Өмір мектебі. 1 кітап



Pdf көрінісі
бет92/107
Дата21.12.2023
өлшемі5,35 Mb.
#142380
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   107
Байланысты:
mir-mektebi-sabit-mukanov 2

ҚАУІПТІ ХАБАР
Продразверстка жұмысы қанша қиыншылықпен жүрсе де, 1921 жылдың
январь айынын, басында Пресногорьковкадағы Райпродком орындады да,
телеграмма арқылы, Россияның Социалистік Федеративтік Советтік
Республикасының халық комиссарлар Советінің председателі Владимир
Ильич (Ульянов) Ленинге рапорт берілді.
Рапортқа қол қоюшы бес кісінің бірі болу бақыты — менің де
маңдайыма жазылды!..
Большевиктер партиясы мен Советтік мемлекеттің ұйымдастырушысы
— Владимир Ильич Лениннің атын менің бірінші рет ел аузындағы
ертегілерден естуім, одан кейін Жұмабай Нұркин мен Қыстаубаевтан, одан
кейін Владимир Иосифович Гозак пен Шахизаман Зəбировтен, Əбілхайыр
Досовтан естуім, алғаш естіген күннен бастап көруге құмартуым, осы
шығармалық өткен тарауларынан мəлім.
Рапортқа қол қойғаннан кейін маған Ленинмен дидарласқандай, ауызба
ауыз сөйлескендей мақтанышты сөзім пайда болды, өйткені, рапортқа мен
əлдеқалай қол қойған жоқпын, продразверстка жұмысына біраз еңбек
сіңіріп барып қол қойдым.
Мен Қызылжардан Пресновкаға барған кезде, продразверстканың халі
аса қиын екен, азық-түліктің барлық түрі де планды мөлшерден əлдеқайда
кем орындалыпты. Сол күні Райпродкомның комиссары Дерявинді Ленин
прямой проводқа шақырыпты. Дерявиннің, Ленинмен сөйлесуі түн ортасы
ауа біткенмен, іле жиналыс шақырылды да, оған коммунистермен қатар,
Совет өкіметіне тілектестігі мəлім интеллигенция, комсомолдар жəне жеті
жылдық мектептің жоғары кластарындағы ересек оқушылар қатынасты —
барлығы жүз елудей кісі.
Дерявиннің баяндауынша, Ақмола облысының Калининге уəде еткен үш
миллион пұт астығының 25 процентін осы Райпродком беруге тиісті екен.
Ленин Дерявинмен осы туралы сөйлесіпті де, орындалуға мүмкіншілік
барын білгеннен кейін, уақыт көрсетуін талап етіпті, Дерявин январьдің
онына бітіруге уəде беріпті. Жергілікті партия жəне совет ұйымдарына бұл
мəселеде жəрдем беруге, Омбыдағы коммунист жұмысшылардан жүз
кісілік отряд жіберілетін болыпты.
Баяндаманың басын осыған құрған Дерявин, екінші жартысын
аудандағы азық-түлік жинаудың хал-жайына арнады. Бұл бөлімде ол қай
болыстан, қай түрлі азық-түліктер қаншалық түскенін, əлі де қаншалық
жиналуға қажет екенін айтты.
Оның айтуынша, азық-түлік қазақ ауылдарынан гөрі, орыс селоларында,


əсіресе казачий станицаларда ауырырақ жиналады. Селоның жəне
станицаның кулактары, далада соғусыз тұрған астықтарын, кедей
крестьяндарды ұйымдастырып ап, азық - түлік отрядтарының өздері
қолына соғып алмаса, өз еркімен астық соғып бермейді, ертерек соғып
алған астығын, сол кедейлердің жəрдемімен тінтіп таппаса, тығып қойған
жерінен таптырмайды. Кедей крестьяндарда артық астық жоқ.
Ол кезде егін сеппейтін қазақ ауылдарынан астық орнына алынатын
еттің, тері-терсек, жүн-жұрқаның селомен салыстырғанда тезірек
жиналатын себебін де Дерявин айтып берді. Оның тексеруінше, бұл
салмақты көтеріп отырған кедейлер. Байлардан тағайындалған ауылдық
жəне болыстық Ревком председательдері, олардың қасында тағайындалған
болыстық, Соғыс комиссариаты (бұл қызметке де кілең байлардың оқыған
балалары кіріп кеткен) разверсткаға кедейдің, жалғыз сиырын сыпырып ап,
одан кейінгі салмақты момын орташаларға жүктеп, көз алдауға аздап қана
болмаса, байлардан жаритын ештеңе алмайды екен.
Бұған дейін азық-түлік отрядында қызмет атқарған адамдар, қай селода,
қай станицада, қай ауылда кімдер қанша астық, қанша мал жасырып
жүргенін мөлшерлеп айтып берді.
Түнгі сағат үшке дейін созылған жиналыста, ешкімнің де аузынан
Дерявиннің Ленинге берген уəдесін «орындай алмаймыз» деген сөз
шыққан жоқ. Жиналыстық келген қорытындысы: станицалардағы,
селолардағы, ауылдардағы барлық коммунистердің, комсомолдардың жəне
партиясыз советтік активтің күшін жұмсап, уəделі күнге азық -түліктің де,
мемлекетке берілген басқа шикі заттардың да планын бітіру. Осы жұмысты
орындау үшін əлденеше продотрядтар құрылды да, əрқайсысы қызмет
атқаратын жеріне тарады. Бірер қазақ болысына баратын отрядтың бастығы
боп мен де кеттім. Тағы бір отрядтардың ішінде, Пресногорьков жеті
жылдық мектебінің соңғы класында оқып жүрген қазақ жастарынан
Хажығали Қосаев Ғабит Мүсірепов жəне Қази Есеналин кетті. Олардың
үшеуі де орыс тіліне менен өлшеусіз жүйрік.
Ол кезде селоларда болмаса, ауылдарда партия ячейкалары еш жерде
құрылмаған екен. Партияға кірген адамдар да анда-санда ғана кездеседі,
олардың да көпшілігі — орыс поселкелеріне байланысты жатақтардың
балалары. Ауылда коммунист саны аз болғанмен, Совет өкіметінің кімнің
өкіметі екенін түсіне бастаған кедейлер көп екен, сондықтан,
продразверстканы жаңа қарқынмен жинаудан бұрын, ауыл-ауылдан
қоғамдық іске ынталы кедейлерді тауып, солардан жəрдемшілер комитетін
құруға тура келді. Бұл істің нəтижесі де жаман болған жоқ: қай байдың, қай
жерден несі жасырулы екенін, Жəрдемшілер Комитетінің мүшелері кейде
жасырып, кейде ашық түрде хабарлап отырды, табысуға жəрдемдесті.
Селодағы 
кулактардың 
разверсткаға 
бергісі 
келмеген 
бидайын
жасырудағы бір əдісі — кедей крестьяндарға самогон қайнатуға беру болса,
қазақ байларының малдарын тығудағы бір əдісі — кедейлерге «аттың


майын, сауынның сүмесін» беру екен. Билік өз қолдарында тұрғанда көрші
отырған кедейлер аштан өліп бара жатса, аузына су тамызбайтын сараң
байлардың талайы, енді мырза бола қап, қолдағы артық сауындары мең
бойдақ малдарының көпшілігін көршілес ауылдардағы кедейлерге «майын
мін, сүтін іш» деп таратып беріпті.
Мысалға, 
Смайыл 
болысындағы, 
«Алдай» 
аталатын 
рудағы
Тырнауықтың Рамазаны деген кісіні алайық. Со кезде бес жүздей
жылқысы, мыңға жақын қойы, елу-алпыс түйесі, жүзден астам сиыры бар
бұл бай, ел ішінде сараңдықпен, настықпен атағы шыққан адам. Сонша
малы бола тура, үйіне қорқатын біреуі бармаса дұрыстап қонағасы берген
кісі емес. Көп адамды ол үйіне түсірмейді де, егер түсіре қалса, айран-
шалап сияқты көр-жер тамақпен жөнелтеді, ол өзгелер түгіл өзіне де сараң
кісі: соншалық малы бола тұра, жазы-қысы шайды құрт - ірімшікпен ішіп,
нанды аса қадірлейтін қонақтарына ғана береді; мал басы сонша көп бола
тура, жылына азғантай ғана соғым сойып, етті күнде емес, анда-санда,
жəне табақтап емес, турамшылап қана жейді; оның өзі де, үй іші де жарып
киім киген емес, жолаушылап шыққанда ғана болмаса, көйлек-дамбалды өз
үйінде қой мен ешкінің илеген терісінен киеді; бой жеткен қыздары мен
əйелдеріне де қой мен түйенің жүнінен қолдан тоқыған шекпенді кидіріп,
арзан мата болмаса базардан киімдік кездеме алмайды; өзге жұрттың
қыздары киетін жібек пен барқытты оның қыздары үстіне де ілген емес;
үйіне барған қонақтарға төселетін, не жамылатын көрпе - жастықтары өте
аз, қонақтардың көпшілігі жалақ кигіздің үстіне ұйықтайды; сонша
сараңдықтың үстіне, оның үй іші шектен шыққан салақ, еш нəрсені
талғамайтын біреу болмаса, немесе аш жүрген біреу келмесе, ол үйдің аяқ-
табағына құйылған асты ішу қиын, өйткені «ырысым кетеді» деп
ыдыстарын жуғызбайды да, іші-сырты баттасқан кір боп тұрады; «көп
піссе құты қашады» деп ол қымызды ашытқан ыдыстарын жөнді
пістірмейді де, пісілмеген қымыз, біріншіден — удай ашшы боп ішкізбейді,
екіншіден — ішінде өңезі қалқып, аузыңа алсаң құсқың келеді; сондықтан
да, Тырнауықтың Рамазанының үйіне өзінің ілік-шатысы, жекжаты сияқты
біреулер болмаса, былайғы жұрт жөнді бармайды.
Міне, осы Рамазан да продразверстка көзінде «мырза» бола қап,
көршілес ауылдың кедейлеріне кеп малын үлестіріп беріпті!..
Байлардың разверсткадан мал жасыруының бұл ұсақ түрі болса, сол
сапарда біз ірірек түрінде де кездестік. Қазіргі Преснов, Октябрь, Урицк,
Ұзынкөл, Пресногорьков аудандарының аралығында, бұрын əлденеше
болыс елге жайлау болған, қазір совхоздар мекендейтін кең дала жатады.
Жалпы радиусының шамасы жүз шақырымдай. Ормансыз бұл кең, даланың
əр жерінде Жалтыр жəне қопалы көлдер кездеседі. Олардың ішінде:
«Үлкен шошқалы», Кіші шошқалы», «Алыпқаш» сияқты кең қопаларды
жағалай шапса, мыңдаған маялар үйіледі, Үлкен шошқалының бойына
революциядан он шақты жыл бұрын əскерге ат дайындайтын жылқы
заводы орнап, жүздеген арғымақтарды өсірді...


Жəрдемшілер Комитетінің кейбір мүшелері бізге қазақтың бірнеше
байлары продразверсткадан жасырған малын Шошқалы бойына айдатып,
сол араға қоралар салдырып, шөп шаптырып қыстатқалы жатқанын
хабарлады. Астыртын тексерсек, хабар рас екен. Бірақ, ол малдардың
үстінен қапыда түсу керек, əйтпесе, байлар жан-жаққа айдап əкетеді. Біз
соны істедік те, төрт-бес жүздей ірі қараны қазынаға түсірдік... Артынан
естісек, мал иелері қапыда ұрылмағанда, қарулы қарсылық жасамақ екен.
Бұл қарсылығын олар кейінірек жасады, оған алда ораламыз...
Хажығали Қосаевтың айтуынша, осы сияқты бір қулық, орыс арасында
да табылады. Біздің елдің жерінде «Оба» дегендер көп болады.
Археологтардың айтуынша, обалардың бір жүйесі жаугершілік заманда
қарауыл қарау үшін жасалған биіктер, енді бір жүйесі жаугершілікте өлген
адамдардың тобы көмілген молалар. Пресногорьков станицаның күнгей
жағында жиырма бес шақырымдай жерде «Сары оба» аталатын зор оба
тұрады. Жəрдемшілер Комитетіне мүше адамдардың хабарлауынша, осы
обадағы қасқырлар мен түлкілердің айнала қазған апандарында, маңайдағы
станциялар мен поселкелердегі кулактар астықтарын тығады. Хажығали
ішінде жүрген отряд бұл астықтарды да алып қазынаға береді.
Жасырылған азық-түліктерінің, табылуы осындай қиындыққа түссе,
жасырылмаған азық-түліктерді алу одан да қиын болды. Бай-кулактар
қолдан бермеген астықты, не малды тартып алуға тура келгенде,
жанжалдар да, төбелестер де аз кездескен жоқ. Бай-кулактар кей жерде
төбелеске біртіндеп емес, топтасып та шығысты, кей жерде олар дендеп
кетіп, отряд адамдары таяқ жеп те қалды, бірер жерлерде отряд
адамдарының, ячейка мүшелерінің, немесе, Жəрдемшілер Комитетінін,
мүшелерін бай-кулактардың өлтіріп тастауы да кездесті.
Жағдай сонша қиын болғанмен, уəделі күнде аудандағы продразверстка
түгел орындалды да, Ленин атына жоғарыда аталған рапорт жазылды.
Продразверстка жұмысы, əрине, онымен тоқтаған жоқ. Продотрядтар
қызметін қызу жүргізіп жатты. Бірақ, мен Райпродкомның 1920 жылдың
планы қалай орындалуы туралы Уком мен Упродкомға жазған баяндамасын
алып Қызылжарға жүріп кеттім.
Жолда мен баяғыда өзім балаларын оқытқан Балықбай аулына соқсам,
Нұртазаның Мырзағазысы, қайыны — Тайжанның үйіне келіп жатыр екен.
Ол күні мəжілістесіп бірге қонған Мырзағазы, ертеңіне ыңғайсыздау бір
сөздің исін қоңырсытты.
— Туған аулыңа барып, аунап-қунап кетпейсің бе? — деді ол маған,
менің Қызылжарға тура кетіп бара жатқанымды естігеннен кейін.
— Жоқ, соға алмаспын,— дедім мен,— жұмысым асығыс, төз арада
Қызылжарға жету керек.


— «Кісінің жұмысы өлмей бітпейді» дейтін үлкендер,— деді
Мырзағазы,— асығыс болсаң да соға кет ауылға, дəм татып кет!..
— Рахмет. Оны жұмыс жағдайы көтермейді.
— Өткен күз біздің шалмен ренжісіп кетіп ең, əлде көңіліңде сол тат боп
жүр ме?
— Жоқ, ағай, оның несі тат болсын, кəрі кісінің сөзін əлі күнге дейін кек
көріп жүр дейсің бе мені?
— Жек көрмесең жарадың, оның жігітшілік. «Енесі тепкен құлынның еті
ауырмас» депті. «Жақсы» де, «жаман» де, «бай» де, кім десең де, бəрібір
сен одан қол үзіп кете алмайсың, «неге?» десең, ол сенін, өз туысың, өз
қанын,. Кəрі кісі бірде жетіп айтады: бірде жетпей айтады. Ағаңа өкпелісін,
бе деп қайпақтаңқырап отыр ем, енді етегіңнен жармассам да жібермеймін,
ауылға алып қайтам. Кашева шанаға семіз айғыр жегіп келдім... ерте
шықсақ кеш болмай барып қаламыз. Біраз күн қонақтайсың, ар жағында
рұқсат.
Ол «əкетем» деп, мен «бармаймын» деп екеуміз біраз қайымдасқаннан
кейін:
— Шырағым, Сəбит,— деді Мырзағазы,— сен менің екі туып бір
қалғанымсың. Бір шаңырақтан қалған жалғызсың. Əрі бала күнімізден біте
қайнап, бірге өстік. Бертін ержетіп, мына өкіметтің тұсында ат жалын
тартып мінгеннен кейін, сен менің əкемнің бетіне екі рет қарсы шықтың.
Кейінгі жолы туысқан адамдар істемейтін сұмдықты көрсетіп, бірер сағатқа
болса да милицияға қаматып та қойдың. Сонда мен сендердің
жұмыстарыңа араластым ба? «Оу, жақсы-жаман болсын менің əкем еді ғой,
оны сыйламасаң мені сыйласаң нетті?» деп, əкемді қаматқаныңды кек
сақтадым ба?
— Жоқ, сақтаған жоқсың.
— Сонда, туған əкеге менің жаным ашымайды деп білесің бе? Əрине,
ашиды. Əкесін жек көрген кім бар? Расымды айтайын, сенің сондағы
қылықтарыңды əкемнен кем ауырлаған жоқпын. Сөйте тұра, сенің,
бетіңнен неге алмадым мен?
— Қайдам,— дедім мен маған сұраулы кескінмен қараған Мырзағазыға.
— Алмаған себебім,— деді сөзуар Мырзағазы, — əр сөзін шегелей,
нықтай айтып,— «ілгері басқан жасты, кейін кеткен кəрі тоқтатады» депті.
О кісі кəрі, сен жассың. Сондықтан, онікі дұрыс та болса қисық, ал сенікі
— қисық болса да дұрыс, өйткені, жастығыңның үстіне, заман сенікі боп
тұр ғой. Байдың дəурені жүріп тұрған кезде, «аузы қисық болса да байдың
ұлы сөйлесін» деген мақалды айтса, енді мына заманда осы мақалды


кедейге қолдануға керек. Рас па осы?
— Рас.
— Сонымен,— деді Мырзағазы,— мен сенін, есіп келе жатқан бағыңа
көлденен, тұрайын демеймін, бағың өсе берсін, сонымен қатар, мен сенің
ең алдымен тіршілігіңе тілектес кісімін.
— Рахмет.
— Қайталап айтам,— деді Мырзағазы,—- сен менімен бірге ауылға қайт.
— Е, неге? — дедім мен, оның осынша жабысқан мəніне түсінбей.
— Туысқандық ақық, айтпайтын сөзімді айтқызайын деп тұр...— деді
Мырзағазы, құбылыңқыраған кескінмен...
— Не сөз ол?
—« Заман болса ауырлады ғой, шырағым, мынау қызылдың өкіметі орыс
- қазақтың байларына тырнағын қатты батырып жіберді ғой. Осыған олар
шыдап отыра береді деп ойлайсың ба?
— Шыдамағанда не істейді? Мырзағазы кідіріп аз тұрды да:
— Мен ештеңесін біліп отырған жоқпын. Бірақ, жалпы қалпына
қарағанда, осы бай кулак дегендердің шыдайтын да түрі жоқ сияқты.
Жаман айтпай жақсы жоқ, ертең бүліншілік туа қалса, қосақ арасында боп
кетіп жүрме!..
— Бай кулактың қарсылығы дегеннің не екенін көрдік, Мырзағазы ағай,
— дедім мен, оның сөзіне мəн бермей,— ондай қарсылықпен қайда ұзап
бара алады олар?
— Егер, үлкендеу жанжал шықса ше?
— Қандай жанжал?
— Шырағым - ай,— деді Мырзағазы кейіп,—- енді не дейін саған!..
Барымды айтып болдым. Туысқандық қарызымды өтегендігім бұл. Түбінде,
əлдеқалай жаманат туып кетсе, маған обалыңды артпа!
-— Əрине,— дедім мен.
Сол күні Мырзағазымен қоштастым да, Қызылжарға беттеп жүріп
кеттім. Былай шыға ойлансам, Мырзағазы сөздерінің астарында ауыр зіл
бар сияқты. «Əлде бай-кулактар көтеріліс жасауға жинала ма екен?..
Мырзағазы соны сөзді ме екен?..» деген қауіп кіреді менің ойыма.


Жолшыбайғы жүріс, бұл ойды қалыңдата түсті. Өткен жазда ғана
«қойын сойып, қолын қусырып» дегендей «құрметпен» қарсы алатын
байлардың көпшілігі енді теріс қарап амандаспайды, біреулері тығылып
қап көрінбейді, енді біреулері келе жатқаныңды естісе қашып кетеді. Реті
кеп қона қалсаң, елеулі тамақ бермейді. Ал, орыс селолары мен
станицаларында, тамақ тауып ішу — қиямет. Кедейде өзінен артылар тамақ
жоқ, көбі аш отыр, ал, байлар өліп бара жатырмын десең су татырар емес.
«Тамақ сат» десең, «бар тамақты өзін, жинап алған жоқпысың, аштан
өлгелі отырмыз, бізге өзің бер!» деп кекетеді. Олар үсіп өлгелі тұрсаң
үйлеріне де қондырмайды...
Ең қиын мəселе — ылау. Ауылдарда да, селоларда да нарядщик
аталатын, 
өкімет 
қызметінде 
жүрген 
адамдарға 
ылау 
даярлауға
тағайындалған адамдар бар, тəртіп бойынша, олар күн сайын байдан
байша, кедейден кедейше ат байлатып, шана -сайманымен даярлап тұру
керек.
Бірақ, іс жүзінде, не селода, не ауылда, байлаулы тұрған ат та, даяр шана
- сайман да болмайды. Бары,— нарядщиктің қолындағы, кезекпен ылау
тартатындардың тізімі.
Ен, алдымен нарядщиктің өзін табу қиын. Ол, əдетте үйінде болмай,
əлдене жұмыстарға кеткен адам боп шығады да, іздегенде əрең табылады,
кейде, табылмай ерте келген ауыл, селода амалсыз қонып қаласың. Əдетте,
ауылдағы нарядщиктің көпшілігі байлардың құйыршықтары болады.
Нарядщиктер ылаудың кезегін де дұрыс жасай бермейді.— Тəртіпте —
бай — байша, кедей — кедейше көлік санына қарай тартуға тиісті
болғанмен, байдың да тартатыны бір ылау, кедейдің де тартатыны бір ылау.
Қазақ байының айтары:
— «Жылқымыз даладағы тебінде, қолға жалғыз-ақ ат ұстап қалдық. Бір
атқа бір-ақ кезек. (Əдетте, ол аттың өзін де ылау мінетін кісі келсе тығып
тастайды).
Орыс байының айтары:
— Көлігіміздің бəрін Продотрядтар егін соғу, егін тасу жұмысына алды,
ылау керек болса, солардан барып ал. (Олар да қолда бар көлігін жасырып
ұстайды).
Кедейлердің айтары:
Жалғыз көлігіміз бар, өзі арық. Оны кезегі келгенде береміз. Ал, біздің
кезек, түтін есебімен емес, ат есебімен келуге керек: он аты бар,— он рет,
бір аты бар, — бір рет. Басқаша тəртіпке біз көне алмаймыз.


Бұл ауылда, не селода, кімде қанша көлік барын кім көрінген алақаныңа
қондырып береді.
Берілген ылау, əдетте арық болады. Мезгіл — қыс. Қар қалың. Ауыл,
селолардың арасында жүргінші аздықтан, жол нашар, көп жерде жоқ.
Сондықтан, мінген көлігіңнің аты ылау болмаса, сен түгіл, жегілген
шананы да зорға сүйреп, көбінесе ылаушы екеуін, оппа қарға малтығып
жаяу жүресің. Қиналған жүрістен бұрқыраған буың аспанға көтеріледі.
Жұрттың айтуынша, сол жылғы қыс өте суық. Бірақ, жастық па, əлде
дағдылану ма — аяғымда жіліншігімді шұлғауымен ораған солдаттық
бəтеңке, бұтымда солдаттың тар мата шалбары, үстімде етегі жырық шолақ
ақ тон, басымда сукнодан тігілген төбесі шошақ шлем болғанмен,
уақыттың көбін далада оздырып, далада қонғанмен, осы жұқа киім,мен
тоңып көрген емен. Қайта, ол, жүріске ықшам, оңтайлы...
Бірақ, мен ғана емеспін, мұндай жеңіл киіммен жүрген. Продотряд
адамдарының көпшілігі осындай киімде. Мысалы,— Мұхамметжан
Айтпенов. Омбыда, интеллигенттік семьяда, орыс гимназиясында оқып
өскен, арық ұзын бойлы, қоңыр кескінді бұл жас жігітті мен Орымбай,
Майкөт аталатын екі ауылдың арасында, жол үстінде жолықтырдым. Оны
Мешітпайдың Балапаны дейтін бай адам ылаулап алып келе жатыр екен.
Қарсы алдымыздан ұшырасқан олардың аты екпіндей желіп келе жатты,
біздің атыңыз, — ілбіп əрең келеді. Бізге жақындай, танауынан буы
бұрқыраған семіз атпен олар жолдан бұрылып өте шыққанда:
— Сəбит! — деп дауыстап қалды Мұхамметжан.
— Мұхамметжан! — деп қалдым мен.
Жолдан оппа қарға бұрылған шана аударылып кетті ме, əлде, əдейі
құлады ма — жантая берген шанадан Мұхамметжан аунап түсті де, тоқтай
қалған маған қарай жүгірді, үстінде жұқа шинель басында шлем, аяғында
пима... Екеуміз құшақтаса кеттік...
Мұхамметжанды мен 19-жылдын, күзінде Омбыда көргем. Оның əкесі
— Мұқан Айтпенов, саяси қылмыспен Колчактың абақтысына жабылып
жүретін. Кейін естуімше, Мұқан большевиктерге тілектес қана болмаса,
дəл революциялық істерге араласпаған. Мұхамметжан ол кезде жас.
Совет өкіметі Омбыда 1919 жылдың ноябрь айында орнайды. Сол жылы
он сегізге толған Мұхамметжан комсомол қатарына кіреді де, комсомол
ұйымы оны продразверстка жұмысына, Пресновкадағы продотрядқа
жібереді. Осы қызметінде жүрген онымен, қыс басында жолығысып
қалғам, екеуміз дос боп үлгергеміз. Құшақтасып амандасуымыз сондықтан.
Ол менімен дірілдеген денемен құшақтасты. «Мұнысы несі?!» деп


ойласам, қалшылдап тоңып тұр екен. Тоңбағанда қайтсін: күн үскірік суық,
киімдері жұқа, əрі шүберек, өзі мұндай жайды көрмей, жылы жағдайда
өскен адам...
Ал, қасындағы биік, жуан денелі Балапанның аяғында қазандық қызыл
шұбар пима, сыртында үлкен қасқыр тұлып, басында сары барқытпен
тыстаған түлкі тымақ!..
Мұхамметжанға:
— Мынауың не мұншама суықта, осынша жұқа киініп?! — десем:
— Басқа киімім болмаса не істейін — дейді ол. Өзі жағынан түгі шығып,
тісі тісіне тимей дірілдеп ұшып барады...
Бұрын танитын Балапанға мен қатты сөздер айттым:
— Не деген, төрт аяқты ит едің сен? — дедім қасыма кеп амандасқан
оған,— өзің осынша жылы киінгенде, мына жігітке үйіңнен, тым болмаса
жылылау ескі күпі берсең нетті?..
— Салсынып сұрамаған өзі,-— деп Балапан қалжыңдайын деп келе
жатыр еді.
— Оттама, сен! — дедім мен оған тікіленіп,— шеш үстіңдегі қасқыр
тұлыпты...
Сөзімді əлі де шын көрмегендей, ол шешіне қоймап еді, мен он,
мықынымда байлаулы жүрген наганды кабурынан суырып ап, тура
кеудесіне ұсынып:
— Шешесің бе, жоқ па? — дедім ақырып. Қорқып кеткен Балапан:
— Шешейін, шешейін,...— деп тонын сыпыра берді.
— Қайтесің, соны!—деп Мұхамметжан ұялған болып еді:
— Мұндай ар-ұяты жоқ хайуандарға осылай күш жұмсамасаң
тыңдамайды, — дедім мен.— Шешсін тұлыбын. Үстіне киіп ал.
Шешілген тұлыпты Мұхамметжан киіп алды. Балапан онсыз да үсінер
емес екен: ішінде камзолша түлкі ішік, белін қызыл жібек белбеумен орай -
орай тас қып буып апты...
Балапанға мен жай өшігіп тұрған жоқпын. Естуімше, 19 жылдың
күзінде, ақтар мен қызылдар осы арада сапырылыса соғысып жатқан кезде,
ақтардың қамауында қалған қызылдың екі адамы аулына келсе, Балапан
пана болудың орнына, екеуін де өз қолымен өлтірген.


Мен оған сол қылмысын айтып ем, танған, қорыққан болды, бірақ түсі
тым ызбарлы. Егер қолынан келсе, Мұхамметжан екеумізді осы арада
қылжита салғандай түрі бар... (Бұл мақсатына ол иттің, баласы жетіп, одан
бірер ай кейін болған кулак пен байлардың көтерілісінде, сол маңайда əлі
қызметте жүрген Мұхамметжан Айтпеновті тірідей ат құйрығына сүйретіп
өлтірушілердің, бірі болғай).
Балапанның қасқыр тұлыбын кигеннен кейін, Мұхамметжан лезде
жылынып, ажарланып жүре берді.
— Сен, атыңа бара тұр,— деді ол Балапанға.
Балапан атына жөнеле бергенде:
— Сенің де атшың бара тұрсын,— деді ол маған.
Екі атшы кетіп оңаша қалғанда:
— Пресногорьковтың, разверсткасы орындалғанын газеттен оқыдым,—
деді ол,— ал, біздің Пресновта хал нашар, əлі планның, жартысын да
орындаған жоқпыз.
— Неге?
— Партия жəне комсомол ұйымдары əлсіздеу...
Бұл сөзіне толып жатқан фактыларды айтты.
— Ал, казачествоның кулактары мен қазақтың байлары,— деді ол,— бұл
арада өте жаман пиғылда. Олар прод отрядтың адамдарын əр жерде өлтіріп
те жатыр...
— Өзімізді де анау Мешітбаев сияқты бір бай, бір жерде қапымызды
тауып шоқшита ма деп қорқамыз,— деп Мұхамметжан қалжыңдаған
болды, бірақ зорлықпен бетін күлдіргенмен, көз жанарында зор қауіптің,
дауылы бұрқырап тұр...
Мұндай қауіпті мен жолшыбай талай жерден естідім. Сондағы ойым:
«ондай күн тумағай да!.. Ал, туа қалған күнде, Айтпенев Мұхамметжан
сияқты мемлекеттік қауырт істерді орындап жүргендердің халі нешік
болмақ!..»
Жолшыбай тағы бір аса ренішті хабар естідім. Жол түсіп Пласкеуге
соқсам, Андрей Жароков үйінде екен. Ол Явленкодағы Райпродкомның
комиссарының орынбасары боп, осы маңайдағы селоларда продразверстка
жұмысын басқарады екен. Амандықтан кейін мен одан Жақып
Қыстаубаевты сұрасам:
— Жақында Петропавлдан милиция кеп ұстап əкетіпті,— дейді.


— Не қылмыспен?!
— Байлардың жаласымен деседі...
— Қандай жала?
— «Кісі сабады, əйелді зорлады, нəрсемізді тартып алды...» деген
сияқты арызды Петропавлдағы заң, орындарына байлар Қыстаубаевтың
үстінен жаудырса керек, өкімет оны сол арыздар бойынша ұстаса керек.
— Ойбай-ау, ұстардан бұрын тексеріп алмай ма екен, əуелі?
— Мен де солай ойлаймын,— деді Жарков,— тексермей, томаға тұйық
ұстап əкеткеніңе қайран қалам!
— Өзіңіз қалай деп ойлайсыз?—дедім мен, — Жақыптың атаған
қылмыстарды жасағаны рас па, өтірік пе?
— Өтірік! — деді Жарков.— Жақыпты мен жақсы білем. Ол кристалдай
таза коммунист.
— Осыны өкімет орнына неге айтпайсыз енді?
— Қол тимей жатыр соған. Продразверстка жұмысынан сіңбіруге уақыт
жоқ. Жуырда бір жұмыспен Петропавлға бармақпын, сонда тиісті
орындармен сөйлеспекпін.
— Ал, енді бұл,— дедім мен.— Совет өкіметінің ісі емес, өкіметтің ісіне
алдау жолмен кірген алашордашылдардың ісі. Мен оларды Қызылжарға
бара əшкерелеймін.
— Істеу керек, соны! — деді Жарков,— партияның адал ұлын,
байлардың жаласынан арашалау керек.
Мен əрі қарай жүріп кеттім. Жолда маған Баймағамбет Ізтөлин кездесті.
Ол Есіл бойындағы бірнеше болысты аралап келе жатыр екен. Одан да мен
ауыл, село арасындағы тап тартысының, əсіресе продразверстка маңындағы
тартыстың нелер шиеленіскен түрлерін естідім.
Жолшыбайғы ауыл, селодан ылау алудың қиыншылығын бірдей көре
отырып, біз іңірде, Қызылжардың батыс жағында, он бес шақырым жерде
тұратын Арханскийге келдік. Одан да ылауды қиындықпен алып, түн
ортасы ауа аттандық... Боран түтеп тұр, əрі үскірік аяз...
Бізді қартаңдау орыс шалы алып шықты. Аты мықты сияқты, бірақ
айдаусыз жүрмейтін шабан. Аттанғаннан кейін:
— Кімсіңдер? —деп сұрағанда:


— Мұғалімбіз,— дегеміз шалға.
Шал сақтана сұрау беру арқылы, біздің Советке көзқарасымызды білуге
тырысқан қалпын көрсеткен. Шалды да сынағысы келгендей, Ізтөлин
Советке қарсы сөздерді айтып, шалды біраз емексітіп алған.
Тегі, ол, ақ көңілдеу шал болу керек сондықтан, Баймағамбеттің
қасақана айтқан сөздеріне сеніп қап, өз сырын да көйіте бастады. Ол
Советке барып тұрған қарсы шал екен. Сол сырын біраз ақтарған ол:
— Советті біз бұлай жібермейміз,— деп қалды, бір мезетте,— оны
ауыздықтаймыз!
— Қалай сонда?
— Осының бəрін істейтін коммунистер, сондықтан, ең алдымен,
коммунистердің көзін жою керек!
— Рас айтасыз,— деді Баймағамбет,— міндетті түрде сөйту керек. Бірақ
осыны қалай істейміз...
— Өлтіру керек... и все!...
— Қалай өлтіреміз, сонда?
Сұраудан күдік алып қалды ма əлде қалай өлтіру өзіне де мəлім емес пе,
— шал жауап бермей тұтығып қалды...
Одан əрі əурелегенмен, шалдан ештеңе шыққан жоқ. Біздің қақмақылдап
берген сұрауыңызға шал расында күдіктенді ғой деймін.
— Жетеді, мылжыңдауымыз! — деді де, одан кейін тұмсығын тонының
биік жағасына тығып үндемей қойды.
— Байқаймысың, Баймағамбет!—дедім мен, шалдың үні өшкеннен
кейін, —коммунистерге таянып келе жатқан бір зор қауіп бар-ау, тегі?
— Маған да солай! — деді Баймағамбет...
Одан əрі боран да, ой да қалыңдай түсті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет