Он 3 Бағалау құралдарын әзірлеу және сараптама жүргізу Бағалау дегеніміз не?


Критериалды бағалау жүйесінің құрылымы



бет2/10
Дата19.06.2023
өлшемі171,79 Kb.
#102350
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
8.Критериалды бағалау жүйесінің құрылымы?



9. Қалыптастырушы бағалаудың негізгі стратегиясын атаңыз?

  • Сыныпта барлық оқушылар қабілеттілікті тұрақты емес, өспелі ұғым ретінде қарастыратын орта құру.

  • Оқушыларды сабақтың мазмұнын, сондай-ақ оның не мақсатпен жүргізілетінін көрсететін жоспарлау үдерісіне тарту.

  • Оқу мақсаттарын түсіндіру және оқушылардың табыс критерийлерін белгілеуі.

  • Сыныпта тиімді әңгімелесу және мақсатты жауап алу тәсілдерін пайдалану және жоспарлау.

  • Оқушыларды оқуда табысты болу туралы сараптамалық пікірталасқа тарту – табыс критерийлеріне сәйкес болып қана қоймай, осы критерийлерге қалайша сәйкес болу қажеттілігін білу.

  • Оқушыларға өзара және өзін өзі бағалау жөніндегі жақсы сарапшы болуға мүмкіндік беру.

  • Жетістік пен жетілдірудің неден тұратынын анықтауға, түсініктемелерге сәйкес жұмыс істеуге уақыт беруге баса назар аудара отырып, оқушылар мен мұғалімдерге уақытында шолу жасап, кері байланыс орнатуға үздіксіз мүмкіндік беру.



10. Қалыптастырушы бағалаудың әдістерін атаңыз?
«Екі жұлдыз, бір тілек», «Қолмен белгі беру», «Бағдаршам», «Жинақтау парақшасының индексі», «Бір минуттық эссе», «Сөйлеу үлгілері», «Үш минуттық үзіліс», «Ауызша бағалау», викториналар, сұрақтар және т.б. Қалыптастырушы бағалаудың әдістерін, оқу әрекеттерін ұйымдастырудың әр кезеңінде, тақырыпты түсіндіру, тапсырманы орындау, білім алушыларға кері байланыс беру кезінде қолдануға болады. Қалыптастырушы бағалаудың әдістерін жеке, жұптық және топтық жұмыстарды ұйымдастыру кезінде де қолдануға болады.
11.Қалыптастырушы бағалауды жоспарлау?
Қалыптастырушы бағалау үдерісінде мұғалім оқу бағдарламасындағы барлық оқу мақсаттарын қамтуы тиіс. Мұғалімдерге көмек ретінде қалыптастырушы бағалаудың тапсырмалар жинағы дайындалған, онда оқу мақсаттарына сәйкес бағалау критерийлері, дескрипторларымен бірге тапсырмалар үлгілері берілген.
Мұғалім қалыптастырушы бағалау үдерісінің тиімділігін арттыру үшін жинақта берілген тапсырмаларды қолдануына болады. Одан басқа мұғалімдерге қалыптастырушы бағалаудың құралдарын өз бетінше дайындауға мүмкіндік беріледі. Ол үшін жоспарлау кезеңінде мұғалімге:
• оқу бағдарламасымен, оқу жоспарымен танысу, оқу мақсаттарына талдау жасау;
• оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары негізінде бағалау критерийлерін құрастыру;
• тапсырма құрастыру кезінде саралау (дифференциялау) тәсілін қамтамасыз ету үшін бағалау критерийлерін ойлау дағдыларының деңгейлеріне бөлу;
• бағалау критерийлеріне сәйкес тапсырмалар құрастыру;
• әр тапсырмаға оның орындалу кезеңдерін сипаттайтын дескрипторлар құрастыру ұсынылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет