1 ТЕГІС ЖАНАСУ ҚОНДЫРМАЛАРЫН ТАҢДАУ
Әрекет етуші стандарттар:
25346-89 МЕСТ Өзара ауысымдылықтың негізгі нормалары. ШҚБЖ. Шақтама қатарларының және негізгі ауытқулардың ортақ ережелері.
25347-82 МЕСТ Өзара ауысымдылықтың негізгі нормалары. ШҚБЖ. Шақтама өрістері және ұсынылатын қондырмалар.
8338-75* МЕСТ Шарикті, радиалды, бірқатарлы мойынтіректер. Негізгі өлшемдер.
520-89 МЕСТ Домалау мойынтіректері. Ортақ техникалық шарттар.
3325-85* МЕСТ Домалау мойынтіректері. Білік және тұрқылардың қондырма беттеріне деген техникалық талаптар және шақтама өрістері. Қондырмалар.
Домалау мойынтіректері. Есептеуді орындау реті
1.1.1.Жұмыс шарттары.
Домалау мойынтірегі – бұл өзінің қосылысты беттерімен сыртқы өзара ауысымдылықты иеленуші стандартты түйін. (1 сур.)
D - сыртқы шеңбердің сыртқы диаметрі; d – ішкі шеңбердің ішкі диаметрі; В - ішкі және сыртқы шеңберлердің ені бір болғандағы мойынтірек шеңберінің ені (биіктігі).
1-сурет. Домалау мойынтірегінің қосылысты параметрлері.
Домалау мойынтірегі ішкі және сыртқы балдақтардан және олардың арасындағы айырғыш деп аталатын, бір-бірінен белгілі бір қашықтықта құрсамамен ұсталынатын, домалау денелерінен (шариктерден немесе аунақшалардан) тұрады.
Жұмыс барысында домалау денелері балдақтардың домалау жолдарымен домалайды, олардың кейбіреуі көпшілік жағдайларда қозғалыссыз. Қозғалыстағы домалау денелер арасындағы жүктемелердің үлестірімі бірқалыпты емес және ол мойынтіректегі радиалды саңылаудың мөлшерімен оның бөлшектерінің геометриялық дәлдігіне тәуелді болып келеді.
Бірқатарлы радиалды мойынтіректердің құрылымдық өлшемдері МЕСТ 520-89 және МЕСТ 8338-75* бойынша Б.1.- кестеде келтірілген (Қосымша Б).
Дайындалудың дәлдігін анықтайтын шекті өлшемдерден басқа мойынтірек балдақтары үшін орта диаметрден (Dmp, dmp) жоғарғы және төменгі ауытқулар мөлшерленеді. Бұл жағдайда орта диаметрге деген талап негізгі болып табылады және де қондырмалар орта диаметрдің мәнімен іске асырылады, себебі мойынтірек балдақтары жеңіл деформациялы болып келеді, яғни үлкен қатаңдықты иеленбейді және де балдақтың білік бетіне немесе тұрқы ішіне қондыруда ол деформацияланады және біршама қатаң бетті қондырмалы (жанасатын) пішінді қабылдайды.
Шақтама және қондырмалар есептеулері үшін мойынтірек жұмыс жасау тәртiбiн ескерген жөн. Жұмыс жасау тәртiбi түсінігінде мойынтіректердің жұмыс жасауындағы шарттардың үйлесімділігін түсінеді, жүктеудің шама және сипатын (соққылар, дірілдер, шайқалулар және т.б.), жұмыс температурасын, сыртқы орта әсерінен қорғалуын, үздіксіз жұмыстың ұзақтығын. Домалау мойынтірегінің кемшіліктеріне ажыранды құрылымдар, салыстырмалы үлкен радиалды габариттер, домалау денесінің кинематика және динамикасымен байланысты (центрден тепкіш күштер, гироскопиялық моменттер және т.с.с.) шектеулі тезжүргіштік, дірілді және соққылы жүктемелерде және қарсылықты орталарда, мысалы суда жұмыс жасағандағы төменгі жұмыс қабілеттілігі.
Домалау мойынтіректерін таңбалайды, ондағы ішкі диаметрді, серияны, типті, құрылымдық әртүрлілікті, дәлдік класын және т.б. шартты белгілейтін шетжақ балдақтарына цифрлар қатарларын және әріптерді жазады.
Оң жақтағы бастапқы екі сандар оның ішкі диаметрін d белгілейді. d=20...495 мм –лі мойынтіректер үшін ішкі диаметр өлшемін көрсетілген екі сандарды 5-ке көбейту арқылы анықтайды. Осыдан 7309-тең мойынтірек d=45 мм-лі.
Оң жақтағы үшінші сан диаметрлердің сериясын көрсетеді : 1-өте жеңіл, 2-жеңіл, 3-орташа, 4-ауыр және т.с.с. Мысалы, мойынтірек 7309 диаметрі орта сериялы.
Оң жақтағы төртінші сан мойынтіректің типін көрсетеді: 0-шарикті радиалды; 1- шарикті радиалды сфералық; 2 – қысқа цилиндрлік аунақшалықты аунақшалы радиал; 3- сфералық аунақшалықты аунақшалы радиалды ; 4- ұзын цилиндрлік немесе инелі аунақшалықты аунақшалы радиалды; 5-иірмелі аунақшалақты аунақшалы радиалды; 6- шарикті радиалды-таянышты; 7-аунақшалы конустық; 8-шарикті таянышты, шарикті таянышты-радиалды; 9- аунақшалы таянышты, аунақшалы таянышты-радиалды.
Үлгі ретінде келтірілген 7309-мойынтірегі аунақшалы конустік.
Оң жақтағы бесінші немесе бесінші және алтыншы сандар негізгі түрден мойынтірек құрылымының ауытқуын белгілейді. Мысалы, 7309 мойынтірегі негізгі құрылым бесінші санын белгіленуде иеленбейді, ал соған ұқсас ернеулі мойынтірек 67309 ретінде таңбаланады.
Оң жақтағы жетінші сан ендер сериясын көрсетеді. Жүктемелік қабілеттілігіне қарай (немесе габариттер бойынша) мойынтіректерді жеті диаметрлер және ендер серияларына бөледі: аса жеңіл, ерекше жеңіл, жеңіл, жеңіл енді, орташа, орташа енді және ауыр.
Мойынтіректің негізгі белгіленуіндегі сандар алдында тире арқылы тұрған сандар оның дәлдік класын көрсетеді: 0-қалыпты класс; 6-жоғарғы; 5-жоғары; 4- өте жоғары; 2- аса жоғары және т.б. Радиалды ауытқыма «0»-ден «2» класқа өткенде шақтама 5 рет кемиді, ал бағасы 10 ретке өседі. Үлгі ретінде келтірілген 7309 мойынтірегі – қалыпты дәлдік класы (0- қойылмайды).
Мойынтіректі шартты белгілеуде қосымша таңбалар болуы мүмкін. Олар бөлшектердің металының өзгерісіне, арнайы технологиялық талаптарға және т.б мінезделеді.
Мойынтірек белгіленуінің мысалдары : 211- шарлы радиалды мойынтірек, жеңіл сериялы, ішкі диаметрі d=55 мм, қалыпты дәлдік класы. 6-405-шарлы радиалды мойынтірек, ауыр сериялы , d=25 мм, алтыншы дәлдік класты; 4-2208-доңғалақты қысқа цилиндрлік, жеңіл сриялы d=40 мм , төртінші дәлдік класты;
Мойынтіректі түйіннің жұмыс шартын механизм жұмысының құрылымы және принціпі бойынша анықтайды.
Мойынтірекке 9кН артық күш (дірілдер, қатты соққылар, 300% дейінгі асқын жүктелу) әсер етсе, онда шартты түрде оны ауыр режимді жұмыс деп, ал егер 9кН кем болса, қалыпты жұмыс режімі деп санайды (дірілдер, өте аз соққылар, 150% дейінгі асқын жүктелу) /1/.
1.1.2 Мойынтірек балдақтары үшін жүктеу түрлері және қондырмалар таңдауы.
Мойынтіректі түйіннің жұмыс істеу шартына қарай мойынтірек балдақтарының үш түрлі жүктеулігін айырады: жергілікті, айналымды және тербелісті (МЕСТ 3325-85* Домалау мойынтірегі. Біліктер және тұрқылар қондырмалы беттеріне деген техникалық талаптар және шақтама өрістері).
Жергілікті жүктеу - жүктелу түрі, ондағы мойынтірекке әсер ететін нәтижелі радиалды жүктеме әрқашан да балдақтың сол бір ғана домалау жолының шектелген бөлігімен қабылданады (жүктелу аймағының шегінде ғана) және білік немесе тұрқының қондырмалы бетінің сәйкес бөлігіне беріледі (2 а, в сур.).
Мұндай жүктелу түрі келесі орынға ие:
айналмайтын балдақ жүктеме бағыты бойынша тұрақты әсер етсе (2 а, в сур.)
балдақ және жүктеу бірге айналса.
Жергілікті жүктелуге ұшырайтын балдақтар кепілденген саңылаулармен бірге немесе минималды қынақта ауыспалы қондырма бойынша орнатылуы қажет. Бұл жергілікті жүктелуге ұшыраған балдақтың жұмыс процесі кезінде кейде айналым жасай алуы үшін қажет, ондағы жүктеу тек бір орынға ғана келмеуі үшін, себебі бұл жылдам тозуға әкеледі. Пайдалану процесс кезінде балдақтың айналуында мойынтіректің тозуы бірқалыпты жүреді.
Айналымды жүктелу - жүктелу түрі, ондағы балдақ барлық қондырмалы беттегі жүктеуді бірізді қабылдайды, ал мойынтірекке әсер ететін нәтижелі радиалды жүктеме домалау денелерімен айналу процесінде шеңбердің барлық ұзындығы бойынша және білік немесе тұрқының қондырмалы барлық беттері бойынша қабылданады және беріледі. Жүктелудің мұндай түрі, мысалы балдақ радиалды жүктеме бағыты бойынша салыстырмалы тұрақты айналса, сонымен қатар жүктеме қозғалатын немесе қозғалмайтын балдаққа салыстырмалы айналса (2, в сур.).
Айналымды жүктелуде, балдақ жұмыс процесінде айналмас үшін және оның тозуы бірқалыпты болуы үшін керілісті қондырма бойынша орнатылуы қажет, себебі жүктеу жанасатын бет бойынша бірізді жүреді.
Тербелісті жүктелу – жүктелу түрі, ондағы мойынтіректің қозғалмайтын балдағы бір уақытта әсер ететін радиалды жүктемеге ұшырайды (бағыты бойынша тұрақты Р және айналыстағы Рв, радиалды жүктеме мәні бойынша аз немесе тең).
Олардың тең әсерлігі қозғалыссыз радиалды күшке салыстырмалы мерзімді симметриялы тербелісті қозғалыс жасайды. Сонымен қатар бұл тең әсерлік қондырмалы беттің шектелген сәйкес бөлігіне мерзімді беріледі (2,б сур.), тербелісті жүктелуде бірқалыпты тозу үшін жұмыс процесінде балдақтың бұрылу мүмкіндігін қамтамасыз ету мақсатында балдақты ауыспалы қондырма бойынша орнату қажет.
1.1.3 Стандартты домалау мойынтірегін таңдау.
Тапсырмада берілген өлшемдер бойынша (МЕСТ 8338-75* бойынша шарикті радиалды бірқатарлы. Негізгі өлшемдер) стандартты мойынтіректі таңдау, мұндағы балдақ енінің өлшемі берілгендегідей болып қалуы қажет, себебі ол өлшем тізбегіне кіреді. Егер де ол өзгертілсе, онда ол өзгерісті тізбекті өлшшемді есептегенде ескерген жөн.
а) б) в)
М-жергілікті , Ц-айналымды , К-тербелмелі
2- сурет. Домалау мойынтірек балдақтарының жүктелу түрлері.
1.1.4 Мойынтіректiң дәлдік класын таңдау.
Мойынтіректің дәлдік класы айналу дәлдігіне ұсынылатын және механизмнiң жұмыс шартына қойылатын талаптарға қарай таңдалады.
Домалау мойынтіректерінің дәлдік кластары бар: 0, 8, 7, 6, 5, 4, 2, Т. Ең өрескел кластары ретінде 0, 8, 7, ал ең дәл кластар - 2 және Т. Машинажасаудың ортақ пайдалануындағы көпшілік механизмдер үшін қалыпты жұмыс жасау режімді «РО» дәлдік класты мойынтіректі қабылдайды, «Р6» класы ауыр жұмыс жасау режімінде қолданылады:
білік айналуында өте жоғары дәлдік талап етілгенде;
үлкен айналу жиіліктерінде.
Шартты деп санау қажет: егер де тісті доңғалақ бәсеңдеткіштің ішінде орналасқан болса- қалыпты режим және «РО» дәлдік класты мойынтіректі қолдану, егер де тісті доңғалақ біліктің соңында орналасқан болса, онда айналудың өте жоғары дәлдігі қажет – «Р6» дәлдік класты мойынтіректі қолдану.
1.1.5 Домалау мойынтірегінің қондырмаларын таңдау.
Домалау мойынтірегінің қондырмалар таңдауы мойынтірек типіне, өлшеміне, құрылымына, пайдалану шартына, мойынтірекке әсер ететін жүктеме бағытының шамасына және сипатына тәуелді жасалынады.
Қондырманың қажетті сипаты мойынтірек балдақтарының өзгермейтін шақтама өрістерінде, білік шақтама өрісінің және тұрқы (стақан) тесігінің сәйкес таңдауында қамтамасыз етіледі. Ортақ ереже бар: айналатын балдақ үшін керілісті қондырма, ал айналмайтын балдақ үшін саңылаулы қондырма қолданылады.
Қозғалмайтын қосылыстарды алу үшін ауыспалы қондырмалардағы шақтама өрістерін қолданады. Жүктелу түріне тәуелді шақтама өрістерін таңдау деп, мойынтірек балдақтарының жүктелу түрін ескеру қажеттілігін айтады.
Жергілікті жүктелген балдақтар тұрқымен (стақанмен) немесе саңылаулы қондырма бойынша білікпен қосылады. Ажыратылмайтын тұрқының (стақанның) шақтама өрістерін қондырмалы балдақ диаметріне және МЕСТ 520-89 Домалау мойынтірегі. Ортақ техникалық шарттар (В Қосымша) стандартты жүктемеге тәуелді таңдайды.
РО және Р6 дәлдік класты мойынтіректер үшін тұрқы тесіктерін IT7 (7 дәлдік квалитеті) бойынша жасау ұсынылады. Айналымды жүктелген ішкі балдақ үшін жүктелу қарқындылығы есептелінеді (өрнек орындау үлгісінде). Ішкі балдақтың диаметр шамасына және қарқындылығына қарай МЕСТ 520-89 бойынша біліктің шақтама өрістерін табады. РО және Р6 дәлдік кластары үшін білік IT6 бойынша жасалынады (6 дәлдік квалитеті бойынша) (Қосымша В қара).
1.1.6 Білік, тұрқы, мойынтіректер балдақтарының шақтама өрістерін белгілеу.
Сыртқы балдақтың шақтама өрісін "l0",…, "l6" деп, ал ішкі балдақтың шақтама өрісін "L0",…, "L6" деп белгілейді, мұндағы l, L "Lager"-мойынтірек неміс сөзінің алғашқы әрпі.
0 және 6 сандары – таңдалған мойынтіректің дәлдік класы. Сыртқы балдақ негізгі білік (латынның кіші әріпі l) болып, ал ішкі балдақ – негізгі тесік (латынның үлкен әріпі L) болып табылады. Осыдан келе ішкі балдақтың білікке қондырмасы тесік жүйесінде, ал сыртқы балдақ тұрқыға - білік жүйесінде орындалады.
Тұрқының (стақанның) шақтама өрісі негізгі ауытқудың (үлкен әріптің) және дәлдік квалитетінің (сандар) сәйкестігімен белгіленеді. Мысалы: Н7, G7, JS7.
Біліктің шақтама өрісі негізгі ауытқудың (әріптер) және білік дәлдік квалитетінің (сандар) сәйкестігімен белгіленеді, мысалы k6, jS6, n6, m6.
Қондырмалар белгіленуі:
сыртқы балдақтың тұрқыға (стақан) қондырмасы бөлшек түрінде көрсетіледі: тақ сандарда – тесіктің шақтама өрісі тұрқыда (стақанның), жұпта – сыртқы балдақтың (білік болып табылатын) шақтама өрісі, мысалы: Ø40Н7/l0;
Ішкі балдақтың біліккке қондырмасы: тақ санда – ішкі балдақтың шақтама өрісі, жұп санда – білік шақтама өрісі, мысалы: Ø 25L0/k6.
Домалау мойынтірегін білік және тұрқылармен қосылысын жасау үшін МЕСТ 3325-85* «Домалау мойынтірегі. Білік және тұрқылардың қондырма беттеріне деген шақтама өрістері және техникалық талаптары» стандарты бойынша шақтама өрістері бекітілген. Қондырмалар (Б қосымша, Б2 және Б3 кестелері).
1.1.7 Білік және тұрқы домалау мойынтірек балдақтарының шекті ауытқулары.
1.1.7.1 Домалау мойынтірек балдақтарының шекті ауытқуларының өлшемдерін МЕСТ 520-89 «Домалау мойынтірегі. Домалау мойынтірегінің дәлдік класы және балдақтың номиналды өлшеміне тәуелді ортақ техникалық шарттар» (Б қосымша, Б4 және Б5 кестелері) бойынша табады. Балдақ өлшемінің негізгі сипаттамасы ретінде орта диаметрді алады Dm немесе dm. Балдақ енінің ауытқуын ішкі балдақтың номиналды диаметрі бойынша табады.
1.1.7.2 Тұрқылар (стақандардың) және біліктердің шақтамаларын, негізгі ауытқуларын келесі стандарттар бойынша табады: МЕСТ 25346-89 өзара ауысымдылықтың негізгі нормалары. ШҚБЖ (шақтама және қондырмалар бірыңғай жүйесі). Шақтама қатарларының және негізгі ауытқулардың ортақ ережелері немесе МЕСТ 25347-82 өзара ауысымдылықтың негізгі нормалары. ШҚБЖ. Тұрқы (стақан), біліктердің номиналды өлшемдеріне және таңдалынған дәлдік квалитеттері және шақтама, біліктердің негізгі ауытқуларының белгіленуіне тәуелді шақтама өрістері және ұсынылатын қондырмалар.
1.1.7.3 Балдақ, білік, тұрқылардың шекті өлшемдері.
Бөлшектердің шекті өлшемдері: Dmax, Dmin – тұрқылардағы тесіктер, dnmax, dnmin – мойынтіректің сыртқы балдақтары, dmax, dmin – біліктер, Dnmax, Dnmin –мойынтіректің ішкі балдақтарын төменде келтірілген өрнектер бойынша табады.
Шекті өлшемдерді МЕСТ 25346-89 бойынша:
Ішкі балдақ, Dn
Dn мах = Dn + ESDn
Dn min = Dn + EIDn
Сыртқы балдақ, dn
dnмах = dn + esdn
dnmin = dn + eidn.
Мойынтірек балдағының ені В, мм
Bmax = B + esB
Bmin = B + eiB
Тұрқыдағы тесіктердің шекті өлшемдері , мм
Dmax = D + ES
Dmin = D + EI
Біліктің шекті өлшемдері , мм
dмах = d + es
dmin = d + ei
1.1.8 Домалау мойынтірек қондырмаларының сұлбалары.
Сыртқы балдақтың тұрқыға (стақан) және ішкі балдақтың білікке қондырмалар сұлбасы 1-формалы негізгі жазбамен қағазда (А4 формат) орындалады. (МЕСТ 2.104-68 ҚҚБЖ. Негізгі жазбалар).
Негізгі жазбаға сұлбалар кіретін бөлім жазылады. «Домалау мойынтірек қондырмалары». Әр сұлбаның үстіне нүкте арқылы бөлінген бөлім нөмірінен, сұлба нөмірінен тұратын сандар және сұлба атауы жазылады. Мысалы: 1.1.8.1. Тұрқыдағы сыртқы балдақ қондырмасы – (қондырманы белгілеу, мысалы: Ø 72Н7/l6).
Шақтама өріс қондырмаларының сұлбалары номиналды өлшемге сәйкес нөлдік сызыққа салыстырмалы құрылады. Мкм-де жақындатылған масштабта және өз белгілерімен қойылатын ауытқулар нөлдік сызықтан бастап қойылады (Мысалы: ei = +2; es = +18; EI = 0; ES = +30).
Плюстік ауытқулар үстіге қойылады, ал минустік ауытқулар – төменде нөлдік сызықтан бастап. Номиналды өлшемді сұлбада мм-де көрсетеді, ал шекті өлшемдерді - әріп арқылы белгілейді: Dмах; Dмin; Dn мах; Dn min; dмах; dmin; dn мах; dn min; Smaх; Smin; Nmах; Nmin.
1.1.9 Қондырма қақпағының тұрқыға таңдауы
Қалыпты жұмысты және жинақтауды қамтамасыз ету үшін тұрқы және қақпақ арасындағы минимал саңылау 80-100 мкм аралығында болуы қажет (Smin = 80 – 100 мкм), қақпақты ИТ10, ИТ11 бойынша жасау;
Мойынтірек қондырмасы үшін таңдалған, тұрқының шақтама өріс сұлбасын тұрғызу;
Қақпақтың жіберілетін жоғарғы ауытқуын анықтау;
Қақпақты дайындау квалитетін таңдау, қақпақ шақтама өрісінің белгіленуін жазып алу d10, f10;
МЕСТ 25346-80 бойынша қақпақ негізін (жоғарғы ауытқу еs ) таңдау;
Қақпақтың төменгі ауытқуын таңдалған квалитет бойынша қақпақ шақтамасын анықтап табады.
Қақпақтың төменгі ауытқуын таңдалған квалитет бойынша қақпақ шақтамасын анықтап табады.
1.1.10 Тұрқы тесігіне білдек қондырмасын таңдау
Стақанның сыртқы диаметрін және тұрқыдағы тесіктің ішкі диаметрін бекіту. Стақанның тұрқымен қосылысында саңылаудың болуы қажет емес. Стақандар үшін ауыспалы қондырмаларды қолдану ұсынылады.
1.1.11 Тұрқы тесігіне төлке қондырмасын таңдау
Ұсынылатын қондырмалар: тақ болғанда тұрқы тесігіндегі шақтама өрісі –Н7/js6; Н7/К6; Н7/М6, жұп болғанда – төлкенiң сыртқы диаметрінің шақтама өрісі.
1.1.12 Білікке төлке қондырмасын таңдау
а) мойынтірек қондырмасын таңдауда біліктiң шақтама өрісі бекітілген (мысалы: 30k6). Білік шақтама өрісі k6 домалау мойынтірек қондырмасының шартынан қабылданған;
б) Қалыпты жұмысты қамтамасыз ету үшін төлке және білік арасындағы минималды саңылау Smin=10 – 25 мкм болуы қажет.
в) Төлкені ИТ8, ИТ9 бойынша жасау;
г) біліктің шақтама өрісін табу үшін:
біліктің шақтама өріс сұлбасын тұрғызу.
біліктің болжаулы төменгі ауытқуын анықтау.
МЕСТ 25346-89 бойынша төлкенің негізгі ауытқуын таңдау және төлке негізгі ауытқуының белгіленуін жазу;
білік, төлке шақтама өрістерінің белгіленуін жазу. Төлкенің жоғарғы ауытқуын төлкенің таңдалған квалитет бойынша шақтаманы анықтау арқылы табады.
д) төлкелерін ұсынған өту кеңстіктері Н7; Н8; Н9; F8; E9; D9; D10.
1.1.13 Білікке тісті дөңгелек қондырмасын таңдау
Ұсынылатын қондырмалар:
кілтекті біріктіруді қолданған қозғалмайтын балдақтар үшін Н7/К6; Н8/М6;
Түзу тісті цилиндрлік балдақтар үшін Н7/Р6; Н7/Р6;
Цилиндрлік қисық тісті және бұрамдық балдақтар үшін Н7/Р6; Н7/S6;
Конустық балдақ үшін Н7/Р6; Н7/Т6;
1.1.14 Білікке балдақ қондырмасын таңдау
Балдақ - l/D < 0,8 қатынасын иеленеді.
Төлке- l/D>0.8
мұндағы l-төлкенің ұзындығы (балдақтар);
D – төлкенің диаметрі (балдақтың).
Қондырма үшін ұсынылатын балдақ тесіктерінің шақтама өрістері D11, D10 немесе D9, Н11, Н10 немесе Н9.
Достарыңызбен бөлісу: |