Хабаршы. Тарих сериясы. №1 (92). 2019
156
Өмірлік ұстанымы – ұрпақ тәрбиесі
Қазақ тілін оқытудағы әдістемесі
Тәуелсіздік жылдары қазақ тілі мемлекеттік
тіл ретінде мәртебесін өзгерткен тұста Бәшен
Баймұратқызы орыс тілінде жұмыс жасай-
тын балабақшада қазақ тілін оқытуға баса
көңіл бөлді. Осыған орай арнайы әдістеме лік
құрал дайындалып, ол балабақша тәрбиеші-
леріне, педагогикалық институттар мен пед-
учи лищелердің мектепке дейінгі балалар
мекемелерінде тәрбиешілер дайындайтын бөлім
қызметкерлеріне арналды. Орыс мектебінің 1-сы-
ныбына арналған «Суретті қазақ тілі» оқулығына
әдістемелік құралдың (АқОМА. – 540-қ. – 1-т.
108) тәрбиешілер мен мұғалімдер үшін маңызы
зор болды. Құралда оқулықпен жұмыс жүргізу
мәселелері қамтылып, әр сабақтың үлгі жоспары
берілді, себебі бірінші сыныпта қазақ тілі пәні
аптасына 1 сағаттан оқытылып, оқу жылы ішінде
32 сабақ өткізілетін. Әр сабақтың ұзақтығы – 35
минут. Әдістемелік нұсқау 1-сыныпта қазақ тілі
пәні бойынша оқушыларды қойылған сұрақты
көңіл қойып тыңдап, түсіне білуге, дұрыс жа-
уап беруге үйрету, сөздің дыбыстық құрамын
аңғарып, қазақ тіліне тән ерекше дыбыстарды
дұрыс айта білуге машықтандыру мақсатын
қойды. Мысалы, «Өлеңді түсініп оқыңдар»
екінші тапсырмада Ә. Табылдиевтің «Алғашқы
қоңырау» деген өлеңіндегі
«Құс шарлап аспанды,
Күз айы басталды.
Бірінші қоңырау
Оқуды бастады» жолдарда неше сөйлем
бар?, өлеңнің соңғы сөйлемінде неше сөз бар?
деген сұрақтар қйылды (АқОМА. – 540-қ. –
1-т. – 99). Мына сөйлемді оқыңдар. Үшінші
«Мына сөйлемді оқыңдар. Әр сөйлемнен соң
нүкте қойып, көшіріп жазыңдар тапсырма-
да «Біздің бағымыз үлкен. Онда алма, алмұрт,
өрік өседі. Мен жеміс ағаштарына су құямын»
деп жазылған және «Бақта өсетін тағы қандай
жемістерді білесіңдер» (АқОМА. 540-қ. – 1-т.
– 148) деген сұрақ қойылған. Сабақ үстінде
міндетті түрде дене сергіту жаттығуларының
жасалауына, материалды тақырыптық принцип
бойынша оқытуға мән берілді. Оқушылардың ау-
ызша сөйлесу дағдысын, сөздік қорын дамытуға
арналған алғашқы тақырыптар балаларға
бұрыннан таныс (күнделікті өмірде, мектеп-
те) мазмұндағы сөздерден бастап беріліп, олар
біртіндеп күрделендірілді.
1990 жылдары Бәшен Баймұратқызы біршама
ұлғайған жасына қарамастан ғылым мен білім
беруден қол үзбеді. «Қазақ тілі дидактикалық
материалдар», «Орыс тілінде жұмыс жасайтын
балабақшада да қазақ тілін оқыту методикасы»,
«Орыс балабақшаларында қазақ тілін тереңдетіп
үйрету бағдарламасы», «Қазақ тілі», «Ана тілі
хрестоматиясы» және т.б. оқу, оқу-әдістемелік
құралдарын, бағдарламаларды жариялады.
Сонау 1970 жылдардан бастап үнемі «Бастау-
ыш мектеп», «Отбасы және балабақша» журнал-
дарында жарияланымдар (АқОМА. 540-қ. – 1-т.
– 48) жасап тұрды. «Балдырған» журналының
алқа мүшесі болды. Ұстаздың ұрпақ тәрбиесіне
арнаған ерен еңбегі елеусіз қалмады, Бәшен
Баймұратқызы Қазақстан Республикасы Еңбек
сіңірген мұғалімі атағы, «Білім беру ісінің
үздігі», Ы. Алтынсарин атындағы медальдерінің
иегері атанды.
Достарыңызбен бөлісу: