ЕШ БОЛҒАН ЕҢБЕК
Мұстафаның үйі маған оншалық қолайлы бола алған жоқ.
Ең алдымен, батырақ семьясында туғанмен, біреудің жалғыз ұлы болған
соң, əке-шешем мені бетке қақпай еркін ұстаған, сондықтан, олардың
тұсында мен шалдуар-тентек болғам. Сондай, «бір таудың текесі» боп
жүрген менің мінезім, балаларының басы бар Мұстафаның үйіне кірген соң
да өзгермей, əрқайсысымен, əсіресе менен бір жас үлкен Ғаббаспен қағыса
берем.
Тегі, жетім бала деп аяйды ғой деймін, əдетте Мұстафа мен оның əйелі
Сілеусің ұрыс-қағыста мені жақтап жазықты, жазықсыз болсың Ғаббасты
маған жығып береді. Бірақ мұның да шегі бар ғой, кейде көріне көзге мен
Ғаббасқа іс қиянат жасасам, мінезі қатал Мұстафа, «өзіңде де бар» деп мені
де жаққа тартып қалады, оның бəрі кек боп менің ішіме жинала береді. Ал,
Сілеусін жеңгей ешбір жағдайда мені маңдайға шертпейді...
Шаруа күйі нашар болғанмен, əкем мен шешем, үйіндегі астың тəтті-
дəмдісін менің аузыма тосатын, өздері жамаулы киіммен жүріп, менің
үстіме ылғи жаңа кигізетін. Əке-шешем өліп, күнім Мұстафаның үйіне
түскен соң, күтімді күйден мен айрылдым. Сонда, Мұстафа мен Сілеусін
мені өз балаларынан алалап ұстамайды, шағын шаруасы мол тұруға
жетпейді. Жаздай қорек қылатынымыз екі сиырдың сүті мен бір биенің
қымызы. Нан кейде бар, кейде жоқ. Жақын жердегі орыс поселкесінен
аздап алатын ұнды, Сілеусін қысып ұстайды, өз балаларына ол нанды кейде
татырмай, тек маған жəне менің апам Ұлтуғанға ғана аздап береді.
Өйтпегенде қайтсін: төсек тартқан ауру, балалары жас, өзі үй шаруасынан
босанбайды, табыс жоқ, мал аз, сататын ештеңе жоқ...
Ол үйге əсіресе қыс күндері ауыр. Жаз малдың ағымен күн көретін үйде,
қыстыгүні құрт, ірімшіктен басқа азық аз. Тайынша, торпақ сияқты ұсақ-
ұлаң бірер мал сойған болады, ол сорпаны шылауға əрең жетеді.
Қанша тарығып тұрғанмен, Мұстафа кісіге телмірмейтін адам.
Ешкімнен ол жəрдем де сұрамайды, қарыз да алмайды, ешкімге мұңын да
шақпайды, ашты-тоқты болса да, үйінде отыра береді, Со кезде он бес, он
алтыға шыққан үлкен ұлы Қамза денелі, қарулы боп есіп келеді. Бірақ
Мұстафа «жасынан тесік өкпе болмасын» деп жалшылыққа бермейді, əрі,
аз ғана шаруаны бағу салмағы сонда. Кісіге сабытын салмайтын Мұстафа,
егер əдейілеп қонаққа шақырмаса, кісі үйіне бармайды, балаларын да кісі
үйінен ас ішуден қатты тыяды.
Шешем өлген жылдың алдындағы қыста, Мұстафаның үйіне бір адам
жиі келетін болды. Оның да аты Мұстафа, бірақ бойы да, мойны да ұзын,
əрі арық, бұл адамды ауыл «Ұзын кеңірдек» дейді.
Ұзын кеңірдек Жаманшұбарға іштен
17
өткен күз көшіп келген. Сақал-
шашы буырылданып қалған оның: Садуақас, Рамазан, Құсайке, Мұсайке
дейтін алды он бесте, арты онда, төрт ұлы бар, əйелі өлген, шаруасы кедей,
ас-суын өзі даярлайды.
Жас күнінен бастап орыс кулактарына жалшылықта жүрген оны, биыл
Жаманшұбардағы туыстары өткен күз бауырсырап көшіріп əкелген де,
үстіне, тек қыстық баспана ғана салып беріп, басқа жəрдем көрсетпеген.
Сөз əлпетіне қарағанда, ол да Мұстафа сияқты тоқ жарау тұрады. Тегі
ол, Мұстафаның үйіне мұңдасу мақсатымен келеді. Ол келсе-ақ, Мұстафа:
«Я, адас жоғары шық!» деп қуанып қалады.
Ұзын кеңірдек қазақ сөздеріне орысшаны араластырып сөйлейді. Ол
кезде орысша сөздеріне түсінбегенмен, кейін байқасақ, мысалы, былай
сөйлейді екен Мұстафа:
— Ия, адас, аманбысың? — десе:
— Слау бəга! — дейді ол. Онысы «құдайға шүкір» дегені.
— Хал қалай, адас? — десе:
— Так, нешауа, — дейді Ұзын кеңірдек, — шешесіз жəгөшкелерді
көрмиттеген боп жатырмын, əзірге құрсақ пропал деп жалыбы айтқаны
жоқ, келешекте не дерін бог знаит...
Көшіріп əкеп қарайласпаған ағайындарына ренжи келіп:
— Пірадəр, — дейді ол Мұстафаға, — Бұл Жаманшұбар дегенің
работайть қыла білмейтін ленибай ел екен де. Əйтпесе, осылай отыра ма?
— Оған не қыл, дейсің сонда?
— Хлеб пахайт қылу керек қой. Жер добрай. Подвод бар. Соқаны
орыстардан наймаға алуға болады. Содан кейін выборонить, высевать,
выполоть қылса, готовый хлеб шыға собирать етесің, сонда ешкімнен де
зависить етпейсің.
Ұзын кеңірдек Мұстафаны бірлесіп алдағы көктемде егін салуға
шақырады. Бұл сөзге құлағын түргенмен, Мұстафада қосыла қоярлық
мүмкіншілік жоқ.
Ұзын кеңірдек Мұстафадан басқа кедейлерді де егін салуға үгіттейді.
Кейбіреулер бұл сөзге күле қарағанмен, көпшілік қызығады...
Жаманшұбарда судың тапшылығын да Ұзын кеңірдек сөз ғып:
— Бұл арада орыс поселкасы отырса, алдақашан көл жасап алар еді, —
деп, оның да əдісін ұқтырмақ болады.
Жаманшұбар, ортасында кең жəне қалың томарлы шілікті айнала
қыстайды.
— Осы томарларды, — дейі Ұзын кеңірдек, — выбирать, вычистить
қылса, жарқыраған көл боп шыға келер еді...
Бұған да суға жарымай отырған ауылдың құлағы елеңдейді, Ұзын
кеңірдектің сөздері жаңалық көрінеді...
Жəне бір жаңалықты оның балалары көрсетеді. Оның Садуақас атты
баласының беті шешектен бұжыр. Əкесінің атауымен, жұрт оны «Корявой»
дейді. Корявой ұршықтай үйрілген биші. Ол кезде биі жоқ қазақ аулына,
Корявойдың пляскалары таңсық та, қызық та. Құсайке сырнай тартады. Ол
да біздің ауылға бірінші келген жаңалық. Басында Құсайке тартқан
сырнайға
қосылып
Корявойдың
билеуі,
ауыл
адамдарына
ерсі
сияқтанғанмен, артынан олар, əсіресе жастар көруге құмартып, ойын-сауық
болса шақыртып алатын болды. Ол кезде басқа бишіні көрмегендіктен бе,
немесе, шынында солай ма, — Корявой маған күні бүгінге дейін орыс
пляскасына ең шебер адам сияқтанады да тұрады...
Жаманшұбарға Ұзын кеңірдек пен оның балалары əкелген жаңалық
ұзаққа созылмады. Алдағы күзде ол семья бұрынғы мекеніне көшіп кетті.
Оған себеп төмендегі. Со қыстың көктемінде Ұзын кеңірдекке бірнеше
кедей күш біріктіріп екі-үш десятина егін салады, сепкені тары. Соқаны
көрші орыс поселкелерінен алады. Жер жыртуды, бораналауды, тұқым
себуді Ұзын кеңірдектің өзі басқарады.
Со жылы жазда жаңбыр көп болып, тары аса қалың шығады. Еккен
кедейлер, шығымды егінді малдарына бастырмау үшің басына бір адамның
соқа басын күзетке қалдырады да, өздері жайлауға барып отырады.
Егін белуардан еседі. Білетіндер, əр десятина кеміне жүз елу пұттан
түсім береді деп жориды. Мұны көрген кедейлер:
— Тамаша ғой, мынау!.. Баяғыда осыны неге істемегенбіз? — деп
қуанысады.
— Жетектейтін, үлгі беретін кісі болған жоқ қой, Ұзын кеңірдектен
көрдік қой ол үлгіні, енді кедей атаулы бұл кəсіпке түгел жұмылар, —
деседі олар.
Сондай қуанышта жүрген кедейлердің егіні апатқа ұшырайды. Олар
егінді Батпақкөлдің жағасына салады. Ол ара Тұртай дейтін байдың
қыстауына жақын.
Ол кезде бұл маңайда жер меншікке бөлінбегенмен, егін салуға ойлаған
кедейлер, Тұртайдан Батпақкөл ығына салуға ұлықсат алады. Егін шығады
деп ойламаған Тұртай, «маған да бірер қап (берерсіңдер» деп қалжыңдайды
да, екі десятинаға ұлықсат етеді.
Егіннің қалың шыққанын көрген Тұртай, енді тең жартысын сұрайды,
кедейлер он шақты қап ал десе көнбейді.
— Өйтсеңдер, бұл егінді мен сендерге бұйыртпаймын! — деп
қорқытады Тұртай.
— Не істейсің?—десе:
— Кезінде көрерсіңдер,— дейді.
Оның «кезінде көрсеткені» — тары пісуге айналған кезде, бір түнде
мыңға жуық жылқысын жаяды да жібереді, тəтті егінді жылқылар орып,
таптайды да шығады...
Бұны естіген кедейлер Тұртайға барса, ол ашықтан - ашық:
— Сұрағанымды бермеген өз обалдарың өздеріңе. Білгендеріңді
істеңдер! — дейді.
Заң білмейтін кедейлер, Жаманшұбардың биі, — Нұртазаға жылап
барса, ол:
— Малы бағылмай бос жүретін осындай кең жайлауға егін сеппе деп ем,
тыңдамадыңдар, өз обалдарың өзіңе! — дейді.
Сонымен, кедейлердің еңбегі еш болады да, басқаша күн көрер
мүмкіншілік жоқ, еккен егіні мынадай күйге ұшырауын көрген Ұзын
кеңірдек бала-шағасын ертеді де, жаяулап жалпылап, бұрынғы мекеніне
кетеді...
|