деген сөз «Мхмд» боп «мұхтасар» деген сөз «мхтср» боп жазылады. Бұлай,
біріңғай, дауыссыз дыбыстардан құралған араб сөздерің тек араб тілін
білетін адам ғана жобалап дұрыс оқуы мүмкін ол тілді білмеген кісі қалай
дұрыс оқиды... Арабтың тілін біздің молдамыз — Ғазизуллиннің өзі де
білмейді. Кейін байқасақ, араб, фарсы сөздерін ол қате оқиды екен.
Араб əріптерінде осындай жəне басқа да толып жатқан өзгешеліктер
барын Ғазизуллиннің өзі де түсінбейді, сондықтан оқушыларына да
түсіндіре алмайды.
Сонша қиыншылықпен ұзақ уақытқа араб алфавитінің сызықтарын əрең
таныған балалар, енді əріптерді қосып сөз құрауға кіріседі.
Оның атын
қадым оқуында «еже» дейді.
Мысалға «Мұхаммед» деген сөзді алайық. Араб алфавитінде дауысты
дыбыстар болмағандықтан бұл сөз кілең дауыссыз дыбыстардан құралып
«Мхмд» боп жазылуы жоғарыда көрсетілді. Оны дұрыс оқу үшің асты,
үстіне тұспалды белгілерді қою керек. Мəселен, бастапқы «м» «мұ» боп
оқылу үшін үстіке «үтір»
аталатын сызық; «х»—«ха» боп оқылу үшін
үстіне «үсті» аталатын сызық; одан кейін қабатынан келетін екі «м»нің
қосқабаттығын көрсету үшін үстіне «тəштит» аталатын сызық; соңғы
«д»ның қасында дауысты дыбыс жоғын көрсететін «сəкін» аталатын сызық
қойылуы керек қой, егер ол сызықтар қойылмаса, неге қойылмайтынын
молда түсіндіру керек қой.
Ғазизуллин олай түсіндіре алмайды. Ол, тек өзі молдасынан түсінбей
оқыған сөздерін бізге қайталап, мысалы, «Мұхаммед» деген сөзді:
«емтүрме хисынха — мұха, мемта-щасынба — мұхамма, далда сəкін —
Мұхаммад» деп ешкім түсінбейтін бірдемені былдырақтайды...
Осындай əрі «ежелеуі» қиын, əрі ежелеп шығарғанмен түсініксіз араб
сөздерін мыжғылаумен баланың басы қатады да отырады. Зирек бала ғана
«ежеден» «сүреге» көше алады да, зирек емесі «ежені» неше жыл езгілесе
де түсінбей, өмір бойы сауатсыз қалып қояды.
«Сүре»— арабша «дастан» деген сөз. Олай дейтіні «Құран
өлеңмен
жазылған ғой. Көп өлеңнің басы қосылатын бір тақырыпты, «құранды»—
«сүре» дейді. «Құранның» алғашқы «сүресі»—«суратоəл — бақара»
аталады, мағынасы — сиыр дастаны». Бірақ дастанда сиыр туралы кеңес
жоқ. Сүренің неге «Сиыр дастаны» аталатыны белгісіз. Осы «сүреде» 186
өлең бар. Ұзақ сөйлеп кеткен біреуге қазақтың «немене, ұзын сүреге түсіп
кеткенің?» деуі осы «сүреден» шыққан.
Баланың алғашқы түсетін «сүресі»—«құраннан» қысқартып алған
«əптиек» (арабша—«һафтиек») дейтін кітапша. Қазақтың «Қалқам-
шырағында» кездесетін:
«Ішінде «əптиектің» «раббел фалак»,
Өлеңге жас күнімнен еттім талап.
Сен қызды қай жеріңнен кемітейін,
Өзің сал, өзің ақың бір зəн-талақ» —
дейтін өлең осыдан туған. «Əптиектен» кейін бала, 600 беттей «құранға»
түседі. Ол да түгелімен араб тілінде жазылған сондықтан араб тілін
білмейтін бала оның қарасын танып оқығанымен мағынасың білмедім.
Құранның, немесе араб тілінде шыққан
басқа кітаптардың мағынасын
айыра білмейтін балалар ғана емес. Қазақ ауылдарында «молда» атанып
жүргендерден жүзден тоқсан бесінің мұрнына араб тілінің исі келмейтінін
көзімізбен көрдік, солардың бірі — Хабибулла Газизуллин. Бұл — қазақ
арасынан шыққан молдалардың ғана емес, тілі арабтарға жанаспайтын
барлық мұсылман елінің молдаларына тəуелді сорақылық.
Қазақта «оқу инемен құдық қазғаннан қиын» деген мəтел осыдан
шыққан.
Кішкене молдаға оқуға барғанда, тағдыр менің маңдайыма
осындай «құдық қазуды» жазған еді.