Хабаршы. Тарих сериясы. №1 (92). 2019
148
Өмірлік ұстанымы – ұрпақ тәрбиесі
атаулары маған таныс. Бәшен апайдың қорын
ақтара бастағанда Ұлан ауданының тумасы
деген сөздерді оқығанда біртүрлі сезімде бол-
дым. Өйткені Өскемен қаласындағы құрылыс-
жол институтында ассистент болып қызмет ет-
кен уақыттарда «Білім» қоғамы бүкіл Шығыс
Қазақстан облысын аралап, дәріс оқығаным
есіме түсті. Сол кезде
Ұлан ауданында да болып
едік. Өскемен қаласынан онша алыс емес жерде
орналасқан аудан халқының көпшілігі қазақтар
екендігін көргенде қуанып қалғанмын. Себебі
1980 жылдары қазақтар қала тұрғындарының
небәрі 12 пайызын құрайтын. Қоғамдық көлікте
бір қазақты көрсем марқайып қалатынмын.
Бәшен 1935 жылы Ұлан ауданындағы
орта мектептің табалдырығын аттап, осында
жеті кластық білім алып, 1942 жылы бітіріп
шықты. Сұрапыл соғыс жылдары тылда өзге
қыз-келіншектермен,
қариялармен
қатар
еңбекке араласты. Аудандағы «Социалистік
майдан» атты газетте теруші, кейінірек жа-
уапты хатшы болып қызмет атқарды. Соғыс
аяқталып, кеңес халқы еңсесін көтеріп, қираған
шаруашылықты қалпына келтіріп жатқан тұста
білімін жетілдірудің қажеттілігін түсінген
Бәшен Алматы қаласына келіп Мәншүк
Мәметова атындағы
қыздар педагогикалық
училищесіне оқуға түсті. Училищені үздік
аяқтап, 1948 жылы Алматы облысы Нарынқол
ауданына мектепке мұғалімдік қызметке
келді. Сол уақыттарда мұғалім мәртебесі биік,
жауапкершілігі мол, білім мен біліктілікті талап
ететін қиын мамандық болатын. Осыны терең
түсінген Бәшен Баймұратқызы шеберлігі мен
ұстанымын нығайту мақсатында жоғары білім
алуды жөн санады. Сөйтіп, 1951 жылы Абай
атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалық
институтының қазақ тілі және әдебиеті
факультетіне оқуға қабылданды. Институтты
тәмамдағаннан соң Алматы облысы Қаскелен
ауданындағы сегіз жылдық мектепте оқу ісінің
меңгерушісі қызметін атқарды. Сонымен
қатар қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ берді,
білімі тереңдеді,
біліктілігі жетілді, шеберлігі
шыңдалды, мұғалім мамандығының қыр-сырын
меңгерді. Осыдан кейін 1957 жылы Ы. Ал-
тынсарин атындағы педагогикалық ғылыми-
зерттеу институтына кіші ғылыми қызметкер
ретінде жұмысқа алынды да оны жеті жылдан
астам уақыт бойы атқарды.
Достарыңызбен бөлісу: