Өмірлік ұстанымы – Ұрпақ ТӘрбиесі (Бәшен Баймұратқызының жеке қор құжаттары бойынша)



Pdf көрінісі
бет5/11
Дата06.01.2023
өлшемі1,91 Mb.
#60546
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
3-сурет – Содан оңға қарай бесінші Б. Баймұратқызы. 1967 жыл
(АқОМА. – 540-қ. – 1-т. – 157-іс.) 
Осыдан кейін ғылымға жасаған қадамдары 
қарыштай берді. 1971 жылы «Баланы мектепке 
дайындау жөнінде» деген шағын кітабы «Мек-
теп» баспасынан жарық көрді (АқОМА. – 540-қ. 
– 1-т. – 89). 
Қазіргідей емес ол кездерде кітап ба-
сып шығару қиынның қиыны болатын. Оның 
үстіне «Мектеп» сияқты баспалар анау-мынау 
еңбектерді қабылдай бермейтін. Кітаптың жа-
риялануы Бәшенге болашаққа бағыт берген-
дей болды. Қазақ тілді балалар бақшасының 
жұмысын жандандырып, тәрбие және мектепке 
даярлау әдістемесін жетілдіруді көздеген Бәшен 
оны өзінің зерттеу бағытына айналдырды. Осы 


ISSN 1563-0269 Journal of history. №1 (92). 2019
еISSN 2617-8893
151
Мұхатова О. Х.
саланың тұңғыш ұстаз-зерттеушісі ретінде 
игі бастамалар жасады. 1978 жылы «Балалар 
әдебиетінің хрестоматиясы» атты кітапшасы 
(АқОМА. – 540-қ. – 1-т. – 90) жарық көрді. 
Еңбек балалар бақшаларының тәбиешілері 
мен ата-аналарға арналды. Кітапша «Бала-
лар бақшасындағы тәрбие программасына» 
сәйкес дайындалды. Оған халық ауыз әдебиеті 
нұсқалары, классик жазушылардың туынды-
лары, қазақ кеңес жазушыларының таңдаулы 
шығармалары енді. Мәселен, автор кітапқа 
«Сылтаушыл» деген әңгімені енгізген. Оның 
мазмұны тәлімді, балаларды еңбекқорлыққа
ата-анасын сыйлауға үйретеді. Шағын әңгімемен 
таныса отырып, осыған көз жеткізуге болады. 
«Ертеде бір қойшы үйіне мызғып алуға келіпті 
де, қойды қарай тұруға баласын жұмсапты. Күн 
суық болса керек, баласы – Тоңамын – деп сыл-
тауратыпты. Анасы баласының аяғына жылы 
байпақ, үстіне тон, тері шалбар, жылы қолғап
басына үлкен тымақ кигізіпті де: – Ал, балам, 
енді тоңбайсың, бара ғой, – депті. Сонда баласы 
ұялмастан: – Енді көзім тоңады, – деп жылапты 
(АқОМА. – 540-қ. – 1-т. – 40:31). «Ұры торғай» 
деген әңгімені енгізу арқылы ұстаз балаларды 
шыншыл, адал қасиеттерге тәрбиелеуге үйретті. 
«Еңбекққор қара ала торғайлардың арасында бір 
ұры торғай байқалды. Ол бөтен ұяға кіріп, бала-
пандарына енелері алып келген шегірткелерді 
ұрлап жеп жүрді. Жемді топтап тасуға да оның 
дәті жетпеді. Ұрлаған шегірткелерін ол бір-
бірлеп тасыды. Ұры торғайдың бұл қылығы 
көпке созылмады. Ұрлығының үстінен түскен 
ұяның иесі әбден сазайын берді. Ұрлықшы қатты 
жазаланды. Осы жанжалдан кейін әлгі торғай 
балапандарына жемді даладан өзі ұстап әкелетін 
болды» (АқОМА. – 540-қ. – 1-т. – 40:41) – деген 
мазмұндағы әңгіме балалардың естуіне жеңіл
әрі жадында жақсы сақталады, ұрлық жасаудың 
зардапты болатынын ескертеді.
1961-1974 жылдар аралығында Б. Баймұрато-
ваның бірқатар еңбектері жарияланды. Қорда 
сақтаулы еңбектерінің тізімі бойынша олардың 
саны – 10: «Пути и методы развития речи», «Раз-
витие речи детей дошкольного возраста», «О вы-
пуске детей детского сада в школу», «Развитие 
речи детей старшего дошкольного возраста», 
«Методические указания к проведению празд-
ников в детском саду», «Біздің кітап», «О подго-
товке детей к школе (в семье)», «В помощь вос-
питателям детских садов», «Методика обучения 
казахскому языку детей дошкольного возрас-
та» және 1974 жылы қайта басылып, балаларға 
арналған кітаптардың бүкілодақтық көрмесінде 
екінші дәрежелі дипломды иеленген [АқОМА. 
– 540-қ. – 1-т. – 41:10]. Осындай әдістемелік 
құралдарды дайындауға Бәшен Баймұрат-
қызының 1973 жылы Мәскеуде Педагогикалық 
ғылымдар академиясында (АқОМА. – 540-қ. – 
1-т. – 43) білімін жетілдіруі септігін тигізді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет