1.2 Тегіс жанасу қондырмаларын тандаудағы ұсынылатын тәртіп
(2-сурет, мәліметтер Б қосымшасында)
Домалау мойынтірек қондырмаларын таңдау.
1.2.1.1 Мойынтірек түйіннің жұмыс шарты:
Тегіс білік
Ішкі балдақ және білік айналады.
Сыртқы балдақ және тұрқы қозғалмайды.
Жүктелу тұрақты Rn=6000H.
Діріл және соққы өте аз күйде.
Асқын жүктеу 150%-ке дейін
Осьтік жүктемелер жоқ.
1.2.1.2 Мойынтірек балдақтарының жүктелу түрлері.
Жұмыс жасау шарты бойынша домалау мойынтірек балдақтарының жүктелу сипатын орнатамыз. Ішкі балдақ айналымды жүктемеге, ал сыртқы балдақ жергілікті жүктемеге ие (3 сур).
3-сурет. Мойынтірек балдақтарының жүктелу түрлері (Ішкі балдақ айналымды (Ц) жүктемеге, ал сыртқы балдақ жергілікті (М) жүктемеге ие)
1.2.1.3 Стандартты домалау мойынтірегін таңдау.
МЕСТ 8338-75* бойынша (Б қосымша, Б 1 кесте) жеңіл сериялы, бірқатарлы домалау мойынтірегі 207 таңдалды, келесі өлшемдерімен:
Ішкі балдақтың ішкі диаметрі d= 35мм;
Сыртқы балдақтың диаметрі d= 72мм;
Баллдақтың ені В=17мм.
1.2.1.4 Тісті балдақтарды орталықтандыруда жоғарғы дәлдікті қамтамасыз ету үшін және ось аралық қашықтықтағы тербелісті бәсеңдету үшін 6-класты мойынтірек тағайындалған (6-207).
1.2.1.5 Мойынтірек балдақтарының қондырмаларын таңдау.
Мойынтіректерді білік және тұрқылармен қосу үшін шақтама өрістерін жұмыс шартына, типіне, өлшеміне, мойынтіректің дәлдік класына және де оның балдақтарының жүктелу түріне қарай алады.
Сыртқы жергілікті-жүктемелі балдақтың қондырмасы үшін тұрқыдағы тесіктің шақтама өрісі таңдалынады Н7 (МЕСТ 520-89 бойынша, Dn = 72 мм диаметріне және 150% дейінгі жүктелуге тәуелді) (Б қосымша, Б2 кесте).
Онда тұрқыға сыртқы балдақ қондырмасын бөлшек түрінде жазамыз Ø 72H7/l6, мұндағы l6-сыртқы балдақтың шақтама өрісі, ал Н7 – тұрқыдағы тесіктің шақтама өрісі (4 сур.).
4-сурет. Мойынтірек сыртқы балдағының тұрқы тесігімен жанасу сұлбасы.
Айналымды жүктелген мойынтірек ішкі балдағының қондырмасы үшін шақтама өрісін радиалды жүктеменің есептелген қарқындылығы PR және ішкі балдақтың қондырмалы диаметрі бойынша таңдаған жөн (Б қосымша, Б3 кесте). Радиалды жүктеменің PR балдақ қондырмалы бетіне қарқынды есептеуі келесі өрнек бойынша:
мұндағы PR –жүктеме қарқындылығы, Н/мм;
R – мойынтірекке тұрақты жүктеме R = 6кн;
В- мойынтірек балдағының ені, В=17мм;
К1- динамикалық коэффицент К1=1;
К2- жарты білікте немесе жұқа қабырғалы тұрқылықта әлсіреу дәрежесін ескеретін коэффицент, жалпы білікте К2=1;
К3- 150% дейін – К3 = 1, 150%-ден 300% дейін – К3 = 1,8 жүктемелі тірекке остік жүктеме кезіндегі екіқатарлы аунақшалы мойынтіректерде немесе екі еселенген шарикті мойынтіректегі аунақшалар қатарларының арасындағы радиалды жүктемені тең емес реттелуіндегі коэффициент.
Ішкі айналымды жүктелген балдақ қондырмасы үшін k6 біліктің шақтама өрісін таңдайды (МЕСТ 520-89 жүктелудің қарқындылығына және диаметріне dn тәуелді). Онда білікке ішкі балдақтың қондырмасын бөлшек түрінде жазамыз Ø35L6/к6, мұндағы L6- мойынтірек ішкі балдағының шақтама өрісі, ал к6 – білік шақтама өрісі (5 сур.).
5- сурет. Домалау мойынтірек ішкі балдағының білікпен жанасу сұлбасы.
1.2.1.6 Мойынтіректі түйіндердің қосылыс бөлшектерінің шекті өлшемдері
Мойынтірек балдақтарының шекті өлшемдері, мм,
Сыртқы балдақ 72l6.
Жоғарғы ауытқу esdn = 0
Төменгі ауытқу eidn = – 11 мкм.
Шақтама Tdn = esdn – eidn = 0 – (–11) = 1 1 мкм.
Шекті өлшемдер:
dn мах = dn + esdn = 72 + 0 = 72 мм
dn min = dn + eidn = 72 + (–0,011) = 71,989 мм
Ішкі балдақ Ø35L6
Жоғарғы ауытқу ESDn = 0
Төменгі ауытқу EIDn = –10 мкм.
Шақтама TDn = ESDn – EIDn = 0 – (–10) = 10 мкм.
Шекті өлшемдер:
Dnмах = Dn + ЕSDn = 35 + 0 = 35 мм.
Dnmin = Dn + EIDn = 35 + (–0,01) = 34,99 мм.
Мойынтірек балдағының ені В = 17 мм
Жоғарғы ауытқу esB = 0
Төменгі ауытқу eiB = –120 мкм.
Шақтама TB = esB – eiB = 0 – (–120) = 120 мкм.
Шекті өлшемдер:
Bmax = B + esB = 17 + 0 = 17 мм.
Bmin = B + eiB = 17 + (–0,12) = 16,88 мм.
Тұрқының шекті өлшемдері Ø72H7, мм
МЕСТ 25346-89 бойынша
Шақтама ТD=30мкм
Төменгі ауытқу ЕI=0
Жоғарғы ауытқу ES = EI + TD = 0 + 30 = +30 мкм.
Шеткі өлшемдер:
Dmax = D + ES = 72 + (+0,030) = 72,030 мм.;
Dmin = D + EI = 72 + 0 = 72 мм.
Біліктің шекті өлшемдері
Білік 35k6
Шақтама Td = 16 мкм.
Төменгі ауытқу ei = +2 мкм.
Жоғарғы ауытқу es = ei + Td = +2 + 16 = +18 мкм.
Шекті өлшемдер:
dмах = d + es = 35 + (+0,018) = 35,018 мм.;
dmin = d + ei = 35 + (+0,002) = 35,002 мм.
1.2.1.7 Домалау мойынтірек қондырмаларының сипаттамалары
Тұрқыға сыртқы балдақтың қондырмасы Ø 72 H7/l6 (6 сур.)
Sмах = Dмах –dnmin = 72,030 – 71,989 = 0,041 мм.
Smin = Dmin –dnмах = 72 – 72 = 0
Sm = (Smaх + Smin)/2 = (0,041 + 0)/2 = 0,0205 мм.
Қондырма шақтамалары:
TS = Smах – Smin = 0,041 – 0 = 0,041 мм.
Тексеру:
TS = TD + TDn = 0,011 + 0.030 = 41 мкм.
Білікке ішкі балдақтың қондырмасы Ø35L6/к6 (7 сур.):
Nмах = dмах – Dnmin = 35,018 – 34,99 = 0,028 мм.
Nmin = dmin – Dnмах = 35,002 – 35 = 0,002 мм.
Nm = (Nмах + Nmin)/2 = (0,028 + 0,002)/2 = 0,015 мм.
TN = Nмах – Nmin = 0,028 – 0,002 = 0,026 мм.
Тексеру:
TN = Tdn + Td = 0,016 + 0,01 = 0,026 мм.
6-сурет. Сыртқы балдақтың тұрқыға қондырмасы 72H7/l6.
7-сурет. Iшкі балдақтың білікке қондырмасы 35L6/k6.
1.2.1.8 Домалау мойынтірегінің қондырмалар шақтама өрістерінің орналасу сұлбасы.
Домалау мойынтірек балдақтарының қондырмалар шақтама өрістерінің орналасу сұлбасын графикалық түрде көрсетейік (6, 7 сур.)
8-сурет. Домалау мойынтірегінің білік (а) және тұрқымен (б) жанасуы.
1.2.2 Білікке төлке қондырмаларын таңдау
Жинау және пайдалану шаттары:
Қалыпты жұмысты және жинақты қамтамасыз ету үшін төлке және білік арасында минималды саңылау болуы қажет (Smin = 10...25 мкм).
Білікке деген қондырма үшін төлке шақтама өрісін таңдау Ø 35F10/k6
Төлкенің шекті өлшемдері Ø35F10, мм. МЕСТ 25346-89 бойынша.
Шақтама
TD = 100 мкм.
Төменгі ауытқу
EI = +25 мкм.
Жоғарғы ауытқу
ES = EI + TD = 25 + 100 = +125 мкм.
Шеткі өлшемдер:
Dmax = D + ES = 35 + (+0,125) = 35,125 мм.
Dmin = D + EI = 35 + (+0,025) = 35,025 мм.
Қондырмалар сипаттамалары Ø 35F10/k6, мм (9 сур.)
Smax = Dmax – dmin = 35,125 – 35,002 = 0,123 мм.
Smin = Dmin – dmax = 35,025 – 35,018 = 0,007 мм.
Sm = (Smaх + Smin)/2 = (0,123 + 0,007)/2 = 0,065 мм.
TS = Smaх – Smin = 0,123 – 0,007 = 0,116 мм.
Тексеру:
TS = TD + Td = 0,1 + 0,016 = 0,116 мм.
9-сурет. Білдекке төлке қондырмасы Ø 35F10/k6.
1.2.3 Тұрқыға қақпақ қондырмасын таңдау
Жинау және пайдалану шарттары:
Қалыпты жұмысты және жинақтауда қамтамасыз ету үшін тұрқы және төлке арасындағы минималды саңылау Smin = 80...100 мкм аралығында болуы қажет.
Тұрқыға деген қондырма үшін қақпақ шақтама өрісін таңдау:
-тұрқы тесігінің өлшемдерін Ø 72H7 ескере, МЕСТ 25346-89 бойынша қақпақ шақтама өрісі таңдалады. Алғашқыда минималды саңылауды қамтамасыз ету үшін (Smin = 80...100 мкм.) қақпақтың негізгі ауытқуы таңдалынады, бұл жағдайда es.
Минималды саңылау шамасы келесі өрнек бойынша анықталынады:
Smin = EI – es
Тұрқыдағы тесіктің төменгі ауытқуы EI = 0 (пункт 1.2.1.6). Онда минималды саңылауды қамтамасыз ету үшін таңдаймыз: 72 мм диаметрлі қақпақ үшін d негізгі ауытқуды, ондағы жоғарғы ауытқу es = –100 мкм және 10-квалитетті дәлдікті тағайындаймыз.
Қақпақ шақтама өрісі d10.
Онда тұрқыға қақпақ қондырмасы Ø 72H7/d10 түрінде жазылады.
МЕСТ 25346-89 бойынша қақпақтың шекті өлшемдері Ø 72d10, мм
Шақтама Td = 120 мкм.
Жоғарғы ауытқу es = –100 мкм.
Төменгі ауытқу ei = es – Td = –100 – (+120) = –220 мкм.
Шекті өлшемдер:
dmax = d + es = 72 + (–0,1) = 71,9 мм.
dmin = d + ei = 72 + (–0,22) = 71,78 мм.
Қондыру сипаттамалары Ø75Н7/ d 10,мм (10 сур.)
Smax = Dmax – dmin = 72,035 – 71,78 = 0,255 мм.
Smin = Dmin – dmax = 72 – 71,9 = 0,1 мм.
Қондыру рұқсаты:
Sm = (Smaх + Smin)/2 = (0,255 + 0,1)/2 = 0,1775 мм.
TS = Smaх – Smin = 0,255 – 0,1 = 0,155 мм.
Тексеру:
TS = TD + Td = 0,035 + 0,12 = 0,155 мм.
10-сурет. Тұрқыға қақпақ қондырмасы Ø75Н7/ d 10.
Достарыңызбен бөлісу: |