Хабаршы. Тарих сериясы. №1 (92). 2019
152
Өмірлік ұстанымы – ұрпақ тәрбиесі
Ұстаз әрі әдіскер
Бәшен Баймұратқызы оқу және әдістемелік
құралдармен қатар бірнеше бағдармаларды дай-
ындап, солардың негізінде балабақшалардағы
жұмыстың ұйымдастырылуын және қазақ тілі
мен әдебиеті пәнінің дұрыс оқытылуын қадаға-
лады. Ол бағдармалар
арнайы сараптамалар-
дан өткізіліп, Қазақ ССР халыққа білім беру
министрлігі тарапынан бекітіліп,
жарияланып
отырылды. 1987 жылы Қазақ ССР Оқу министрлігі
және Орталық мұғалімдер білімін жетілдіру
институтының қолдауымен «Орыс тілінде
оқытатын жалпы білім беретін мектептердің
төрт жылдық бастауыш
кластарының бірінші
класына арналған қазақ тілі пәні программа-
сы (6 және 7 жастан оқитын бірінші кластар
үшін)» барлық жалпы білім беретін мектептер-
ге таратылды. 1988 жылы жарық көрген «Орыс
тілінде жүретін мектептердің 1-10 кластарын-
да қазақ тілі мен әдебиетін тереңдетіп оқытуға
арналған бағдарламада»
көрсетілген пәнді
оқытудың өзектілігі, сол арқылы оқушының
қалыптастыратын дағдылары мен машығы,
сағат көлемі,
оқытылатын тақырыптар, қажетті
әдебиеттер ұсынылды (АқОМА. – 540-қ. – 1-т.
– 97: 1-2).
1980 жылдары Бәшен Баймұратқызы
көп ізденді, түйіткілді мәселелерді зерттеді,
бағдар ла малар, оқу құралдарын дайындады.
Ұстаз ғылыми және
әдістемелік зерттеулердің
қолжазбасын өз қолымен жазып, содан кейін
ғана машинаға тергізіп отырды. Қорда сондай
қолжазбалар көптеп жинақталған.
Олардың
бірі оқушы дәптеріне, енді біреулері А4 фор-
матты қағазға жазылды (АқОМА. – 540-қ. – 1-т.
– 40:50). Өзі 161, 203, 204 – балабақшаларда
сабақтар өткізіп, оларға талдау жасап отырды.
161, 163, 204 қазақ балабақшаларының ашылуы-
на септігін тигізді.
Достарыңызбен бөлісу: