Өмір мектебі. 1 кітап



Pdf көрінісі
бет90/107
Дата21.12.2023
өлшемі5,35 Mb.
#142380
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   107
Байланысты:
mir-mektebi-sabit-mukanov 2

ТАП КҮРЕСІ ЕНДІ ҒАЫА
БАСТАЛАДЫ
Бұл сапарға алған командировкада үш айдай боп, уақыты өтіп бара
жатқандықтан Қызылжарға қайтып келем.
Өзіме өзім «осы мерзімде не бітірдім?» деп сұрау беріп көрсем,— бір
есептен, бітіргенім айтуға тұрмастық аз сияқты, енді бір есептен, ұлан-
байтақ көп сияқты.
Аз дейтінім: менің атқаруға міндетті негізгі қызметім,— ауыл арасында
тұтынушылар кооперациясын ашу еді ғой. Ондай «кооперациялар»
ашылуы көп жерде - ақ ашылды, бірақ, қандай «кооперация» ол?
Кооперацияның ашылуында еш жерге, ешкім де қарсы болмайды, оның
ашылуын ауызша жұрттың бəрі де мақұлдайды, оған қажетті басқарманы
да төз сайлап береді жəне сендіріп айтуларынша, басқармаға елді жемейтін
адал кісілерін ұсынады.
Мұның бəрі дұрыс. Бірақ осы сайланған басқарма қызметке кірісу үшін,
қолында мүшелік жарнадан жиналған қаражат болу керек қой. Ондай
қаражат, сайлауына мен қатынасқан басқармалардың біреуінде де жоқ.
«Мүшелікке мені де жаз» деушілер көп болғанмен, «кəне, жарналық
ақшаңды бер» дегенде, қалтасына қол салатын адам бірен-саран ғана
табылады, көпшілігі «кейін, уақыт келгенде берерміз» деп жүріп кетеді.
Не уақыт ол?
Ең алдымен, Николайдың, Керенскийдің, Колчактың ақшалары қазір
қалған. Совет ақшасы, бірен-саран адамда ғана болмаса, көпшіліктің
қолына əлі тиген жоқ, сондықтан, жарнаны ақшадай төлегісі келген адам да
несін береді?..
Екінші — белгісіз əлдекімдер, ел арасына «бұл Совет іргесін
қалағанмен, ұзақ тұра алмайды, кешікпей құлайды» деген сөз таратып
үлгерген, сол өсектің салдарынан, сатура қажетті мал-мүлкін біраз адамдар
іркеді екен.
Үшінші — уақытша өкіметтің жəне Колчактың тұсында, ел атынан
кооперация ашқан боп қаражат жинап ап, жеп кеткен Бəкен мен
Боржабайлар əр елде де болған екен. Сондықтан, «аузы күйген үріп ішеді»
дегендей, сенің үгіт сөзіңді тыңдай отыра, «кооперация мүлкін көзіміз
көріп, қолымыз ұстағанша сене алмаймыз» деген сөзді əркімдер ашық
айтады.
Ал, шын кооперация ашылып, шынымен бұйымдар келетін болса,


көпшілік оны құшақ жая қарсы алғалы отыр, өйткені, бірінші
империалистік 
соғыстың 
өрті 
тұтанудан 
басталған 
бұйымның
тарыншылығы қазір шектен шығып, бұрын қоры мол кейбір үйлер ғана
болмаса, былайғы көпшіліктің үсті-басы да, төсек - орны да, ыдыс-аяғы да
шектен
шыға тозып болған. Киім-кешегі, төсек орны далба-дұлба кейбір үйлерге
кіріп те болмайды.
Кооперация ашылып, бұйымдар келгенмен де, қазіргі халінде, көп
адамның сол бұйымдарды сатып аларлық халі жоқ: соғыстардың əлегінен,
кедей шаруалар шығынға қатты батып, қолдағысынан айрылған, кəсіп пен
түсім болмаған, сондықтан, кедей -батрактардың біразы, егер өкімет
тарапынан жəрдем ұйымдастырылмаса, мына қалпында ашығуға жақын
отыр...
Осындай жағдайлардың салдарынан, көп жерде кооперацияның аты ғана
ашылды да, затында, мүшелікке жазылғандардың ұзақ тізімді қағазынан
басқа ештеңе болған жоқ. Бұл жөнде менің халыққа да, өкіметке де
келтіретін бар пайдам — еңбекші халықтың шаруашылық жəне
материалдық күйін өкімет пен партияның құлағына көрген түрінде жеткізу.
Өкімет пен партия бұған көңіл бөліп шара қолданады деп, халық та, мен де
зор үміттемін.
Саяси сана жағын алғанда, еңбекші көпшілік, Совет өкіметі — өз өкіметі
екенін аңдайды, бірақ, осы өкімет, олардың ауыр халін төз арада қандай
шар.алармен жеңілдететінін білмейді. Саяси сауатым аз мен де, олардың
бұл жайда і^ойған сұрауларына көбіне жауап бере алмаймын.
Кейбір мəселелерге жауап бере алам. Мысалы, Совет өкіметі орнағаннан
кейін ауылда тағайындалған болыстық жəне ауылдық Ревкомдар. Олардың
ілуде біреуі болмаса, басым көпшілігі байлардан, атқамінерлерден
тағайындалған.
— Бұ қалай?—деп сұрау береді кедейлер, олар жайында, барлық жерде
Совет өкіметі, кедейдің өкіметі деседі, ендеше, байлар неге тағайындалады,
жергілікті өкіметтің бастығына?!.
Мен оларға бұл істің арам қолдар арқылы істелгенін, бірақ ол, ұзаққа
бармайтынын білімім жеткен мөлшерде баяндаймын. Ол сөзіме біреулер
құлақ қояды да, енді біреулер:
— Ойбой, ұзаққа созылатын іс қой мынау!.. Бұл орынға отырмағай еді
олар, отырып алған соң, қуып шығу да оңай бола бермейді...— деп уайым
соғады...
Еңбекші халықтың хал-жайларын көре жүре, мұң-мұқтаждары неде
екенін жаза жүре, мен өмірімде бірінші рет, ауыл байларының кім екенін,


олардың советтік дəуірде не деп айла қолдануға кіріскенін кең, түрде ұғып
келем.
Бұл жөнде, құрметті оқушылар, сіздерді біраз факталық материалдармен
таныстыруға рұқсат етіңіздер.
Бекен қызының дауын бітіргеннен кейін, мен Жаманшұбардан
Қанжығалы болысына қарай беттеймін. Ылаушы мені батыс жақ беттегі
Анновка қаласына алып барады. Онда мен, Омбыдағы курста бірге оқыған
серігім — Дəрменалинді кездестірем. Курстағы кезінде ол бір жақ
жамбасынан ақсай басатын еді, кейін сол сырқаты — сүйек туберкулез!
болып шығыпты да, емделер жер табылмай, аяғын балдаққа асып қапты.
Оның Советтік істерге араласа алмай жүрген себебі содан екен. Анновкаға
ол фельдшерге көрінгелі келген екен.
Ой-пікір жағынан ол түгелімен советтік адам боп шықты. Енді ғана анық
байқадым,—саясатқа ол менен əлдеқайда артық хабардар екен, оған сауаты
да жетеді: революциядан бұрын орысша «двухклассное училище» аталатын
алты жылдық мектепті бітіріп, селолық школаға учитель боп шыққан. Қазір
ол советтік бірталай газеттерді алып оқиды екен. Омбыда ол да
большевиктермен байланысыпты.
— Оны маған неге білдірмедің?—«десем:
— Жасырын жұмысты білдіруге бола ма екен?— деп күледі ол.
Сырқатының меңдеу салдарынан, советтік қызметке кіре алмағанын ол
зор арман ғып айтады.
Заман жайын, ауылдағы кедейлер мен байлардың жайын сөйлескенде де,
ол екеуміздің түтініміз тұтаса ұшады. Ауыл байларына, əсіресе, олардың
Совет өкіметі орнағалы қолдана бастаған айла-əдісіне ол да қатты қарсы
екен.
— Мысалы,— дейді ол,— біздің Қанжығалы болысының Ревкомы —
Мақыштың Сүлеймені болды. Мұның аты, қойды қасқырға бақтыру.
Дəрмен маған Мақыштың жəне оның балаларының кім болғанын
баяндап кетеді. Оның айтуынша, Мақыштың əкесі — Төлеке кедей болған,
ауыр дəулет Мақыштың өзіне біткен оның үш қатыннан тоғыз ұлы бар,
солардың бірі — бізге мəлім Есмағамбет. Мақыш революция алдында
өлген, оның орнын, тоғыздың бірі — Сүлеймен басқан.
— Есмағамбет ше? — деймін мен,— ол оқыған да, пысық та жігіт қой.
— Рас,— дейді Дəрмен,— бірақ, оның ойы ауыл арасынан жоғарырақ,
Алашорда өкіметі жасап тұрса, ол тым биікке көтерілетін еді,
бақытсыздығына қарай ол тілегі болмады. Енді тонын айналдырып киіп,


совет қызметіне орналасып еді, онысы əзірге байсалды болмады.
— Неге?
— Қызылжардан ол ауылдағы ревкомдарды тағайындауға шыққан екен,
сол 
қызметін 
аяқтаған 
кезде, 
ояздық 
Ревкомнан 
«қызметіңізден
босандыңыз» деген қатынас қағаз келеді. Өзі «бұл істі қозғап, сырымды
ашушы бар» деп жориды...
Бұл хабарға мен іштей күліп қоям да, Дəрменге сыр бермеймін.
Күлетінім: Есмағамбеттің, кім екендігі туралы, қызметке оның қатардан
алынуы туралы Баймағамбет екеуміз, Қызылжардың ояздық Ревкомы мен
ояздық партия комитетіне ұзақ докладной жазып бергеміз, артынан
кеңескенде, Ревком бізге, Есмағамбетті инструкторлықтан босатқандығын
айтқан. Бұл сырымды ішіме сақтай отыра:
— Есмағамбет енді, бармай ма, Қызылжарға? Неге босанғанын білмей
ме? Қайта тұруды сұранбай ма? — деймін.
— Сұранбайды,— дейді Дəрмен.
— Неге?
— Қорқады. «Сауға сұрап дауға қалармын» деп ойлайды. Бойын
көрсеткісі келмейді.
— Сонда сырғып жүре ме, осылай?
— Ол жуырда Қостанай кетіпті деп естідім.
— Неге?
— Қостанай Ақмола облысына емес, Торғай облысына қарайды ғой.
Оның ендігі ойы, асса,— бүкіл Қанжығалы болысын, қаласа — өз ауылы —
Күрлеуітті Ақмола облысынан шығарып, Торғайға қосу.
— Табатыны не сонда?
— Сырын білмейтін болысқа ауысқысы келеді. Сөйтіп, «балта
көтерілгенше, дөңбек жол табады» дегендей, уақытша болса да тыныш жан
сақтағысы келеді...
Анновкадан əрі мен Мақыш аулына соқтым. Бұның да аулы Əлтидің
аулы сияқты ылғи ағаш үйлерден, ағаш сарайлардан құралған, орыстың бай
хуторына ұқсайды екен.
Мен ол ауылда, Мақыштың тоғыз ұлының бірі — Шəбденмен таныстым.
Ұзын бойлы, көркем кескінді бұл жас жігіт революциядан бұрын
гимназияда оқып жеті класын бітірген екен де, революция болған соң


үйінде «шаруа» боп отырып қалған екен. Мен барған кезде ол жұмыс
киімінде, жалшыларымен бірге шөп үю жұмысында екен.
Ылаумен мені аулынан алып шыққан ол, жолшы бойғы кеңесте маған
өзін еңбекші таптан шыққан адам көрсеткісі кеп, атасы — Төлекенің
кедейлігін, əкесі — Мақыштың байлықты кеп еңбек жəне бейнетпен
тапқанын ұғындырғысы келеді. Енді бір сəтте ол:
— Бай дегенмен, бəрі бір емес қой оның мейрімсіз тас бай бар да, жоқ-
жітікке қарасқыш бай бар. Өзі де жоқшылық көруден ғой деймін, біздің
əкеміз өмір бойы кедейге қарасып өтті. Одан ат мінбеген, ас ішпеген кісі
жоқ,— деп əкесін мақтай жөнеледі. Бұл жөнде екеуміз айтысамыз да,
келісімге келе алмаймыз...
Мені біледі дей ме, əлде менен сыр тартқысы келе ме, Есмағамбетті ол
жамандайды.
— Жасынан қағына туды ол,— дейді Шəбден,— он үш жасында, мінуге
бермедің деп, ол əкесінің бəйгеден келіп жүрген атын пышақпен жарып
өлтірді. Сол қағынғаннан əлі қағынып келеді. Міне, мен жиырма беске
жеткенше əлі үйленген жоқпын, ал, ол отызға жетпей үш қатын алды жəне
əлдене байлардың қалың төлеген жесірлерін алып қашып, əкесін көп
шығынға, дауға ұрындырды. Ол шығаннан шыққан мінезді адам. Дағдылы
адамның қалыбына сыймайды ол, ылғи əдеттен тысқары бірдемелерді істеп
жүреді. Тірі болсаң көрерсің де, естірсің де — талай шатаққа ұшырайды ол.
— Ал, өзін, не істемексің бұдан былай?— деймін.
— Менің момын жігіт екенімді аңғарған боларсың,— дейді Шəбден.
Онысы рас та.—
Халыққа пайдалы бір оқуды бітірем де, қызметке кірем. (Шəбден ол
уəдесін орындап, отызыншы жылдардың басынан, алыстағы аудандардың
бірінде агроном боп жүр деп есітем)...
Шəбденнен айрылған жол, мені бірнеше күннен кейін, Қаратал аталатын
болыстың Ревком председателі Білал Наурызовтың үйіне апарды. Обаған
өзенінің бойында отыратын ол да атақты бай баласы екен.
Жасы сол кезде жиырма бестерден аз-ақ асқан бұл жігіт, бұғақты жəне
қарынды — семіз екен. Əкесі өлген, бір əкеден жалғыз туған, əйелі де сол
кезде өлген — бойдақ жігіт. Шешесі —белгілі Шоқан Уəлихановтың тоқал
шешесінен туған қарындасы боп шықты.
Жеті атасынан шұбар төс, шынжыр балақ боп келген Білал, Шəбдендей
«атам кедей еді» деуге ұялып, менің симпатиямды өзіне аудару үшін,
өзінше «жұқалау - ақ» деген жағымнан келмек болады.


— Сен — Сыйбан, мен — Матақаймын,— дейді ол, айласын
алысырақтан құрмақ боп,— екеуінің атасы— Танаш би. Одан арғы
жағымыз — Керей. Білесің бе, мұны?
— Ептеп хабарым бар.
— Сыйбан — сен, бір кезде бұл маңайдағы Керейге аға болдың ғой.
Кеше Есеней, менің нағашым —Шыңғысты бұл арадан қуып, аға -
сұлтандығын тартып алғанда, бүкіл Керейді билеп тұрды ғой.
— Солай деседі.
— Сонда оның он, тізесін басқан би,— менің атам — Сырым екенін
естіген шығарсың?
— Оны білмедім,— деймін мен.
— Білмесең солай болған. Атаң Есеней, менің атам — Сырымсыз аяғын
жат елге қия баспайды екен, қайда барса да оны қасынан тастамайды екен.
— Оның несін айтып отырсың, маған? — деймін мен.
— Айтып отырғаным: Есенейден ұл болмапты ғой. Жалғыз қызы ғана
бопты ғой. Есеней өлгеннен кейін, сол қызды Торсан алмақ болғанда,
«Керейдің шаңырағын Уаққа бермеймін» деп намысқа бірінші шапқан кісі
— менің əкем Наурыз екен!..
— Сен, оның бəрін қой!—деймін оған.— Өзің Советтің Ревкомына
сайланған екенсің, сол жайда не қызмет атқарып жатқаныңды айт.
— Оны хатшыдан сұра! — дейді Білал.
Хатшысы,-— кейін көп жыл прокуратурада қызмет атқарған, ол кезде екі
класты училищені бітірген, орысша сауатты — Махмуд Таукин.
Қылжақбастау ол, Білалдың көзінше менің сұрауларымды қалжыңға
айналдырады да, оңашада:
— Өзіңде ми бар ма, жоқ па, осындай уызы арылмаған байдың
баласынан советтік қызметтің жайын сұрап? Мықты болсаң мұны төз
түсірт те, орнына кедейдің қамын ойлайтын біреуді сайлаттыр,— дейді.
—« Материалы болмаса, мен «түсір» дегенмен түсіре ме орнынан?—
десем:
— Бұны түсіруге жарайтын материалды қолыңа мен - ақ жасап берейін,
— дейді Махмуд.
Қараталдан мен Пресногорьков болысына келем. Оның Ревком
председателі Есекей Мантиев дейтін бай. Жуан денелі, қара бұжыр


кескінді, дүрдиген қалың ерінді, сирек, қысқа сақалды бұл кісі маған өзін
«қаналушы бай» ғып таныстыруға тырысады.
— Біздің бұл Преснегорьков облысында, Уақтың Бар - жақсы, Шəйгөз,
Қурай, Қытай дейтін төрт руы бар,— дейді ол,— соның бəрін бір кезде
Ермен тұқымы иіріп жусатты, одан кейін Тілеміс тұқымы иіріп жусатты.
Олар билеп тұрған кезде, ел мал малдана алмады, жан жандана алмады,
қатын-қызға ие бола алмадық. Енді, міне, Совет заманы туғанда олардың
үні өшіп, момын байсың деп мені сайлап кетті. Қызметті шамадан
келгенше атқарып жатырмыз.
«Сондағысы не қызмет?» деп байқасам, ел қыдырып ет жеу. Дау-шарды
бітіретіндер — бұрынғы билер мен атқа - мінерлер... Бір мəселеде
Есекейдің мойнына мен аттай мініп алдым: кейін көп жыл советтік
қызметте болған, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан, сол елдің жігіті Қази
Есеналин кеңілі сүйген бір қызды алып, Есекей басқаратын Ревкомға келсе,
«Бұл ұятты кісінің жесірі, өзіне қайтарып бер!» деп ЗАГС - ке тіркемейді.
Қыз да, жігіт те орысша оқыған көзі ашық адамдар. Олар заң айтса,
«заңыңмен мені қырып ал» деп, теріс қарап жауап бермейді.
Бұл іске мен араласып, сөзіме Есекейді көндіре алмаған соң, оның
үстінен ояздық Ревкомға хат жаздым. Осы хатты естігеннен кейін,
оқымаған надан адамның көзі шарасынан шығып, мен сыйлайтын
əлдекімдер арқылы, хатты əрең сұрап алды да, Қали мен Шайзаға ерік қағаз
берді.
Бұл хабарды естіген еріксіз қыздар жан-жақтан қаптап кетті. Оларға ерік
бермейін десе менен қорқады, берейін десе — қалыңмал төлеген
адамдардан қорқады. Сондай халге келген ол, аз күн жатып ілгері
аттағанда, «кетті ме, кəпір!» деп артымнан топырақ шашыпты...
Анастасьев болысында Ревком председателі Қази Байғожин екен. Ол,
осы елдің бізге, белгілі феодалы — Нұрғожаның немере інісі. Атақты
Шағырай тақпақ:
«Сенің əкең Құрымбай
Құрымбайдан туыпсың
Тоғыз ұл бірдей дырымдай,—
деп сипаттайтын Құрымбай балалары шетінен мыңғырған бай
болғандықтан, тоғыз ауылға бөлінеді. Болыстық пен билік бұлардан еш
уақытта үзілмеген. Қазір олар көз бояу үшін, жас жəне аздап оқыған жігіт
—Қазиды Ревкомға председатель сайлатқан.
«Қу Қази аталған бұл жігіт менің ішіме,— бауырыма кіріп, өз адамымыз
боп көрінуге тырысады да, жақсы көрінгісі кеп, аулында жатқан судья —


Ахмет Жанталинды жамандайды.
— Осыны судья ғып жіберіп жүрген кім? — дейді ол маған,— оқығаны
намаз, ішкені арақ, жасағаны сауда... Ешбір істі қарамайды, қылмысты
немесе ақылды істің бəрін ақсақал сотына беріп қояды, өзі байларда
кезекпен қонақтап жүреді.
Жанталинның советтік судья боп келуіне мен де қайран қалам, өйткені,
байлығын, басқа жат қылығын былай қойғанда, ол алашорданың мүшесі
жəне беделді ақсақалының бірі!..
Анастасьевтен мен Пресновка келем. Ондағы Ревком председателі —
бізге белгілі миллионер Əлтидің баласы — Сейтақ Көкенов. Ол енді маған
бұрынғыша сықақтап қарамай, «туысым» боп құшақ жаяды. Сонда айтары:
— Екеуміз жақын туыс екеміз ғой. Жаңа білдім ғой соны!..
— Қалай туыспыз?
— Ауылыңда Есенғали деген немере ағаң бар ма?
— Бар.
— Оның əкесі Шоқаман, оның əкесі Жарылғас па?
— Солай дейді.
— Ендеше, менің əкем — Əлтидің шешесі, сол Жарылғастың туған
қызы.
— Оны баяғыдан бері неге айтпағансыздар?
— Өзім де бертінде білдім деп отырмын ғой.
— Есенғали кедей ғой. Бай боп оған неге қараспағансыңдар?
Сейтақ бұл сұрауға күмілжіп қалады да:
— Оны ынжық туған өзінен көр, ол сұрап кеп, біз бермеген жоқпыз, —
дейді...
Одан əрі жақынсырауына мен жолатпаймын...
Таузар болысының Ревком председателі де, баяғы атақты бай —
Бірімжан Құсайынов екен. Менімен кеңескенде ол, бұрын намыс көретін
бір уақиғаны, енді дəреже көріп сөйлейді.
— Құсайынның əкесі Сəпі екенін білесін, ғой?—деп сұрайды ол менен.
— Естідім.


— Оның жалшылықта жүріп, төбелесте өлгенін естідің бе?
— Бұны айтқанда бұрын ашуланып қалатындарың қайда ?
— Ə, ол, байлардың үстем заманы ғой,— дейді Бірімжан ақ көңіл
жігітімсіп,— ол кезде, өзі кедей адам, атам бай болған деп мақтанушы еді
ғой, енді бүгін, байдың өзі атам кедей демей ме?
— Мақсаты не сонда?
— «Заманына қарай амалы» демей ме? Əр заманның өз амалы бар емес
пе? Бірақ, менің айтып отырғаным «амал» емес. Атам Сəпінің жалшылықта
жүріп, жалшылықта өлгені рас.
— Оған мен сенем,— деймін мен,— бірақ, əкесі жалшы болғанмен,
балалары бай болған жоқ па? Сəпіден туған: Құсайын, Мұсайын, Рамазан,
Исаның, əрқайсысына мыңдаған мал бітіп, ондаған жалшы ұстап отырған
жоқ па?
Бұл айқын фактіге Бірімжан таласа алмайды...
Смайыл болысының Ревком председателі Жүкенов Беке екен. Жеті
атасынан бері ірі бай жəне атақты феодал болған оның жалшылыққа
жанасар ешбір дəлелі жоқ. Сонда да ол советке жұғысуға сылтау тапқысы
кеп:
— Қара бидің тұқымы екеніміз рас,— дейді маған,— өз атамыз
Тоқайдың заманында бүкіл Смайылды билеп тұрғаны рас. Бірақ менің əкем
— Жүкең, əкесінен он үш жасында жетім қалды да, мал — басында билік
болмай, ағайынның тепкісінде өсті.
— Жанық шықсын! — деймін мен, қалжыңдайтын құрбы Бекеге.—
Əкең, — Жүкең жетім қап қорлық көрсе, он сегіз жасында неге Смайыл
болысының биі сайланды?
— Жұрт қалаған соң қайтсін,— дейді Беке.
— Кім ол,—«жұрт?» Кедейлер ме? Байлар емес пе еді, ол уақытта
болысты да, биді де сайлайтын.
— Солайы солай ғой,— дейді Беке күмілжіп,— бірақ, осы елден сұра,
менің əкем тентекке болысты ма екен! Кісі ақысын жеді ме екен? Қара
қылды қақ жарған əділ болды демес пе екен олар?
— Сұраймыз, əрине! — деймін мен.
Еменалы болысының Ревком председателі Шаймолда Қаракөтов деген
байдың баласы екен. Оның əкесі — Бейсембі, ағасы — Нұрғиса бұл елде
əлденеше жыл болыс болған. Шаймолданың өзін болыстыққа Есмағамбет


Мақышов сайлап кеткен. Ол да маған арғы түбін кедейден шыққан адам
ғып көрсетпек болады да:
— Менің əкеме бір ақынның не өлең шығарғанын білемісің?— деп
сұрайды менен.
Бұрын естіген өлеңім болғанмен, өз аузынан естігім кеп, білмеген болам
да:
— Қандай өлең? — деймін мен.
— Байлар заманында айтуға намыстанушы ек, енді, кедейдің заманы
туғанда айтпауға болмайды,— дейді Шаймолда күліп.
— Ал, естиік.
— Қай ақын екені есімде жоқ, баяғыда, менің əкем — Бейсембі болыс
боп, аузынан жалын атып тұрған кезде, бір ақын хан - базардың ішінде
жолығып, мақтап өлең айтады да, ақша сұрайды. Əкем саран, кісі екен.
Ақынды ол ұнатпайды да, «былшылдап мазамды алмай əрі кет!» дейді.
Сонда, қорланған ақын:
Бай болған заманында Ақмырза,
Орман, Бекшебай өз туысынан болған қорған.
Жаңбыршының баласы Жаназар би,
Құтқарған сансыз ерді қазған ордан,
«Жік шықты жер астынан» десең дағы
Қаракөт сенің əкең, қай күнде оңған.
— Неге олай деген? — деймін мен.
— Қаракөт кедей кісі екен. Орыс көпесінің малын бағып өскен. Менің
əкем сол кепеске піркəшік боп жүріп байыған.
— Еменалы болысының ең зор байы болған ғой, сонымен?
— Дəулетті болғаны рас,— дейді Шаймолда күмілжіп.
— Көп заман болыс та болған ғой.
— Үнемі емес. Кейде сайланып, кейде сайланбай жүрген. Оған əлгі
ақынның:
Сайлау сайын соңыңнан жан ермейтін Сен дағы бір ит едің
бырқылдаған,— деген өлеңі куə!..


Жолда Ырсай болысына соқсам, оның Ревком председателі Сүлейменов
Сұраған деген бай екен. Дүниеден хабары бар бұл адам, өзін патша
өкіметіне қарсы адам көрсеткісі кеп, революциядан бұрын бес жыл, алыс
Сібірдегі Колымаға жер ауып барғанын, онда көрген ауыр азаптарын
баяндайды, сол сапарында орыс революционерлерімен таныс болғанын
айтады.
Білетін адамдардан оңашада сұрасам, Сұраған айдалар алдында да
болыс боп жүріп, ұрыларды жасырғандығы үшін, олармен олжалас
болғандығы үшін сотталады.
Қызылжарға таялған Андағұл болысынын, Ревком председателі Нұғман
Қабылов екен. Ол да ірі бай. Менің ата - тегімді қайдан біліп алғанын кім
білсін, сəлемдесе салысымен:
— Сені келеді деп естіп, күтіп отыр ем, — дейді ол.
— Неге?
— Сөйлесе келе айтам өзіңе,— маған жақын туыс боп шығасың.
Жайлана келе сұрасам:
— Өз əкең, Мұқам, оның əкесі — Шүкей, оның əкесі — Бектемір ғой,—
дейді Нұғман,— ал, Бектемір əкесі кім екенін білемісің?
— Байбарақ.
— Менің əкем, Қабылдың шешесі! — Аққыз, сол атаң, Байбарақтың
қызы...
Тегі ол сөз рас та болу керек, Нұғман орнықты дəлелдер айтады.
Ол өзін прогресшіл, көзі ашық бай ғып суреттеп, советтік құрылысты
маған мақтайды. Менің совет қызметіне кіргенімді мақұлдаған ол.
— Қызметте болайын, болмайын, қаны бірге туысымсың, бір үйіңдей
көріп, келіп кетіп жүр, — дейді...
Сонымен, ең соңғы болыстық Ревком председателі — Нұғман
Қабыловтың үйінен, пар атпен тура Қызылжар тартам.
Үш айлық командировканың ішінде, мен қазақтық он болысын аралап
шықтым. Соларда биыл ғана ұйымдасқан советтік ревкомдардық басында,
жоғарыда айтқандай, ылғи байлар председатель болып отыр жəне
қатардағы байлар емес, ең ірі байлар. Олар екі жүйелі екен: Бір жүйесі
аталықты байлар, енді бір жүйесі,— не əкесі, не өзі жалшылықта жүріп
бертінде байығандар. Соңғы жүйелі байлар, бастапқы жүйесінен əлдеқайда
байырақ, оларда, əсіресе ақша кеп... Жəне бір көңіл аударатын жағы: патша


заманында болыс, көбінесе, сақалы сапсиған мосқал жəне əдетте, оқымаған
надан адамнан сайланатын сияқты еді; қазіргі Ревком председательдерінің
ішінде Сұраған мең Нұғманнан басқалары жиырма бес отыздың
арасындағы жастар жəне қазақша, орысша сауатты адамдар...
Менің байқауымша, бұл адамдар саясаттан да хабардар сияқты. Совет
өкіметінің байларға қолданатын саясатын түсінетін сияқты, сөйте
тұра,Совет өкіметінің қызметіне неге құмартады олар?
Бұл сұраудың жауабын мен Владимир Иосифович Гозактан таптым.
Қызылжарға барып қонған күннің ертеңінде мен Ояздық Ревкомға бардым
да, үш айдың ішінде ауыл арасында көрген - білгенімді, тілім жеткенше
айтып бердім. Сабырмен ұзақ жəне түгел тыңдаған Гозак, шалағай
орысшаммен түсіндіруіме қанағаттанбаған болу керек, мені əбден тыңдап
алғаннан кейін:
— Осы айтқандарыңның бəрін, өзін, жақсы білетін қазақ тілінде толық
қып жазып берсең қайтеді?— деді.
— Оны қайтесіз?—деп ем:
— Орысша жақсы білетін біреуге аудартам да, машинкаға бастырып,
Укомның прөзидиум мүшелеріне оқуға берем,— деді.
Қазақ тілінде ол кезде машинка жоқ. Мен елде көрген - білгенімді араб
əрпімен қырық-елу бетке жаздым да, Гозакқа апарып бердім.
— Орысшаға аударылған соң хабарлаймын,— деді Гозак ,— өзін, оқып
шығасың, ішінде қате кетіп жүрмесін.
— Бірақ, мен, орыс сөзінің бəріне түсінсем!..
— Сенімді тағы бір қазақтарға оқытып алам...
Менің баяндамам орысша аударылып болғанда, командировкадан
Баймағамбет те келіп қалды. Ол аралаған елдің де саяси жəне шаруашылық
халі мен аралаған елдікіндей болып шықты...
Менің баяндамамның қазақшасын да, орысшасын да Баймағамбет
екеуміз бірге оқып шықтық.
— Дəлме-дəл аударылған,— деді орысшаны жақсы білетін Баймағамбет,
— ешбір қатесі жоқ.
— Менің жазарым да осы,— деді ол.— Ауылдың кісінің аты басқа
болмаса, фактылары бір.
Бұл жайда Гозакпен Баймағамбет екеуміз бірге барып кеңестік.


— Өте бай материал,— деді баяндаманы күн бұрын оқып шыққан Гозак,
— Ауылдың қазіргі хал-жайын ұғу үшін партияға да, өкіметке де аса
қажетті материал...
Байлар жайын кеңескенде:
— Осылай болуы табиғи іс,— деді Гозак,— күрессіз ешбір тірі мақлұқ
жанын бермейді. Байлар да шамасы жеткенше күресіп бағады. Жəне олар
үмітсіздікпен емес, зор үмітпен күреседі. Олар бізді құлатуға, өз
өкіметтерін орнатуға тырысады... Бірақ, ол тілегіне байлар жете алмайды,
өйткені, біз—большевиктер еңбекші көпшілікке сүйенеміз, байлар
азшылық...
— Ол рас қой,—і деді Баймағамбет,— бірақ ауылдық жерде еңбекші
көпшіліктің сана - сезімі əлі оянған жоқ, оларды ояту үшін, көп істер керек
сияқты...
— Əрине,— деді Гозак.— Көп күресті тілейді бұл іс. Октябрь
революциясы, қазақ байларына тиген жоқ. Олар əлі қаз қалпында отыр.
Оларды біз енді ғана қолға аламыз. Бірақ, біз оларды бір күннің ішінде
жоймаймыз. Бұл бір күннің ісі емес, көп күннің, көп жылдың ісі. Бұл іске
қазақ еңбекшілерінің жəрдемі керек, солардың сана-сезімін ашып, таптық
күреске түсіру керек, қазақ байларын солардың күшімен жою керек...
Бұл мəселеде біз — коммунистер, еңбекші халыққа жетекші болуымыз
керек. Рас па осы? — деп сұрады Гозак бізден.
— Рас!—дедік біз.
— Ия,— деді Гозак, демін соза алып,— ауылда шын мағынасындағы тап
күресі енді ғана басталады...




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет