Омарова А. Т., Мамытканов Д. К. ӘЛеуметтік жұмыстың этикалық негіздері алматы 2018



бет14/27
Дата13.03.2023
өлшемі0,76 Mb.
#73675
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   27
Байланысты:
treatise140523 (1)

Шығармашылық ойлау – әлеуметтік қызметкердің ажырамас сапасы. Әлеуметтік жұмыстың стандарттық жағдайдан белгілі ерекшелігі бар екеніне қарамастан, клиенттердің біртекті және бірдей жағдайы мүлдем жоқ. Әлеуметтік қызметкер әрбір нақты жағдайдағы шешімді қабылдай отырып, жұмыстың аз ғана өзгешеліктерін есепке алу керек, бұл жоғарғы нәтижеге жетуге және тиімді шешім қабылдау үшін қажет. Шығармашылық ойлау болмаған жағдайда маман әрқашан оларды қабылдаған кестесі бойынша әрекет етеді, бұл нәтиженің ұшқырлығын төмендетеді, оның жұмысының тиімділігі клиентке жағымсыз әсер етуі мүмкін, солай болғандықтан, әлеуметтік жұмыста қандай да бір жағдайларға қабылданған дайын рецепт болмайды. Шығармашылық ойлауы жоқ маманда көңіл бөлмеушілік, көмек көрсетуге ықылассыздық және тәжірибенің жетіспеушілігі клиент арқылы бағаланады, бұл әлеуметтік жұмыстың беделін түсіреді.
Сондықтан, әлеуметтік қызметкердің тұлғалық сапасы көбінесе оның клиентпен өзара әрекетіндегі үлгерімділігін анықтайды және оның кәсіби жарамдылығының қажетті шарты болып табылады. Моральдік сапаны қалыптастыру, оларды қызметтік процесте сендіру және қажеттіліктерге айналдыру мамандықты және қоғамдық рухани құндылықтарды меңгеру жолы арқылы іске асырылады. Осы әлеуметтік қызметкердің тұлғалық сапасы, оның айналадағыларға, клиентке қарым-қатынасы бойынша қоғамда пайда болады, бұл қоғамдық адамгершілік деңгейін жоғарылатуға, сонымен қоса әлеуметтік мәселелерді шешуге қабілеттілігін көрсетеді.
Әлеуметтік қызметкердің жеке тұлғасы біртұтас. Маманнан кәсіби қызметте талап ететін сапасы әлеуметтік қорғау мекемесінен тыс кетпейді, олар қандай жағдайда және қарым-қатынаста болмасын оның күнделікті әрекетіне және мінез-құлқына қатысады, әлеуметтік қызметкердің қоғамдық пікірін қалыптастыра отырып бар болады.
Әлеуметтік қызметкердің тағы бір әлеуметтік рөлі бар. Ол – кәсіби топтың және тұлғаның өкілі ғана емес, ол – азамат.
Әлеуметтік қызметкер өзінің міндетін, мамандықтағы орнын қоғамда түсіне білуі керек. Ол адамға қатысты қауіп-қатерден қашу және адамның ниетінсіз ізгі әлемді құру мүмкін емес. Мұнда ізгілік, практикалық ізгілік мәні формула арқылы анықталуы мүмкін «ақыл+іскерлік+қайғыға ортақтасу».
Бірақ қазіргі кезде осыған қарамастан әлеуметтік жұмыс біздің мемлекетімізде жас және өзінің ізгілік потенциалын толығымен алып көрсетілген жоқ, әлеуметтік қорғау қызметкерінің әлеуметтік мәрбені түсінушілік рөлі өсуде. Көбінесе, өзін осы қайырымды қызметке арнай отырып, өзінің отандастарының өмірлік қызметінің жағдайын жақсартуға қызмет етеді, сонымен қатар көбінесе көмек көрсетуге әлсіз болды. Осы әлсіздіктің салдары көбінесе заңдылық базасының жетілмеуінен, әлеуметтік қорғаудың қаржылық жүйесінің жетіспеушілігінен және әлеуметтік жұмыс маңыздылығынан және әлеуметтену мәртебесінің жұмыс обьективтілігіндей жоғарғы құрылымының жеке өкілдері жағынан түсінбеушіліктің болуы, сонымен бірге әлеуметтік қызметіндегі клиент санының обьективті себептері бойынша өседі.
Мұндай жағдай қалыпты деп санауға болмайды. Әрине, экономикалық дағдырыс жағдайында кейбір мәселелерді шешу мүмкін емес, мысалы, өмірлік сапаны жақсарту үшін клиенттің санын төмендетіп және әлеуметтік бюджетті жоғарылату мүмкін емес. Сонымен қатар, әлеуметтік қызметкердің сенімділік негізінде маман сияқты жағымды қалыпқа салу кәсіби қызметті құру маңызды, олардың қайырымды істері үшін әлеуметтік қорғау жүйелері және қоғамдық шектеулі ресурстары қолданылады.
Клиентке сену және әлеуметтік жұмыстардың клиент сенімін ақтау принципі. Жалғыз осы негізде әлеуметтік жұмыс клиенттің өзара түсінігін және альтуризм принципін уағыздауда әлеуметтік жұмыскер клиентке қызығушылықты өзінен жоғары қояды. Келесі маңыздысы – модальдік принципі, перманенттік және компонетті модаль принципі, нақты аймақтағы есептік, клиенттің жеке басының ерекшелігі, оның жынысы, жасы, мінезі, мәдениеті, дәстүрі, діні.
Әлеуметтік жұмыстың ең негізгі термині – мүмкіндіктерін кеңейту. Бұл терминнің мағынасы «өз күшіңді, жұмысқа қабілетіңді күшейту, клиенттің өмір ресурстарын, онымен пікір алмасу, оған көп көңіл бөлу, клиентке мәселесін өзі шешуге үйрету». Екінші бір анықтамасы: әлеуметтік жұмыс адамдар мен әлеуметтік қоғам арасындағы байланысты және сол әлеуметтік қоғамдағы адамдардың өмірдегі орындайтын істерінің адамға әсері, стресс жағдайынан шыға алуеын, алға қарай ұмтылумен, биік бағалануымен байланысты. Кәсіби көмек көрсетілгенде әлеуметтік қызметкер клиенттің жеке өміріне араласады. Бұл процесс интервенция деп аталады. Интервенция топтың, не бір ұлттың әлеуметтік көпшілігіне әлеуметтік процесс кезінде араласады да, оның мінезіне сәйкес әлеуметтік мақсаттарға жеткізеді. Қазіргі кезде интервенция әлеуметтік саясатта және әлеуметтік жұмыста клиентті әлеуметтік өзгерту факторына айналуда. Әлеуметтік жұмыстың әлеуметтік теориясы әлеуметтік қызметкер істеген істі түсіндіріп, анықтап, бағалап береді. Әлеуметтік қызметтің кәсіптік мақсаты – көмек сұрағандарға көмек көрсету. Және де әлеуметтік жұмыс әр клиентке, яғни, әр түрлі жағдаймен келген адамға әр түрлі формада әр түрлі әдістерді қолданады. Әр әлеуметтік қызметкер өз кәсібіне әр түрлі қарайды, кейбіреулер өз мамандығын әр түрлі бағалайды, ол үлкен бағыт, қанағаттанушылық сезімі, ұнамау, стресс ретінде, кейбір адамдар бұл бағалаудың әрқайсысын талдап айтады. Бұл тапсырманы шешу үшін әр әлеуметтік қызметкерде өз мамандығына деген әлеуметтік мәдениет болу керек және де оған әлеуметтік жұмыс білімі қажет. Әр әлеуметтік қызметтің кәсіби этикасы – оның әлеуметтік жұмыс туралы білімі, тәжірибесі және әдістері, т.б. кәсіптік қажетті құндылықтары.
Әлеуметтік жұмыстағы кәсіби құндылық – Әлеуметтік қызметкердіңжұмысқа қатысты өзіндік құндылықтары. Ол клиентпен дұрыс жұмыс жасауы, оның мәселесін түсініп, шешіп беруге деген ынтасы мен жігері. Әлеуметтік қызметкер өз жұмысын тиянақты орындап, кәсібіне жауапты болуы шарт.
Әрбір клиенттің жеке өміріне кіре білу, әрбір индивидтің құқығын жоғары бағалау. Жеке өміріне қол сұқпау. Адамды өзіне-өзі сендіре білу, әрі клиенттің өзін-өзі билеу құқығын жоғары бағалау.
Клиенттің қайғысын сезіну, әлеуметтік қызметкердің қажетті тұлға бөлігіндегі эмпатияға деген қабілеттілік, көбінесе өзін клиенттің орнына қоя білуі – жоғарғы кәсіби құндылық. Бұл сапа маманның өмірлік және кәсіби тәжірибиесін жинақтау мөлшерінде дамиды.
Әлеуметтік қызметкерлердің кәсіби құндылығы ретінде өзінің клиентімен бірінші рет кездескенде басқа біреудің қайғысына ортақтасуынан көрінеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет