Он үшінші тақырып



бет3/21
Дата04.03.2023
өлшемі0,97 Mb.
#71537
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Адам және әдеп

Адамның моральдық келбеті оның «Менімен» байланысты. Әдеп адамның бірлесе өмір сүру тәсілі болғандықтан, оның басты белгісіне адамдық қатынастардың мәдени деңгейі жатады. Бұл міндетті түрде Мен – Сен – Ол мәселесін алға қояды. Абай бұл түсінікке XIX ғасырдың өзінде жеткен:


Өлсе өлер табиғат, адам өлмес,
Ол бірақ қайтып келіп, ойнап-күлмес.
«Мені» мен «менікінің» айырылғанын
«Өлді» деп ат қойыпты өңкей білмес [3, 225 б.].
«Мен» таза тән де, таза жан-рух та емес, олардың айырықша біріккен бітіміне жатады. Өзіндік сана тұрғысынан «Мен» және тұлғаны айыра білу керек. Ұғымның кең мағынасында тұлғаға оның тек өзі емес, сонымен қатар «менікі» деп атай алатын барлық нәрселері жатады (тәні, жаны, рухы, үйі, әйелі, балалары, достары т.т.). Мені үшін ол бар қайраты мен күшін аямайды. Егер адам туралы ғылымда Меннің жан мен тәннен тұратындығына көбірек назар аударылып, тұлғаның үш элементіне жататындарына денелік, әлеуметтік және рухани тұлғалар аталып өтіледі. Тұлғаның денелік аймағына оның тәні ғана емес, оған қоса киетін киімі, тұрмыстық заттары т.т. жатады. Алайда, тұлға ұғымы жоғарыдағы жіктеудің екінші және үшінші деңгейлерімен тікелей қатысты. Қазақ тіліндегі әдебиетте тұлға елі мен жерінің қорғаушысы, басқаларға «сүйеніш болатын адам» мағынасында қолданылады. Яғни тұлға болу әрбір адамның қолынан келе бермейді, ол ерекше әдепті адамдарға ғана тән. Оны мысалы, Жамбылдың мынандай сөздерінен: «Батыр тұлға бола алмай, Елдің түгі жығылды, Үш бөлінді көп дулат», немесе «Қамбар батыр» эпосындағы: «Бөтен туған бала едің, Жұртқа тұлға болғандай, Сол себепті сені тежеймін» анық көруге болады. Сол себепті азаматтық әр адамның имандылық, әлеуметтік сапа-қасиеттерін білдіретін болса, пенде болу көптің бірі болу ғана болса, тұлға болу дегеніміз елден ерекше болуды, қатардан алға бөлініп шығуды қажет етеді.
Тұлғаның моральдық оппозициясына «пенде» жатады. Әдетте бұл ұғым діни мағынада да қолданылады. Жалпы алғанда «пенде» түсінігі «көптің бірі», «жаратылыстың нәтижесі» дегенді білдіреді. Ол күнаға жиі батады, «пендешілік» жасайды. Пенде – қатардағы тірі жан, көптің бірі болып жарық дүниеде өмір сүруші, «жаратушының құлдарының бірі». Ал «домалақ, жұмыр басты пенде» дегенде көпшіліктің бірі есебінде, ел санатында жүруді айтады. «Пенденің» осындай «орташыл», «көпшілдеу» ерекшеліктерінің «басым» екендігін ескертіп, жоғарыда сот үкіміне кесілген, қамауға алынған қазақтың заң тілінде «азамат» түсінігіне «пенде» деген атаудың сәйкес емесін айтып, оған тек «бодан» деген нақтылы, оның жағдайына жайма-сай атау сөзді ұсынамыз. Ал «адамның пендешілігі» деп, сотқа тартыла қоймайтын күнәні, біле тұра жасаған қателіктерді, имантаразылықты бұзуды, басқаға қастандық ойлау сияқты нәрселерді ғана айтуға болады.
Адам мен адам арасындағы жанды жеке байланыс, барлық қоғамдық инстанциялардың «адамгершіліктілігін» сезіну, олардың нақты тұлғаларда көрініс табуы мен өкілеттілігі қоғамдық тұтастықтың өмірлік бірлігін сақтап, қолдап отыратын үздіксіз қан айналымы тәрізді. Адамның адамға жақындығы, өзара «таныстық», бір-біріне деген құрмет және барлық қоғам мүшелерін тірі адамдар ретінде тікелей сезіну, қоғамда «адами» қуаттың барлығы қоғамдық болмыстың нақты тұрақтылығы мен мызғымас бірлігіне кепіл болатын нәр секілді. Әдет-ғұрыпқа рәсімдер күш беріп отырады. Көптеген халықтарда әдет-ғұрып пен рәсім ережелері тұрақты сипатта болғандығы соншалық, іс жүзінде олар басқа құқықты қажетсінбейді. Әдет-ғұрып пен тыйым нормаларының өзіндік ерекшеліктері бар: олар белгілі бір жағдайлардың әсерімен жоғала да, қайта қалпына келе де, өзгере де алады. Әдет-ғұрыпты, салт-дәстүрді ұстану көрініс табудың өзіндік нысандарын талап етеді. Мұндай нысандар болып рәсімдер мен символдар немесе символдық бейнелер табылады.
«Мораль» ұғымы оны, бір жағынан, инстинкті, импульсивті мінез-құлық қалпына, екінші жағынан, белгілі бір нәтиже алуға бағытталған рационалдық есепке қарсы қоюшылық арқылы ашылады. Ең алдымен моральдық уағыздар: «Өзінің қаламаған нәрсені өзгеге жасама» ( адамгершіліктің алтын заңы) немесе сүйіспеншілік қағидасы: «өз жақынынды өзінді-өзін сүйгендей сүй» – адамнан ізгілікті сақтауды талап етеді.
Қазақ этикасы туралы басылымдарда «әдеп», «ақылақ», «мораль» «адамгершілік» сияқты ұғымдар қолданыла береді және оларға әртүрлі анықтамалар беріледі. «Этика» термині басында «тірі жанның өзіне тиесілі өмір сүру мекені дегенді аңдатқан» [4, 3 б.]. Кейін бұл термин бірге өмір сүру барысында қалыптасқан мінез-құлық, іс-әрекет ұқсастықтарын білдіретін әдет-ғұрып деген мағынаға ие болған. Алайда, біздің ойымызша, соңғы түсінікті «этика» деген термин дәлірек білдіреді. Егер біз этиканы рационалды пайымдалған моральмен байланыстырсақ, онда төменгі қағидаларды айқындау мүмкіндігі бар және олар әдептің реттеушілік табиғатына қатысты.
Этика үшін игілік негізгі ұғым болды және бола береді. Өйткені, оның басты мақсаты – адам өміріндегі қайырымдылық пен зұлымдықтың қайнар көзі мен табиғатын, себептері мен тетіктерін анықтау. Этиканың мәдениет жүйесіне оның рационалдық-логикалық бастамасы ретінде, адамның өмірдегі әдептік-адамгершілік көріністердің рационалды ойлау тіліне аударуға тәуекел жасауы кіреді. Этика – ғылымның маңызды саласы, әдеп-қоғамдық алғы шарттардың негізгі тірегі, адамгершілік-адамның ар-ұяты арқылы жеткен ішкі тұрақтандыру тетігі. Этика практикалық философия ретінде, адам өмірінің күнделікті қажеттіліктерін бағдарлайтын ғылым ретінде туындайды. Этиканың өмірлік пратикамен қатысты байланысы бір бағытта сақталды – бұл кәсіптік этика, адамның кәсіптік қызметінің саласы. Әдеп, адамгершілік дегеніміздің өзі не?
Әдеп – этиканың зерттейтін объектісі, қоғамдық сана-сезімнің формасы және жеке тұлғаның өзіндік бағасын бекітуге бағытталған қоғамдық қарым-қатынастардың түрі. Адамгершілік – жеке тұлғаның ізгілік еркіндігінің, оның және жалпы қоғамдық талаптардың ішкі себептермен үйлесуінің қайырымдылыққа ұласатын адамның көркемөнері мен шығармашылығы бағытының саласы.
Әдеп – адамның қажеттілігіне айналып қалыптасып кеткен тұрақты қасиеті. «Халықта ауру қалса да, әдет қалмайды» деген мәтел осы жәйттің мәнін айқындай түседі. Жағымды әдет адамның бар күш-жігерін пайдалы істерді тындыруға көмектеседі. Ал жағымсыз әдет, керісінше, адамның іс-әрекетіне, мінез-құлқына нұқсан келтіреді. Әдет адамның іс-әрекет түрлеріне орай, жан қуаттарының ерекшеліктеріне қарай бірнеше салаға бөлінеді. Мысалы, тазалық сақтау, ұқыптылық, орнымен сөйлеу, адамгершілік, кішіпейілділік сияқты қасиеттер адам бойындағы жағымды әдеттерді қалыптастыруға жәрдемдеседі» [5, 6 б.].
Қазақтың дәстүрлі әдеп мәдениеті дүниенің екі бөлігі табиғат пен адамның етене жақын болғандығы мен олардың еншісі бөлінбеген күйде өмір сүргендігін куәлайды. Мұның басты негізіне көшпелілік өмір салты жатады. Көшпелілер өздерін табиғаттың тікелей жалғасы, соның төл баласы ретінде сезінді. Өздеріне дейін қолданысқа енбеген, қуаң даламен шөлейтті тек көшпелі ғана меңгере алды. Осындай қатал табиғи ортада өмір сүрген көшпелі айналасындағы мәдени арнаға ерекше бір икемділікпен қараған және бұл атадан балаға үлгі ретінде беріліп отырған.
Өз халқының моральдық мұраттарын қондыра білген тұлғаларды қазақ тарихынан көптеп кездестіруге болады. Олардың арасында дуалы билер мен атақты хандар да бар. Мысалы, қазақ-қалмақ келіссөздеріне араласқан Қаз дауысты Қазыбек би былай деген екен: «Біз қазақ деген мал баққан елміз, бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Елімізден құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шегін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз. Ешбір дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөзді асырмаған елміз. Досымызды сақтай білген елміз, дәм-тұзын ақтай білген елміз. Атадан ұл туса, құл боламын деп тумайды, анадан қыз туса күң боламын деп тумайды. Ұл мен қыз қаматып отыра алмайтын елміз. Сен қалмақ болсаң, біз қазақ қарпысқалы келгенбіз. Сен темір болсаң біз көмір еріткелі келгенбіз, қазақ, қалмақ баласы табысқалы келгенбіз, танымайтын жат елге танысқалы келгенбіз, танысуға келмесең, шабысқалы келгенбіз. Сен қабылан болсаң, мен арыстан алысқалы келгенбіз, жаңа үйренген жас тұлпар сары желіммін, жабысқалы келгенбіз, берсең жөндеп бітіміңді айт, бермесең, дірілдемей жөніңді айт, не тұрысатын жеріңді айт!» [6, 177 б.].
Қазақтың дәстүрлі әлеуметтік мәдениетінде қауымдық ынтымақтастықтың адам деңгейін төмендетпегені жөнінде тек отандық зерттеушілер емес, сонымен қоса әділ батыстық зиялылар да ой-куәліктерін келтіреді. «Құрғақ даланы, дейді А.Тойнби, тек бақташы ғана меңгере алады, бірақ сол далада тіршілік етіп, табыстарға жету үшін ол өзінің шеберлілігін тынбай жетілдіре беруге міндетті, ол ерекше адамгершілік және парасаттылық қасиеттерді өзінде қалыптастырады» [7, 164 б.].
Қазақтың дәстүрлі әлеуметтік мәдениетінде адамдық ынтымақтастықты арттыратын тетік ретінде адам жанының қасиеттілігі, оны тіпті құрбандыққа салуға болмайтындығы үрдісі зерделенеді. Егер ежелгі сақ, ғұн, түркі тайпаларында қайтыс болған адаммен қоса оның қару-жарағын, тұлпарын, әйелдері мен күңдерін бірге жерлеу рәсімі болса, немесе қолға түскен жауларын құрбандыққа шалса, кейін талион принципі айып төлеумен, малды құрбандыққа шалумен ауыстырылған. Ежелгі ынтымақтастық идеясында ата-бабалар культі ерекше орын алған. Ата-баба аруағы культі көшпелілік мәдениеттің басты тірек-қазығының бірі болды. Сондықтан аруақты риза қылу («өлі риза болмай, тірі байымайды»), оның көңілін табу, оған сыйынып, жәрдем тілеу тұлғаларды біріктіретін құндылықтарға жатты. Тұлғалылық құндылықтың қазақы мәдениетте жоғары бағаланғанын игіліктер иерархиясынан да байқаймыз. «Алғашқы байлық-денсаулық, екінші байлық-ақ жаулық, үшінші байлық-он саулық» деген түсінік халық жадысында терең таңбаланған.
Адамдар арасындағы қоғамдық қарым-қатынастарды реттеуде әдет-ғұрып мінез құлықтың неғұрлым көне әрі қуатты нормативі болып табылады. Бұл тапқа дейінгі қоғамда және таптық қоғамда да, өтпелі кезеңде де осылай болған. Қай қоғамда болмасын әдет-ғұрып мінез құлықтағы өзге ережелерден өзгеше инерцияға ие, қоғам мүшесінің психологиясына тікелей әсер беріп, басқа нормативтерді ығыстырады.
Қазақ сахарасында екінің бірі шешен болмағанымен жалпы данагөй, білімпаз, сөйлегенде таңдайынан бал тамған билер көп болған. Бұған тарих, қазақ фольклоры, ауыз әдебиеті куә. Жалпы шешен-билердің дау-жанжалды шешуде атқаратын ролі мен дарынды қасиеттері туралы қазақ топырағында болған Европаның қайраткерлері де тебірене жазған. Мысалы, Бронислав Залесский: «Қазақтар шешен келеді және өздері мұны тәлімді тәрбиенің немесе жақсы тектен шыққандығының дәлелі деп санайды. Жоғары мәртебелі кісі әңгімеге бел шешіп араласқан кезде шешендік сөздер мен әдемі теңеулер шегінен аса төгіледі дейсің…» деп жазса, ХІХ ғасырда Қазақстанға жер аударылып келген поляк халқының белгілі революционері Адольф Янушкеевич өзінің жазбаларында қазақ билерінің шешендік өнеріне қайран қалып, өзінің пікірін былайша қорытындылайды: «Бұдан бірнеше күн бұрын өзара жауласқан екі партияның арасындағы қақтығыстың куәсі болған едім. Сонда Демосфен мен Цицерон сайысқа түсті».
Ахмет Байтұрсынов сөз өнеріне былайша баға береді: «… нәрсенің жайын, күйін, түрін, түсін, ісін сөзбен келістіріп айту … сөз өнері болады». Өнердің ең алды сөз өнері деп саналады. «Өнер алды қызыл тіл» деген қазақ мақалы бар. Мұны қазақ сөз баққан, сөз күйттеген халық болып, сөз қадірін білгендіктен айтқан… өнердің бәрінің де қызметін шама қалғанынша сөз өнері атқара алады. Қандай сәулетті сарайлар болсын, қандай сымбатты я кескінді сүйреттер болсын, қандай әдемі ән-күй болсын-сөзбен сөйлеп, сүйреттеп көрсетуге тануға болады. Бұл өзге өнердің қолынан келмейді» [8, 297 б.].
Дәстүрлі этиканың негіздерін ұғыну үшін ғарыштың тернарлық үлгісі әлеуметтік айна екендігін, яғни, өз кезегінде, орталық шеңберді құрастыратын, үш горизонтальды буындарға бөлінушілікті ескеру маңызды. Космологиялық көзқарастарға сай, діңгекпен құрастырылатын, орталық шеңбер әлеумет құрылымының бірлігін, тұтастығын және мәңгілігін рәміздейді. Қазақтардың артта қалғандығы және енжарлығы туралы кездесетін түсініктерден қылық бағдарларының жоқтығы шықпайды, қайта керісінше, көшпелі өмір салты мен қатал ауа-райы индивидтерді дербестікке мәжбүрлейді. Алайда, қасиетті тәртіпке қатыстылық пен оны ұстап тұрудың маңыздылығы әрекеттердің мақсаттары мен түпкі мағынасын айқындап отырды, оның өмірлік табыстарының болашақтығын және тұлғалық бірегейлікке жете алуды себептеді.
Дәстүрлі этика тіршілік етушілер әлемі мен рухтар әлемінің шекараларының мөлдірлігі туралы космологиялық түсініктерге, өткеннің, қазіргінің, болашақтың байланысының органикалығы мен үздіксіздігі жөніндегі бейнелерге сүйенеді. Өлгендердің рухы біздерге әсер етеді, олардан тағдыр, сәттіліктер, сәтсіздіктер, апаттар тәуелді. Егер адам дұрыс және айтарлықтай теріс қылықтарға барса, олар қамқорлық жасай, көмектесе, қорғай, жазалай алады. Осылай әруақтарға табыну пайда болды. Қайтыс болғандарды, жолы үлкендерді құрметтеу қазақ ділінің ажырамайтын белгілерін құрастырады.
Этикалық ілімдердің мазмұндық жағына зороастризм, тәңіршілдік, буддизм, суфизм, манихейшілдік, ислам көрнекі ықпалын тигізеді. Аспанға (Тәңіріге) табыну жоғарылылықты аңсауға ниеттендірді, адамды тәкаппар, ымыраласпайтын етіп баулыды, бодандық психологиямен сиыспайтын, ерлік философиясын ұстауға шақырады. Жер-Анаға (Тәңірі-Ұмай) табыну адам сенімін, туған жердің қасиеттілігін, рухтардың жебеушілігін нығайтты. Зороастрлық этикаға сай, үш ұстынды – ізгі ойлауды, ізгі сөзді, ізгі әрекетті ұстанып жүрген қажетті. Жақсылық пен жамандықтың арасындағы таңдауды әркім тек өз игілігі үшін емес, бірақ сонымен бірге бүкіл әлемнің тағдырын шешу үшін жасайды.



    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет