен тәржімелер, публ. мақалалар және әдеби зерттеу. – Алматы: Жалын, 1991. – 464 б.
Қазақтың мақалдары мен мәтелдері. – Алматы: Қазақтың мемлекеттік көркем әдебиет баспасы, 1959. – 301 б.
Жеті ғасыр жырлайды. Екі томдық. – Алматы: Жазушы. – Т. 1. - 2004. – 400 б.
Шәріп А. Қазақ поэзиясы және ұлттық идея. – Алматы: Білім, 2000. – 336 б.
Әуезов М. Абайтанудан жариаланбаған материалдар. – Алматы: Ғылым, 1988. – 368 б.
Хайдеггер М. Время и бытие: Статьи и выступления. – Москва: Республика, 1993. – 447 с.
Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы. Шығармаларының екі томдық толық жинағы. – Алматы: Жазушы. – Т. 2: Өлеңдер мен аудармалар, поэмалар, қара сөздер. – 1995. -384 б.
Ысмағұлов Ж. Абай: ақындық тағлымы. – Алматы: Ғылым, 1994. – 280 б.
Көпеев М. Ж. Таңдамалы. Екі томдық. – Алматы: Ғылым, 1990. – 1-том. – 273 б.
Шәкәрім Құдайбердиев. Шығармалары: өлеңдер, дастандар, қара сөздер.– Алматы: Жазушы, 1988. – 560 б.
Шәкәрім. Иманым. – Алматы: Арыс, 2000. 321 б.
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. П-Т. – Алматы: Ғылым, 1985. – 591 б.