Өмірлік ұстанымы – Ұрпақ ТӘрбиесі (Бәшен Баймұратқызының жеке қор құжаттары бойынша)



Pdf көрінісі
бет7/11
Дата06.01.2023
өлшемі1,91 Mb.
#60546
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
6-сурет – Үшінші қатарда солдан оңға қарай бесінші Б. Баймұратқызы. 1969 жыл
(АқОМА. – 540-қ. – 1-т. – 154)
Талдауларын дәптерге жазып, назар ауда-
ратын тұстарын белгілеуді дәстүрге айналдыр-
ды. Зерттеулерінің олқылықтарын толтыру, 
кемшіліктерді түзету, толықтыру, өңдеу тәрізді 
жұмыстарды үнемі жасады. 
Ұстазды өзгелерден ерекшелендіретіні 
әдістемелік құралдарды көптеп дайындауы. 
1980 жылдары оларды екі тілде жазып, қазақ 
және орыс тілді балабақшаларға арнады. Орыс 
тіліндегі «Методика обучения родному языку 
и развитие речи детей дошкольного возраста», 
«Методическое пособие для развития речи», «О 
подготовке детей к школе (в семье)», «В помощь 
воспитателям детских садов», «Методика раз-
вития речи детей дошкольного возраста», «Ме-
тодическое пособие по развитию речи детей под 


ISSN 1563-0269 Journal of history. №1 (92). 2019
еISSN 2617-8893
153
Мұхатова О. Х.
группы (6 лет) детского сада», «Раздаточный 
материал по развитию речи» (АқОМА. – 540-қ. 
– 1-т. – 43) құралдары 1970-1980 жылдары дай-
ындалып, жарияланды.
Кейбір кездерде ғылыми нәтижесін анық 
көру мақсатында қолжазбаларды сол күйінде 
мұғалімдерге ұсынды. Мәселен, «Тіл дамыту 
және байланыстырып сөйлеуге үйрету» атты 
еңбегінің қолжазбасы 1984 жылы дайындалған 
кезде мектеп мұғалімдері сабақтарында пай-
даланды. Еңбекке Ш. Уәлиханов атындағы 
мектептің эксперимент класс мұғалімдері 
С.О. Қи наубекова, Ш.Б. Жасыбекова, Н.Н. Әлі-
бе кова пікір жазды. Пікір білдірушілер былай 
деп жазды: «Бұл жұмыстың машинаға басылған 
қолжазбасын біз семинар кезінде (1984) 
алғанбыз. Қазір осы еңбекті сауат ашу кезінде 
сабақта пайдаландық. Сабақ үстінде тіл дамыту, 
байланысты сөйлеуге үйретуге уақытты жеткізе 
алмайтынбыз. Мына сабақ жоспары әліппеге 
сәйкес берілген. Сондықтан бізге сабақты дұрыс 
жоспарлауға мүмкіндік туды. Тіл дамытуға 
берілген материалдар өте жақсы. Сөзді қолдану, 
сөйлем құрату, сөйлемнен қысқаша текст 
құрау, сол тексті ауызша айтуға, жазуға үйрету 
жұмыстары ұнады. Мысалы, «Менің жазда 
көргенім», «Класта», «Ленин және балалар» – 
тақырыбына берілген сабақтар адам қызығарлық. 
Ондағы қолданылған ойын элементтері мен 
алынған өлеңдер, жұмбақтар оқушыларға үлкен 
әсерін тигізеді. Балаларды өз бетімен жұмыс 
істеуге үйретуге көп жәрдемі тиді. Жазу тілін 
дамытуды біз үнемі жүргізгенмен, көп нәрсені 
өзіміз де білмейміз. Сондықтан оқу жылы бой-
ында балаларды сөйлеуге бұл еңбек өте қажет 
екенін көрдік (АқОМА. – 540-қ. – 1-т. – 58:36).
Шындығында да Бәшен Баймұратқызы 
баланың сабақта алған білімін тиянақтап, есіне 
түсіру үшін сабақтан тыс ойын кезінде «Та-
ныс әріпті тап», «Кім тез сөз құрайды», «Қай 
әріптен басталады», т.б. бүйірлерінде әріптер 
жазылған кубиктерді пайдалана отырып ой-
ындар ойнатуға жіті көңіл бөлді. Бұл істе 
мұғалімнің рөлін «Сауат ашу сабақтарында про-
грамма көлеміндегі білім-дағдыларды меңгерту, 
оқушылардың білімінің саналы, сапалы болуы-
на зер салу, оларды өздігінен жұмыс істеуге, ой 
белсенділігіне, тапқырлыққа баулып, қиялын 
дамыту мұғалімнің басты міндеті» (АқОМА. 
– 540-қ. – 1-т. – 9:16), – деп қадап көрсетті. 
«Сондықтан мұғалім ойыншық, не картинка 
көрсетіп әңгімелескенде қойылатын сұрақ 4-5-
тен аспауы, баланы ойландыратын және шағын, 
тиянақты, түсінікті болуын ескеру керек. Зат 
таныту мақсаты көзделе жүргізілген сабақтарда 
ойыншық, үлестірмелі дидактикалық суреттер 
(қуыршақ ыдыстар, мебель-мүлік, ағаш түрлері, 
гүл, үй және түз құстары, т.б.). Мысалы, «Ор-
нын тауып тауып қой» деген ойын арқылы ба-
лалар әртүрлі ұғымға ие заттарды өз тобына 
қарай жұптайды. Ағаштың суреті қойылған 
жерге ағаш түріне жататын суреттер, мебельдің 
біреуі белгіленген орынға қалған мебель түрі, 
т.б. топтастырып, олардың аты, қажеттілігі, түр-
түсі, т.б. туралы жауар береді. Кейінірек осы 
заттар жөнінде текстер (менің ойыншықтарым) 
оқиды», – деп, ұстаз сабақты қызықты әрі білім 
алушы үшін нәтижелі болуына назар аударды 
(АқОМА. – 540-қ. – 1-т. – 9:20).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет