Омарқожаұлы Нұрберген Омарова Қарлығаш мал азықтандыру пәнінің практикумы



бет46/66
Дата21.11.2022
өлшемі1,05 Mb.
#51405
түріПрактикум
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   66
Байланысты:
Омар ожа лы Н рберген Омарова арлы аш мал азы тандыру п ніні п

Микроэлементтіқоспаларға биогенді темір, мыс, мырыш, марганец, кобальт, йод микроэлементтерінің күкіртқышқылды, көміркышқылды, хлорлы тұздары жатады. Олар өте аз мөлшерде болғанмен биологиялық пәрменділігінің арқасында мал қорегі мен организмдегі заталмасуына күшті ықпал етеді, соңдықтан жетіспейтін көлем мал азығына қажетті қосындыларын (тұздарын) қосу арқылы жеткізілуі керек. Азықтандыруда жиі қолданылатынмикроэлемент тұздарындағы элемент мөлшері мен есептеу коэффициенттері келесі кестеде келтірілген.

Микроэлемент тұздарының құрамы



Микроэлемент тұзы



Элементі



Мөлшері,
%

Тұзға айналдыру коэффициенті

Күкіртқышқылды темір

Ғе

20,4

5,137

Күкіртқышқылды мыс

Сu

23,7

4,237

Күкіртқышқылды мырыш

Zn

22,5

4,464

Көмірқышқылды мырыш

Zn

58,0

1,727

Күкіртқышқылды марганец

Mn

22,1

4,545

Көмірқышқылды марганец

Mn

43,5

2,300

Күкіртқышқылды кобальт

Со

20,7

4,831

Көмірқышқылды кобальт

Со

45,1

2,222

Хлорлы кобальт

Со

24,8

4,032

Йодты калий

J

75,4

1,328

Йодты натрий

J

84,7

1,181

3.6. Дәруменді қосындылар

Жоғарыда келтірілген микробиологиялық түзу арқылы өнідірілетін синтетикалық дәрумендік қосындылармен қатар мал азығына келесі дәруменді қосындылары - 1 мл-де А дәруменінің10 мың х.ө. бар аевит, А дәруменінің10 мың х.ө. Д, дәруменінің200 мың х.ө, Е дәруменінің10 мг бар үшвитамин, 0,05 г аскорбин қышқылы, 0,01 г никотин қышқылы, 0,001 г тиамин-хлориды, 0,5 г глюкозасы бараснитин, 0,003 г тиамин-хлориді, 0,003 г рибофлавині, 0,02 г никотин қышқылы, 0,15 г аскорбин қышқылы бар тетравит, ретинол-ацетаттың 3300 х.ө., тиамин-хлоридтің 0,002 г, рибофлавиннің 0,002 г, пиродиксин-гидрохлоридтің 0,003 г, цианкобаламиннің 2 мкг, никотинамидтің 0,02 г, Р дәруменінің0,01 г, Е дәруменінің0,01 г, аскорбин қышқылының 0,075 г, фолий қышқылының 0,5 мг, кальций пантонентының 0,003 г бар ундевит, сонымен қоса тұрақтандырылғанА-ацетаты, каротин, Д2, Е, К2, С мен В тобывитаминдерінің азықтық препараттары шығарылады. Оларды мал мен құсты гипо- және авитаминоздарға шалдықтырмау үшін азық пен құрамажемге не ақуызды-дәруменді қосындыларға (АДҚ)қосады.


Дәрумендік препараттармен қатар мал азығының биологиялық құндылығын өсіру үшін қоректік заттар қорытылымынкетеретін ферменттік қосындылармен түрлі аурулардың алдын алатын азықтық антибиотиктер қолданылады.
Мал азығында қолдану үшін бактериалдықжәне саңырауқұлақтық- амилазалық белсенді амилоризин, пектолитикалық белсенді пектавамарин, протеолитикалық белсенді амилосубтилин ферменттік қосындылары шығарылады. Оларды құс пеншошқа, төл құрамажеміне қосып, қоректік заттардың, әсіресе қиынқорытылатын клетчатка қорытылымын жеңілдетеді.
Т.Е.Чеснокованың (1984) 7-8%жасұнығыбар үйректің құрамажеміне целлюлазалы целловиридинферменттік қосындысынқосқанда "шикі" жасұныққорытылуы 3-6%-ға жоғарлауы басқа да қоректік заттар қорытылуына оң ықпал үйрек басының сақталуы мен салмақ қосымын арттырған. Антибиотиктер өзінен басқа организмдердің тіршілігін тежейтін микроорганизмдердің бактериостатикалық және бактериоцидтік өнімі. Мал азығына қосу үшін азықтық гризинмен бацитрацин шығарылады. Антибиотиктердің антибактериялық және кумулятивтік қасиетін ескеріп, оларды таз қарын микроорганизмдері зақымдалмауы үшін сақа күйісті мал мен асылтұқымды мал және кұс азығына қоспайды. Балапан, төлжәне бордақылаудағы мал мен құс құрамажеміне 10 кг антибиотикті премикс құрамында қосуға болады.
1-тапсырма.Түрлі минералды, витаминді қоспалармен танысып сақталу мерзімі мен жағдайы, биологиялық әсерін сипаттаңдар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет