Өмірзақ айтбайұлы


Ғылым ОрДаСыНДаҒы КЕзДЕСУ



Pdf көрінісі
бет13/27
Дата05.02.2017
өлшемі1,46 Mb.
#3428
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   27

Ғылым ОрДаСыНДаҒы КЕзДЕСУ
Аса құрметті, жоғары мәртебелі, Нұрсұлтан Әбішұлы!
Тәуелсіздігіміздің  жасампаз  20  жылдығы  қарсаңында 
ат  басын  Академияға,  өзіңіз  жаңғыртқан  Ғылым  ордасына 
бұрғаныңызды  ғалымдар  әулеті  жақсылыққа  балап  отыр. 
Қазақ ырымшыл халық екенін өзіңіз жақсы білесіз! Сіздің 
жүрген  жүрісіңіз,  келген  келісіңіз  нұрлы  жақсылық 
жолындай  екеніне  халқыңыздың  көзі  әбден  жеткен.  Осы 
айтулы  20  жыл  ішінде  Сіз  туған  халқымызбен  бірге  небір 
ғаламат ауыр күндерді де, күреске толы қиын жолдарды да, 
еселенген  еңбектің  шаттығын  сезінген  ғажайып  сәттерді 
де  бастан  кешіріп  келесіз.  Ауырлыққа  беліңіз  қайысқан 
жоқ,  алапат  қуанышқа  кеудеңіз  ісініп  тасынған  жоқ.  Бәрін 
ақыл сарабынан өткізіп, саналы салмақтылықпен ой түйіп, 
Еліңізді  сәулелі  болашаққа,  баяғы  ертегі  батырларындай 
адастырмай алып келе жатырсыз!
Ғалымдар  Сіздің  бір  басыңыздағы  ауыр  жүктің  салма- 
ғын  жай  ғана  емес,  ғылыми  негіздей  отырып  сезініп, 
бүкіл жоспар-жобаларыңызға, әлемді таңғалдырып келе жат- 
қан  кемел  шешімдеріңізге  тәнті.  Әлем  ғұламасындай 
болмысыңызға масаттанады.

156
Бүгінгі таңда бүкіл халқымыз Тәуелсіздікпен бірге және 
Сізбен бірге есейіп, Сізбен бірге көркейіп, кемелденіп келеді. 
Бұл күнге жету оңай болған жоқ, әрине. Оң-солын анықтай 
алмай  алаңдап  тұрған  кешегі  заманда  халқымызды  қиын 
жолдан шығару тіпті де ауыр болды. Әйтсе де, сол тұстағы 
өжет  іс-әрекеттеріңіз,  батыл  бастамаларыңыз  біртіндеп 
жұртшылықтың  басын  біріктірді.  Бір  жағадан  бас,  бір 
жеңнен қол шығару қағидасын қатаң ұстанған ер мінезіңіз 
мақсатты шаруаға елді жұмылдыра білді.
Сіздің ерлікке бергісіз ерен істеріңіздің қайсысын сана- 
малап шыға аламыз. Бүкіл әлемді таңғалдырған қай тірлігіңізді 
айтып тауыса аламыз. Сонда да, бүгін шүкіршілік сезіммен, 
кешегі қиын-қыстау кезеңнің өзінде Елдің болашағын елден 
бұрын болжап, ата-бабаның ежелгі арманын жүзеге асырып, 
Қазақстанның  қақ  төріне  орталықты  көшіріп,  Астанадай 
зәулім қала тұрғызудың өзі неге тұрады.
Кеше әлемдік ақыл ой-тізгінін ұстап отырған Еуропадағы 
халықаралық  ұйымға  жетекшілік  жасап,  дүниежүзі  халық- 
тарының тағдырын шеше алатын Ел екенімізді бір танытсақ, 
бүгіндері  бүкіл  мұсылман  елдерінің  басшылығын  қолға 
ұстап отырмыз.
Қазір Қазақстанмен, Н. Назарбаевпен есептеспейтін ел жоқ. 
Ал  20  жылдағы  елішілік  табыстарымыз  бен  жетістік- 
теріміздің  сыры  мен  мәнін  бір-екі  ауыз  сөзбен  қалай 
жеткізерсің.  Осындай  әлемдік  және  республикалық  деңгейде 
жүргізіліп  жатқан  сан  салалы  шаруа  арасынан  білім  мен 
ғылым  сапасына  үнемі  уақыт  тауып,  көңіл  бөліп  келесіз. 
Білім  туралы  заң  мен  ғылым  туралы  заң  осының  айғағы. 
Өзінің  тағдырын  осы  саламен  байланыстырған  ағайын, 
қазір  қайтсек  Қазақстан  ғылымын  жоғары  деңгейде 
дамыта  аламыз  деп  әрекеттенуде.  Соның  ішінде,  әсіресе, 
тіл  мамандары,  әдебиетшілер,  тарихшылар,  басқа  да 
мамандық  иелері  Сіздің  мемлекеттік  тіл  тағдыры,  мәдени 
мұра,  тарих  жайындағы  көзқарасыңыз  бен  нақты  іс-
әрекетіңізді жақсы біледі, бағалайды. Әсіресе, Сіздің тікелей 
қамқорлығыңызсыз  мемлекеттік  тілдің  тағдыры  қандай 
күй  кешерін  көзге  елестетудің  өзі  қорқынышты.  Тіпті,  тіл 

157
жоқшысы  Халықаралық  «Қазақ  тілі»  қоғамы  жұмысын 
қадағалап,  қамқорлық  жасап  келе  жатқаныңызға  тәнтіміз. 
Сіздің  ақыл-кеңесіңізбен  кеше  ғана  V  құрылтайымызды 
Көкшетау  қаласында  өткіздік.  Сіз  мемлекеттік  тілдің 
ғылыми  негізін  жасаушы  А.  Байтұрсынұлы  атындағы  Тіл 
білімі  институты  өнімдерін  де,  әдебиет  пен  өнер  саласын 
да назарыңызда ұстап отырсыз. Сіздің ұстанымдарыңыздан 
қуат аламыз, жігерленеміз. Қазір сіздің жүйелі істеріңіз бен 
сарабдал  сөздеріңіз  арқылы  ғылымға,  ғылым  тіліне  деген 
көзқарас жаңаша бағыт ала бастады.
Осының бәрін есепке ала отырып, Нұрсұлтан Әбішұлы, 
Сізге  күллі  ғалымдар  атынан  ризашылығымды  білдіремін. 
Рахмет  айта  отырып,  Өзіңіз  алғаш  президент  болып  сай- 
ланған  кезде  жазылған,  өзіңіз  білетін  бата-тілектің  бірер 
шумағын қайталап еске алғым келіп тұр. 
Сенеді елің өзіңе,
Сенеді жалын сөзіңе.
Қалмасын деп тілейді
Кездейсоқ жайға кезіге.
Ойлағаның тақ емес,
Қазақстан тағдыры.
Қинады Сені еліңнің,
Көп нәрседен мәжбүрі.
Ойлаған адам бас қамын
Ойламас жайын басқаның.
Сөйлеп үлкен мінбеден,
Әлемге салмақ тастадың.
Өзіңдей ерен естіден
Ұрпаққа үлгі жол қалар.
Басында көп тауқымет:
Тұрмыс, дәулет, Ордалар,
Ана тіл, тарих, өнерім,
Ел достығы – ол да бар.
Осының бәрін көтерер
Өзіңдей алып Нар болар!
Ел сенімін ақтай бер,
Алар алғыс мол болар.
Алаламай халқыңды,
Әділдік құру қол болар.
Елің бейбіт күн кешсе,
Нағыз бақыт сол болар.
Сонда, Сіз, Нұреке «жұмыс жоспарымды жазып қойған- 
дай екенсің!» деп едіңіз. Құдайға шүкір, сондағы қозғалған 
мәселенің көбі бүгін орындалды. Нағыз бейбіт өмірде тұрып 
жатуымыздың өзі үлкен бақыт емес пе?!
Мен үшін де, ғалымдар үшін де Сіздің тәуелсіздік мерекесі 
қарсаңында ортамызға келіп, ой бөлісуіңіз ұлы мереке деп 
есептеймін. Бойыңыздан қуат, ойыңыздан шуақ кетпегей!

158
ұйыСУ ұлаҒаты
Кез келген саналы азаматты өз елінің ертеңі, болашақ даму 
бағдары туралы ойлар бей-жай қалдырмайтыны белгілі. Бұл 
жағдай, әсіресе, тәуелсіз даму арнасына түскеніне көп уақыт 
бола қоймаған, бірақ алымы мен қарымы көп үміт күттіретін 
Қазақстан  секілді  елдің  азаматы  үшін  тіпті  де  өзекті.  Осы 
жағынан алғанда жұртшылықтың Елбасы аузынан шыққан 
әрбір сөзге ден қойып, ықыластана құлақ түретіні түсінікті. 
Бұл  ретте  Елбасының  жуырда  ғана  еліміздің  белді  қазақ 
басылымдарының  бас  редакторларымен  болған  сұхбаты 
көп  көкейдегіні  дөп  басып,  көңілдеріндегі  күпті  ойларды 
сейілткен  мазмұнды  басқосу  болды  деп  білеміз.  Сұхбатта 
елдің  өткені  де,  бүгіні  де,  болашақ  даму  бағдары  да  тыс 
қалмады.  Елді  толғандырып  жүрген  сан  алуан  сауалдарға 
да жан-жақты ашық та анық жауап берілді. Көп талқысында 
жүрген түйінді, күрмеулі мәселелер жайында да Елбасы өз 
ұстанымын жасырып-жаппай, ашық білдірді. 
Әрине,  мықты  мемлекет  құру  оңай  емес.  Көп  көңілін 
бірден табу да қиын. Бұған ту сыртымыздан анталап отырған 
алпауыт елдерді қосыңыз. Ішкі ұлттық құрамымыз да біркелкі 
емес. Тілдік, ділдік, діндік айырмамыз да жетіп артылады. 
Әлеуметтік жағдайымыз да әр алуан. Отаршылдық жүйенің 
санамызға салған дағы да зілмауыр. Бұл тілеп алған кеп емес. 
Тарихтың  қалауы,  тағдырдың  жазуы.  Сондықтан  да  елдегі 
нақты ахуалды ескергеніміз жөн. Қазіргі кезде Елбасының 
жүргізіп  отырған  саясатынан  да,  сөйлеген  сөздерінен  де, 
қолға алған істерінен де осы мақсат үдесінен шығуды үнемі 
көздеп отырғанын байқамау мүмкін емес. 
Елдік, тілдік мәселелерді тұрақты ту етіп көтеретін Халық- 
аралық  «Қазақ  тілі»  қоғамының  басы-қасында  жүргеннен 
кейін  біздің  назарымыздың  ең  алдымен  Елбасының  тілге, 
ділге,  ұлттық  даму  өрісіне  қатысты  ұстанымдары  қызық- 
тыратыны  сөзсіз.  Жұртшылық  Елбасы  ұсынған  «Үш 
тұғырлы тіл мәдени жобасы» зиялы қауым пікір ауанын түрлі 
ойларға  жетелеп  жүргенінен  хабардар.  Сұхбат  барысында 
бұл  мәселеге  де  арнайы  орын  берілді.  Мәселені  жіктеп-

159
жіліктеп, басын ашып берді. Қазақ тілі қалған екі алпауыт 
тілдің шылауында кетпей ме деген күмәнді «Қазақ тілі үш 
тілдің біреуі болып қалмайды. Үш тілдің біріншісі, негізгісі, 
бастысы,  маңыздысы  бола  береді.  Қазақ  тілі  –  Қазақстан 
Республикасының  мемлекеттік  тілі.  Оған  көңіл  де,  қаржы 
да  солай  бөлінеді.  Бәрін  де  біліп,  ескеріп  отырмыз.  Еліміз 
дамудың  жаңа  сатысына  көтерілейін  деп  жатыр.  Осындай 
кезде  елді  етектен  тартқан  деген  ол  кертартпалық  болады. 
Қазаққа кесір болады ол. Өз тілін ұмыт деп отырған ешкім 
жоқ.  Соған  қоса  заман,  уақыт  талап  еткен  тілдерді  меңгер 
деп отырмыз», – деп сейілтті. Қалай болғанда да орыс және 
ағылшын  тілдердің  үнемі  алдымыздан  шығып  отыратыны 
сөзсіз. 
Қазіргі кезде әлемде ғылым-білімге, ақпаратқа орыс тілі 
арқылы  қол  жеткізіп  отырғанымыз  ащы  да  болса  ақиқат. 
Бүкіл  іс-қағаздарымызды  да,  нормативтік  актілерімізді  де 
орыс тілінің негізінде қалыптастырып отырғанымыз белгілі. 
Тіпті  ғылыми  зерттеу  жүйеміз  де  орыс  тілінің  қалыбы 
аясында  дамуда.  Біз  бұдан  бір  күнде  бас  тарта  алмаймыз. 
Сондықтан  қазіргі  кезде  біз  қазақ  тіліндегі  ақпаратты 
молайтуға күш салуға тиіспіз. Қазірше олардан сапа дәмету 
ерте. Қазақ тілінде ойлап, тәуелсіз зерттеулер жүргізе алатын 
ғалымдарымыздың қатары көбейгенде барып, біржола қазақ 
тіліне көшу жайында ойысуға болады. 
Сол секілді ағылшын тілі де бір елдің, не бір мемлекеттің 
тілі болудан қалды. Әлемдегі ғылым-білімнің, жаңалықтың 
тілі болып отыр. Өсемін, өркендеймін, өзге жұрттармен иық 
теңестіремін деген елдің ұлттық томаға-тұйықтыққа берілуіне 
болмайды.  Бұл  қажет  те  емес.  Қазақтың  рухани  табиғаты 
бұған жол да бермейді. Біз уақытқа қарсы жүрмеуіміз керек, 
керісінше, уақытта оза шабуға тырысуымыз қажет. Қазақ – 
жаңалыққа құштар, табиғатынан зейінді. Алғыр халық. Бар 
дүниесін салса да, баласын оқытқысы, өсіргісі келеді. Бұны 
неге қолдап, қуаттамасқа?! 
Қазір  ешкімнің  үгіттеуінсіз-ақ  жастар  ағылшын  тілін 
үйренуге  көшті.  Бұл  жолда  уақытын  да,  қаржысын  да  аяп 
отырған  жоқ.  Өйткені  ағылшын  тілі  –  әлемдік  кеңістікке 

160
шығаратын құрал. Неге біз жастарды бұл құралдан айыруы- 
мыз керек? Бұл ұлттық түлеуіміз үшін де, қайта жаңғыруы- 
мыз  үшін  де  қажет.  Болашақта  қазақ  жастары  әлемдік 
кеңістікке шығуы, дүние додасында бақ сынасуы тиіс. Бұл 
жолда  қазақтығымыздан  айырыламыз,  мәңгүрттенеміз 
деп  үрейге  берілуге  орын  жоқ.  Керісінше,  бұл  ширығуға, 
ширауға,  өз  қуат-қарымыңды  шамалауға,  ұлттық  бет-
бейнеңді табуыңа жол ашады. Қазақта «Ит қорыған жеріне 
өш» деген даналық сөз бар, сондықтан жосықсыз тыйым мен 
орынсыз қорғаштауды азайтқанымыз жөн. Азат ойлы, еркін 
қимылды  адам  ғана  таңдап,  талғай  алады.  Озық  дүниелер 
тудыра  алады.  Осыған  байланысты  бар  салада  таңдау 
еркіндігіне мүмкіндік жасаған орынды деп білеміз. Әлбетте, 
ұлттық  салт-дәстүр  мен  ана  тілімізге  бірден-бір  басымдық 
беруге тиіспіз. 
Қазақ  тілін  дамытудың  тағы  бір  тиімді  жолы  ретінде 
Елбасының мына баламасын айтуға болады. Ол: «Қазақ тілін 
дамытудың  қоғамдық  қорын  құруды  ұсынып  отырмын»,  – 
деді. Бұдан біз Президентіміздің ел пікірімен үнемі санасып 
отырғанын байқаймыз. Мұндай қор шынында да Елбасы атап 
көрсеткендей,  «...  ақшасын  кім  көрінгенге  шашып  жүрген, 
ана жақтан, Мәскеуден әртістерді алып келуге, қабат-қабат 
үй салуға ақша аямайтын...» қалталы қазақ жігіттері қорға 
қаржы  салу  арқылы  тіліне,  еліне,  қазағына  қызмет  етсін. 
Тілге  жаны  ашитын  білікті  адамдардан  кеңес  құру  идеясы 
да  орынды.  Қазақ  тілінің  көсегесін  көгертер  бір  тиімді 
шаруа болса, осы болады деп сенеміз. Өркениет өнегесі – өз 
тіліңде, ағайын! 
Бүгінге  айғай  мен  аттанның  дәуірі  өтті.  Іспен  тиянақ- 
талмаған  сөздің  құны  көк  тиын.  Тілді  тұғыр  етіп  жүрген 
жандарымыз  үздіксіз  «тіл,  тіл»  деп  гөй-гөйге  басып,  қара 
аспанды  төндіре  бергеннен  гөрі,  әрқайсысы  нақты  іспен 
айналысса  жөн  болар  еді.  Тіпті  болмаса,  бала-шағасына, 
көршісіне  қазақша  үйретсе,  балаларға  арналған  танымдық 
құралдар жазса, ғылыми зерттеулер жүргізсе, қазақ тілінің 
көші түзеліп қалар еді. Сөзбен орақ орудан гөрі іспен өнеге 
көрсетудің  өтімді  болатынын  алдағы  уақытта  еліміздің 
зиялы азаматтары ескерер деген үміттеміз. 

161
Осыған  орай  Елбасының  «Зиялы  қауымды  жинап, 
басқа  ұлт  өкілдерін  жинап,  ғылымның,  білімнің  өкілдерін 
қатыстырып,  бір  әңгіме  өткізу  керек  бұл  жайында»  деп 
түйген ойын өте орынды деп білеміз. 
Елбасы  сұхбатында  айрықша  назар  аударылған  мәселенің 
бірі  –  ұлттық  модернизация.  Бұл  –  өте  маңызды  мәселе. 
Қазақтың  ел  болу,  өркениет  өрін  бағындыру  мәселесі. 
Еліміздің  алдына  қойып  отырған  өршіл  мақсаттарына  қол 
жеткізу  құралы.  Сапалық  даму  деңгейіне  көтерілу  үшін, 
дамыған  елдердің  алдыңғы  сапынан  табылу  үшін  ұлттың 
міндетті  түрде  жаңғыру,  қайта  түлеу  сатысынан  өтуі  тиіс. 
Көне таным, ескі түсінікпен зор биіктерді бағындыру мүмкін 
емес.  Жаһандану  заманында  бұл  мәселенің  өзектілігі  тіпті 
де  арта  түседі.  Мұның  тілдік,  ұлттық  мәселелерге  тікелей 
қатысы бар. 
Танымның көзі – ойда, ойлау жүйесінде. Қазақы таным 
мен  ойлау  жүйесінде  уақыт  ырғағымен  үйлесетін,  заман 
талабына  сай  келетін  өзгерістер  енгізу  қажет.  Бұл  ретте 
бізге  жапондардың,  малайлықтардың  тәжірибелері  үлгі 
бола  алады.  Дәстүріміздің  озығы  мен  тозығын  саралап, 
дамыған  елдердің  мәдениетінен  кем  түспейтін,  заманауи 
қазақы  мәдениет  қалыптастыруымыз  керек.  Халқымыз 
болымсыз  жылтыраққа  әуестенбей,  ақ  пен  қараны  айыра 
алатын талғампаз, саналы, білімді, озық ойлы елге айналуы 
қажет. Елбасының: «Күні ертең Батыс Еуропа – Батыс Қытай 
трансұлттық дәлізі қолға алынады. Шын мәнінде Жаңа жібек 
жолы тартылады. Сол жолмен Батыс Шығысқа, Шығыстан 
Батысқа  тауар  да  ағылады.  Қазақстан  жері  арқылы  неше 
түрлі идеялар өтеді, неше түрлі пиғылды адамдар да өтеді. 
Халыққа  интернеттен  де,  кабельді  телевидениеден  де 
жағымды-жағымсыз,  пайдалы-зиянды  неше  түрлі  әңгіме 
айтыла беретін болады, ашық қоғам жағдайында, жаһандану 
жағдайында  ондай  әсерлерден  ешкім  сырт  тұра  алмайды. 
Біз соның бәріне сын көзімен қарай алатын, төл дара сипаты 
бар ұлтқа айналсақ қана өзіндік болмысымызды сақтаймыз. 
Солай болып та келеді» дегені айрықша өзекті. 
Жалпы өз ойыңнан таба алмағанды өмірден таба алуың 
неғайбыл.  Адамның  ойы  жеткен  жерге  өзі  де  жетеді.  Ал 

162
адамның  көзқарасын,  ойлау  жүйесін  өзгерту  –  өте  қиын 
міндет.  Бұған  санаға  жаңа  серпіліс  әкелетін,  қалыптасқан 
көзқарасты бір-ақ күнде күл-талқан ететін ерекше оқиғалар 
ғана  әсер  етеді.  Мысал  ретінде  Ұлы  француз  револю- 
циясын, Октябрь революциясын келтірсек болады. Ататүрік, 
Ли  Куан  Ю,  Мохамед  Мохатхир  секілді  әлем  таныған 
қайраткерлердің  іс-әрекеттері  ұлтты  жаңғырту,  елді  жаңа 
даму арнасына түсірудің бір үлгісі болып табылады. 
Қазақстан  Президенті  Н.Ә.  Назарбаевтың  ел  астанасын 
Астанаға  көшіруін,  өзгеше  тұрпатты,  сәнді  де  салтанатты 
жаңа  қала  салуын,  «үш  тұғырлы  тіл  мәдени  жобасын» 
ұсынуын, бәсекеге қабілетті дамыған 50 елдің қатарына кіру 
міндетін қойғанын қазақ ұлтын жаңғыртуға, ширатуға, қайта 
түлетуге  бастаған  оң  қадам  деп  бағалауға  әбден  болады. 
Елбасы қалың елі – қазағына деген перзенттік махаббатын, 
отаншыл  сезімін  қабылдаған  шешімдерінің  емеурінімен, 
айтқан  сөзінің  астарымен,  атқарылған  іс-әрекетінің 
ишарасымен ауық-ауық сездіріп отырады. 
Шынында  да,  «Тәуелсіз  Қазақстан  халқының  ортақ 
жеңісі, ортақ қуанышы... Бәріміздің тарихи ерлігіміз». 
«Тарихымыз бізді көп ұлтты ел ретінде қалыптастырды. 
Бұл біздің кемшілігіміз емес, керісінше, бізді ұлттық томаға-
тұйықтықтан  сақтап  тұратын  фактор.  Солай  болғандықтан 
біз барлық қазақстандықтарды біріктіретін ортақ ұғымның 
төңірегінде  топтасуымыз  керек...  Бізде  халық  біреу  – 
Қазақстан  халқы.  Түптеп  келгенде,  біз  осы  идеологиялық 
қауымның  қазақтың  ұлт  ретінде  одан  әрі  нығаюына, 
этностық  топтар  өкілдерінің  жәй  ғана  қазақстандық 
тұрғын  емес,  ділі  мен  дүниетанымының  қазақстан- 
дық рухта қалыптасуына барынша ықпал ету жағын басты 
нысана  етіп  алуымыз  керек.  Бұл  жолда  қазақ  халқының 
алдына өзге этностарға өзінің рухани құндылықтарын сіңіре 
отырып,  тұтастай  елдікті  қалыптастыруға  қатысты  тарихи 
рөл жүктелмек». 
...  «Нация»  мен  «национальность»  (ел-жұрт  және  ұлт)  
деген  ұғымдарды  талдап  түсіндіруде  Елбасы  тіл  білім-
пазының түйсігін танытады. Ол «қазақстандық ұлт» деген-

163
нен  гөрі,  «қазақстандық  ел»  деп  атағанды  жөн  санайды. 
Бұл – қисыны келіп тұрған, орынды ұсыныс. Шынында да, 
түптеп келгенде, «Қазақ елі» деген ұғым «Қазақстан халқы» 
деген  ұғыммен  сәйкес.  Ендеше  Елбасы  дәл  байқағандай, 
«Қазақ  елі»  сөзі  –  осы  елді,  осы  мемлекетте  қоныстанған 
барлық  ұлт  өкілдерінің  басын  біріктіруші,  топтастырушы 
қасиетті ұғым. 
Уақытында  тұңғыш  Президентімізді,  яғни  қазақ  елінің 
басшысын  Ә.  Кекілбайдың  ұсынуымен  Елбасы  атап  кет- 
тік  қой.  Яғни  бұл  ойлардың  бәрі  бір-бірімен  табиғи 
қисындасып  жатқан  ұғымдар.  Елбасының  өз  сөзімен 
айтқанда,  «Қазақстандық  ел»  –  қазақ  халқын  одан  әрі 
біріктіретін  ортақ  ұғымды  орнықтыру  жолындағы  ой.  Бұл 
біздің  бәрімізге  «қазақстандықпыз»  деп  атауға  мүмкіндік 
беретін  ұғымға  айналатын  шығар.  Мұның  бәрін  уақыт 
көрсетеді.  Қалай  дегенде  де,  оның  түбірінде  «Қазақ»  сөзі 
тұратынын ұмытпайық. Одан қазақ қазақ болмай қалмайды. 
Оның  есесіне  өзге  ағайындар  қазаққа  жақындай  түседі. 
Өйткені  олар  осы  арқылы  «қазақстандық  азаматтар»,  яғни 
қазақ  елінің  азаматтары  атанады.  Бір  мемлекеттің  халқын 
бір  атау  біріктіріп  тұрғаны  жақсы».  Әрине  бұл  ұғым  әлі 
талай сараптау мен саралаудан өтуі тиіс. Ғылыми ізденіске, 
тұжырымға өзек болары хақ. 
Қаламгерлер  Елбасынан  Қазақстанның  демографиялық 
жағдайы  туралы  да  түбегейлі  жауап  алды.  Ол  қазақты 
қалайда  көбейтудің  жолдарын  алға  тартты.  Көбеймесек 
көсегеміздің  көгермейтіні  рас.  Өйткені  «көп  қорқытады, 
терең батырады». 
Бұл  мәселеде  басты  назар  табиғи  өсімге  түсіп  отыр. 
Кейінгі  кезде  жаңа  туған  балаларға  жәрдемақы  екі  жарым 
есеге  өскен.  Ал  2010  жылы  бұл  төрт  есе  көбейеді  екен. 
Алдағы уақытта «Алтын алқа» мен «Күміс алқаны» 7 және 
6 бала тапқан аналарға берілетіні табиғи өсімге сеп болмақ. 
«Дені  сау  ұлт»  бағдарламасының  инфрақұрылымын  да- 
мытудың  да  маңызы  ерекше.  Қазір  бізде  2700  адамның 
ауру  жүрегіне  операция  жасай  алатын  мүмкіндігіміз  бар 
көрінеді. Қазір мұндайды қажет ететін 9 мың адам бар екені 

164
де айтылды. Мұны 2010 жылы түбегейлі шеше алатынымыз 
көңіл қуантады. 
Елбасы ең басты нәрсеге назар аударды. Ол – жаһандану, 
нарықтық, қымбатшылық заман екен деп жүріп, халқымызға 
тән балажандық қасиетті үзіп алмауды тілейді. «Әр нәресте 
өз несібесін ала келеді» дейтін тәмсілді алға тартады. 
Халқымыздың  санын  өсірудің  тағы  бір  жолы  – 
дүниежүзіне  тарыдай  шашылған  қандастарымызды  елге 
қайтаруға  жасалатын  жағдайды  қарастырады.  Осы  ретте 
біздің де мақала, баяндамамызда үнемі сынға алынып жүрген 
«оралман»  сөзінің  орынсыз  екеніне  Елбасы  жақсылап 
нүкте  қойғанын  айту  лазым.  Шынында,  адамды  бір-біріне 
жақындата  түсуден  гөрі,  келгінші,  жат  біреу  деген  жайсыз 
ұғым тудыратын «оралман» сөзі қандастарымызды алыстата 
түсетіндей  еді.  Жеке  сөздердің  ішкі  мәні,  астарына  дейін 
зерделеп,  зеректік  танытатын  Елбасының  осынау  мінезі  – 
қазақ зиялыларына да ой салар өнеге. 
Атамекенге оралып жатқан бауырларымыздың елге сіңіп, 
жерсініп  кетуі  әр  алуан.  Ойландырар  жайлар  көп.  Әрине, 
олардың  бәріне  көмек  керек.  Сонымен  бірге,  өзінің  кәсіп, 
тірлігін іске қосып, еңбекқорлығын таныта келген ағайынға 
дән риза боласың. 2005 жылы өз басым осындай бір игілікті 
істің куәгері болған едім. Көршілес Өзбекстаннан көтеріле 
көшіп келген бірнеше мың қандасымыз Оңтүстік Қазақстан 
облысы, Шымкент қаласының маңынан жер қайырып, егін 
салып, малын асырап, үй салып, үлгілі шаруа жасап жатқан 
кішігірім қалашықты аралап сүйсінгенім бар. Өзге ағайынға 
осындай жәрдем қолын созудың орнына, көз аларта бастаған 
жергілікті әкімсымақтардың қылығы бұл отандастарымызды 
шаршата  түскен.  Халықаралық  «Қазақ  тілі»  қоғамының 
басшысы  екенімді  білген  Ибаділда  Қалыбеков  деген  жас 
жігіт  (солардың  жетекшісі)  маған  өтініш  жасаған  соң, 
олардың  жасап  жатқан  тірліктерін  түгел  аралап  көрдім 
де,  бар  жағдайды  айтып,  Президентімізге  хат  жолдадым. 
Елбасы  бұған  қызығушылық  танытып,  облыс  басшысына 
тиісті  нұсқау  бергенін  білемін.  Олар  Елбасына  дән  риза. 
Сырттан келген ағайындарға ұялмай көрсетуге болатын бұл 

165
қандастарымыздың игі істері кімге болса да үлгі боларлық. 
Осы  айтылған  ойлардың  бәрі  түпкі  мақсат  –  қазақтың  
болашағын баянды ету екендігін меңзейді. Баршамыздың да  
Темірқазығымыз осынау мақсат болса екен деп тілеймін. 
«Егемен Қазақстан» газеті.
11.06.2008 жыл
мЕмлЕКЕт құрУШы ұлтқа тӘН  
ЕлДіК КЕлбЕт
Өткен жылы жалпыұлттық халық санағының ресми қоры- 
тындысы  жарияланды.  Осында  келтірілген  деректерге  көз 
жүгірте  отырып,  біраз  түйіндер  жасауға  болатын  секілді. 
Өйткені  болжамды  сөз,  құрғақ  долбар  емес,  нақты  санға 
жүгіне  отырып  айтқан  пікірдің  уәжді  болатыны  бесенеден 
белгілі. Мұндағы сандық деректердің елдің демографиялық 
ахуалын  аңғартудан  өзге,  тілдік,  ділдік  көрсеткіштерін  де 
анықтауға тигізер септігі мол.
Статистика  агенттігінің  төрағасы  Әлихан  Смайыловтың 
мәлімдеуінше, Қазақстандағы қазақтардың саны 10458 мың 
адамға жетіп, жалпы халық үлесінің 63,9%-на сәйкес келген. 
Әрине,  бұл  қуануға  болатын  дерек.  Он  миллионнан  асып, 
ордалы елге айналдық деген осы. Қай кезде де көптің аты көп. 
Бұған елімізде мекендеп жатқан түрік тектес ұлт өкілдерін 
қосыңыз. Сонда 70 пайыздан еркін асып жығыламыз.
Санақ  барысында  діни  нанымын  көрсеткендердің  
70,2%  –  ислам,  26,2%  –  христиан,  0,1%  –  буддизм  дінінде 
екендігін растаған. Дінге сенбейтіндер – 2,8 % болса, діни 
сенімін  көрсетуден  –  81,0  мың  адам  бас  тартқан.  Осы 
келтірілген  ресми  мәліметтер  Қазақстандағы  әлмисақтан 
мұсылман елі деп санауға толық негіз береді.
Осындағы  сандық  деректерді  мұрнынан  тізіп,  толық 
келтіріп  отыруымыздың  мәні,  еліміздің  ұлттық  құрамы 
мен  діни  нанымының  тілдік  тұтастыққа  да  тікелей  әсер 
ететіндігінен  туындап  отыр.  1989  жылы  ана  тіліміздің  

166
жоғын  жоқтап,  жанашыр  жұртшылықтың  ыждағатымен 
«Қазақ  тілі»  қоғамын  құрғанда  да  алдымыздан  қайта-
қайта  көлденеңдеп  шыға  берген  мәселенің  бірі  осы 
пайыздық  үлес  салмақ  еді.  Құлашты  кең  сермейтін  сәт- 
терде кейде еріксіз іштен тынуға тура келетін. Әрине, береке 
ойлағаннан,  ел  тыныштығын  көздеп,  көп  нәрсені  ақылға 
жеңдіргеннен. Құдайға шүкір, ондай белестер артта қалды. 
Парасат  пен  пайымға  сүйенудің  алмас  қамалы  жоқ  екен- 
дігін өмір әркез дәлелдеп келеді.
Дегенмен,  біз  әлемдік  тәжірибедегі  мынадай  ақиқатты 
ұмытпауымыз керек. Белгілі бір елде мемлекеттік тіл болу 
үшін  мемлекетті  құраушы  ұлттың  пайыздық  мөлшері 
шешуші  фактор  болып  саналмайды.  Қазақ  он  пайыз  болса 
да, қазақ тілі мемлекеттік тіл болуы тиіс және елдің барша 
азаматы  мемлекеттік  тілді  тиісті  деңгейде  қолдануға 
міндетті.  Бұл  –  халықаралық  тәжірибеде  әбден  орныққан 
қағида.  Тәңір  тілекті  беріп,  біз  бұл  кедергілерді  еңсеріп 
келеміз.  Қалай  болғанда  да  елімізде  тілдік  ахуалдың 
бұрынғымен салыстырғанда айтарлықтай оңалғанын айтуға 
тиіспіз.  Әлбетте,  бұдан  көңілді  марқайтып,  арқаны  кеңге 
салу  деген  ұғым  тумауы  керек.  Керісінше,  құрғақ  уағыз 
бен жылаңқы уайымды қойып, ел иесі, жер иесіне жарасар 
лайықты  деңгейден  көрініп,  мемлекет  құраушы  ұлтқа  тән 
өрелілік танытуымыз қажет.
Осы  орайда  мемлекет  құраушы  ұлт  қандай  болу  ке-
рек,  оған  жүктелер  жауапкершілік  түрлері  қандай,  бұл 
талаптарға  сай  болу  үшін  нені  қолға  алу  керек,  неден  бас 
тарту  қажет,  қандай  құндылықтар  мен  өлшемдерді  ұстану 
керек, т.б. тәрізді сауалдар андағайлайды. Мұндай сауалдар 
отарлық бұғауынан қол үзіп, тәуелсіздігін жариялап, бетке 
ұстар бағытын айқындап жатқан елдердің алдынан шықпай 
қоймайды. Елдің бұдан кейінгі беталысы мен болашағы да 
осы  сауалдарға  қандай  жауаптар  таба  алуында  және  соған 
сәйкес амалдар қолдануына байланысты болмақ.
Осы  орайда  мемлекет  құраушы  ұлтқа  тән  қасиеттерді 
өз тарапымыздан тізуді жөн көрдік. Біздіңше, ең алдымен, 
мемлекет  құраушы  ұлт  өз  ана  тілін  жетік  меңгеруі  тиіс, 

167
екіншіден,  төл  тарихы  мен  салт-дәстүріне  қанық  болуы, 
үшіншіден, дәстүрлі діни нанымына берік, төртіншіден, кең 
ойлап, кесек пішетін ірі болуы (кінәмшілдік пен шікәмшілдік, 
қыршаңқылық пен ызақорлық әлсіз, аз ұлттарға тән қылық), 
бесіншіден,  білімді  әрі  өз  ісінің  кәсіпқой  шебері  болуы, 
алтыншыдан, рухы асқақ намысқой болуы тиіс. Өзінің төл 
ұлттық  құндылықтарын  қадірлей  алған  адам  ғана  өзгенің 
мұң-мұқтажын  терең  сезініп,  қадіріне  жет  алмақ.  Өйткені 
өзін жарылқай алмаған адамның өзгені жарылқай қоюы қиын 
әрі аянышты күлкі туғызады. Сондықтан да өзін сыйлайтын 
әрбір ел жоғарыда біз келтірген қасиеттерді жоғары бағалап 
қана  қоймай,  өзінің  күнделікті  ұстанымына  айналдырады 
деп ойлаймын. 
Бұл мәселе өткен ғасырдың бас кезеңінде тарих сахнасына 
шығып,  ұлттың  ұлы  мұраты  жолында  аянбай  еңбектенген 
Алаш  арыстарын  да  толғандырған.  Қазақ  қайтсе  іргелі  ел 
болады  деген  мәселеге  келгенде  Ахмет  Байтұрсынұлы: 
«Қазақтың іргелі елдермен терезе теңестіруі үшін үш нәрсе 
керек.  Қазақ  мықты,  бай  һәм  білімді  болу  керек.  Мықты 
болу үшін бірлік керек, бай болу үшін кәсіп керек, білімді 
болу  үшін  оқу  керек.  Осы  үш  керектің  жолында  жұмыс 
істеу керек», – деп нақты әрі айқын тұжырымдаған. Аталған 
керектер қазіргі кезде де күн тәртібінен түсе қойған жоқ.
Енді  жоғарыда  келтірілген  қасиеттерді  қазіргі  қазақтың 
бойынан  таба  аламыз ба деген  мәселеге келсек, ауызыңды 
қу  шөппен  сүртуге  қақымыз  жоқ.  Қазіргі  кезде  қазақтың 
етек-жеңі жиылып, еңсесі тіктелді. Тәуелсіздіктің алғашқы 
жылдарындағы сана мен қазіргі сананы салыстыруға келмейді. 
Жеткен жетістіктеріміз де, жіберген кемшіліктеріміз де бар. 
Ендігі мақсат – жетістіктерімізді еселеу, кемшіліктерімізден 
арылу болғаны жөн. 
Өзіне деген сенімділік оты әлсіреген кезде рух жасиды, 
қайрат  қайтады.  Кембағалдық  психология  бас  көтереді. 
Еліктеушілік,  өзгені  зор,  өзін  қор  тұтушылық,  жаттың 
ығына  жығылушылық,  өзгенің  тілін,  мәдениетін  өзінің 
мәдениетінен  артық  көрушіліктің  негізінде  сенімсіздік, 
кембағалдық психология жатыр.

168
Осыдан  екі  жыл  бұрын  Алматы  қаласындағы  орта 
мектептердегі  тілдік  ахуалға  талдау  жасағанда,  орыс  тілді 
мектептердің  70  пайыздан  астамын  қазақ  балаларының 
толтырып  отырғанын  көріп  шошығаным  бар.  Бұл  –  қазақ 
тілінің  мемлекеттік  тіл  болғанына  19  жыл,  тәуелсіздік 
алғанымызға 17 жыл болғанда орын алып отырған жағдай! 
Қазақ  ата-аналарының  әлі  күнге  өз  балаларын  орыс  тілді 
балабақшалар  мен  мектептерге  сүйрелеп  жүргенін  көріп 
не  жыларыңды,  не  күлеріңді  білмейсің.  Бұлардың  ішінде 
елім,  жерім,  тілім  деп  шетелдерден  өз  Отанына  оралған 
қандастарымыз  да  кездеседі.  Міне,  осының  бәрінің 
астарында  Қазақ  елінің,  қазақ  тілінің  болашағына  деген 
сенімсіздік  жатыр.  Сенімсіздік  пен  күмәншілдік  жегі  құрт 
секілді.  Тұтас  ағзаны  ірітіп,  іштен  ыдыратады.  Сондықтан 
ең алдымен адамның өзіне деген, мемлекетке деген сенімін 
орнықтыру  керек.  Сенім  орныққаннан  кейін  рух  оянады, 
жігер  ширайды,  қайрат  артады.  Сонда  ғана  қолға  алған  іс 
өнімді, берекелі болады. Қол жетпес асқақ армандар ақиқатқа 
айналады.  Елбасының  тәуелсіздікті  баянды  ету  жолында 
атқарып келе жатқан істерін көктей шолғанда, оның ұзын-
ырғасынан осынау арманды аңсарды аңғарамыз.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет