Өмірлік ұстанымы – Ұрпақ ТӘрбиесі (Бәшен Баймұратқызының жеке қор құжаттары бойынша)



Pdf көрінісі
бет4/11
Дата06.01.2023
өлшемі1,91 Mb.
#60546
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
421-1-845-1-10-20190318

Ғылымға аяқ басуы
Дегенмен Бәшен педагогика саласын-
да ғылыми зерттеулер жүргізу үшін арнайы 
дайындықтың қажет екендігіне көз жеткізді, 
жинақтаған тәжірибені тұғырлы теориямен, 
методологиямен негіздеу оңай шаруа емес-ті. 
Сондықтан да ол білімін одан әрі тереңдету 
мақсатында 1971 жылы аспирантураға түсуге 
бел байлады. 1968-1971 жылдар аралығында 
аспирантурада зерттеулер жүргізіп, нәтижесінде 
«Мектепке дейінгі педагогика» мамандығы 
бойынша «Овладение родной речью деть-
ми-казахами младшего дошкольного воз-
раста» тақырыбында кандидаттық диссерта-
ция қорғады. Ғылыми жетекшісі филология 
ғылымдарының докторы, профессор А. Иска-
ков болды (АқОМА. – 540-қ. – 1-т. – 20). Қорда 
тіркелген Абай атындағы Қазақ педагогикалық 
институты қазақ тілі кафедрасының доценті 
А. Әбілқаевтың пікіріне қарағанда «диссертация 
тақырыбы – мектеп жасына дейінгі балалардың 
тілін зерттеуге арналған нақты проблемалы 
мәселе. 
Сәби балалардың тілін ғылыми тұрғыдан 
зерттеу педагогика саласында кенже қалып
әлі күнге дейін қарастырылмаған. Баймұратова 
жолдастың педагогиканың тың жатқан бұл 
мәселелеріне арнайы зерттеу жасап, балалар 
бақшасының жұмысын жандандыруға ғылыми 
үлес қосуы құптарлық нәрсе» (АқОМА. – 540-қ. – 
1-т. – 20). Бұдан көрінетіні Бәшен Баймұратқызы 
өзекті тақырыпты ұтымды таңдап, түйіткілдің 
түйінін ғылыми түрде зерттеу арқылы шешкен. 
Диссертация әдеттегіше, кіріспеден, үш тараудан 
және қорытындыдан тұрды. Кіріспе бөлімінде 
автор ана тілінің қоғамдық мәні мен оның бала-
лар тілінде қалыптасу заңдылықтарына шолу жа-
сады. Жұмыстың бірінші тарауында Қазақстанда 
балалар бақшасының ұйымдастырылу тарихына, 
соған қатысты қаулы-қарарларға, жарық көрген 
еңбектерге, әдістемелік құралдарға және балалар 
бақшасының бағдарламалары мен жұмыстарына 
шолу жасалды. Екінші тарауында отбасында, 


Хабаршы. Тарих сериясы. №1 (92). 2019
150
Өмірлік ұстанымы – ұрпақ тәрбиесі 
бақшада тәрбиеленуші сәбилердің сөз қоры
сөйлеу тілінің ерекшеліктері эксперимент 
жүргізу және материалдарды талдау, қазақ тілінің 
фонетикалық, грамматикалық артықшылықтары 
бала тілінің қалыптасу жолын ғылыми тұрғыдан 
анықтау арқылы дәлелденді. Үшінші тара-
уы бала тілін дамыту әдістемесіне арналды. 
Диссертациялық жұмыс ғылымға қосылған 
үлес түрінде бағаланды. Зерттеу тақырыбы бой-
ынша ең алғашқы ғылыми мақалалары жарық 
көрді. Солардың бірі «Сәбилердің сөздігі мен 
сөз меңгеру тәсілдерінің кейбір мәселелері» 
Қазақ ССР Ағарту министрлігі жанындағы 
Ы.Алтынсарин 
атындағы 
педагогикалық 
ғылыми-зерттеу институтының «Ученые запи-
ски» топтамасының 3-ші шығарылымынан орын 
алды (АқОМА. – 540-қ. – 1-т. – 88:2). «...сөйлем 
жиынтығын түгел меңгеріп жетілмегендіктен, 
буындап дыбыс ауыстыру, дыбыс қалдыру бала 
сөзінде жиі кездесіп тұрады. Егер семья мүшелері 
мұқият назар аударып, сөзді түзеп айтуына 
көмектесіп (зат көрсетіп, сөзбен атап айтып, сөз 
бен затты байланыстыра бір мерзімде қолдану) 
отырса, мұндай кемшілік үш, үш жарым жасқа 
дейін толық түзеліп кетеді. (АқОМА. – 540-қ. – 
1-т., – 88:4). Балабақшада тәрбиешінің білімі мен 
біліктілігінің жетіспеушілігінен бабалардың 
сөздері дұрыс айта алмайтындығын дәлелдей 
келе Бәшен осы мәселеге баса назар аударды. 
«Балабақшада жұмыс істейтін тәрбиешілер 
көпшілік жағдайда тіл дамыту жұмысын 
өз мәнінде, педагогикалық талаптарға сай 
ұйымдастыра білмейді. Программалық матери-
алды ескермейді. Әсіресе зат таныту, бақылау, 
экскурсия, дидактикалық материалдарға назар 
аудармайды. Көбінесе тақпақ жаттатып, әңгіме 
оқуды жоспарлайды. Баламен сөйлесу, бала-
ны сөйлету, көріп, тыңдаған заттары туралы 
айтқызу, ненің не үшін қажет екенін білдіру, 
сол заттың атын сөзбен атай білуге үйрету, 
сөздік жүргізіп отыру сияқты жұмыстарға 
көңіл бөлінбейді. Тәрбиешілер сабақ кезінде 
өздері сөйлеумен жиі әуестенеді» АқОМА. 
– 540-қор. – 1-тізімдеме. – 88:4) – деп, бала 
тәрбиесінде орын алған кемшіліктерді ашып 
көрсетті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет