ISSN 1563-0269 Journal of history. №1 (92). 2019
еISSN 2617-8893
149
Мұхатова О. Х.
1966-1971 жылдар аралығында институттың
«Мектепке дейінгі және мектеп алды»
бөлімін
басқарды. Ұстаздық қызметін ғылыми зерттеу-
лермен ұштастырудың алғашқы қадамдары жа-
салды. Тырнақалды зерттеуі 1967 жылы жарық
көрді. «Біздің кітап»( АқОМА. 540-қ. – 1-т. – 57)
деген тақырыптағы оқу құралы қазақ тілді бала-
бақшаларына арналды. Осы еңбегі үшін қола
медальмен және екінші дәрежелі дипломмен ма-
рапатталды. Еңбекке авторы белгісіз маман мы-
надай сын пікір жазып, баға берген: «... Автор
еңбекті баспаға дайындауды әр шығарманың бала
жасына лайықты болуын көздеумен қатар, олар-
ды
инабаттылыққа, достыққа, коллектившіл-
дікке, еңбекке, еліне, Отанға сүйіспеншілікке
баулу ісіне баса көңіл бөлген.
Оған мына
шығармалар дәлел бола алады: «Ленин жақсы
көреді» (Т. Молдағалиев), «Біздің Москва»
(Ғ. Қайырбеков), «Туған жердің ыстығы ай»
(Ы. Сапарбаев), «Нан қайдан шығады» (М. Етек-
баев), «Шәркей» (І. Жансүгіров), «Өзің пісірген
ас тәтті» (Қ. Мырзалиев), «Қай мамандық жақсы»
(Ж. Сәтібеков), т.б. Сондай-ақ табиғат тамашала-
ры, жыл мезгілдері (Абай, І. Жансүгіров, С. Сей-
фуллин) туралы шығармалар,
ауыз әдебиеті
нұсқалары таңдалған. Айта кететін бір мәселе
кітап мазмұнын көркем суретпен беруге баса
көңіл бөлінген (АқОМА. – 540-қ. – 1-т. – 58:14).
Кітаптың мазмұны
мен маңызына назар ауда-
рылып, оның авторы 1969 жылы CCCР ағарту
министрінің құрмет грамотасымен (АқОМА. –
540-қ. – 1-т. – 61:2) марапатталды.
2-сурет – Құрмет грамотасы
Айта кетерлік жайт, осы кезеңде қазақ емес
орыс
тілді балабақшалардағы тәрбие, оқыту
мәселелеріне арналған еңбектер жариялана-
тын. «Коммунизмге жылдам жетуде» орыс
тілінің қажеттілігін
насихаттаған идеология
басқа ұлттардың тілінің қолданыс аясын та-
рылта бастаған болатын. Осы орайда Бәшен
Баймұратқызының кітабының жарық көруі сен-
сациямен тең еді.
Достарыңызбен бөлісу: