Қондырмалар таңдауы және тізбектік өлшемдер есептемесі


Бөлімнің орындалуына әдістемелік нұсқау



бет7/18
Дата16.03.2023
өлшемі1,64 Mb.
#74831
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18
3.1 Бөлімнің орындалуына әдістемелік нұсқау

МЕСТ 1139–80* бойынша D, d, b қосылыс өлшемдерін тексеру. Егер де берілген өлшемдер стандарттан өзгеше болса, онда өзгерісті енгізу қажет. Таңдалған өлшемдер мойынтірек астындағы беттерге зақым түсірмей, жинақты қамтамасыз ету қажет.





      1. Эксплуатациялық және технологиялық түсініктерден шыға, орталықтандырудың түрін анықтау.

"d" (15,б сурет) бойынша орталықтандыру білік және төлке остерінің жоғары дәлдікті сыйыстыруын (бірлесуін) алу үшін қолданады. Бұл жанасуды қамтамасыз ету үшін білік және төлкедегі ішкі диаметр бойынша тесік біржола ажарлаумен түзелуі мүмкін. Бұл жанасу білік те төлке де жоғарғы қаттылықты иеленсе қолданылады. Орталықтандырудың бұл түрі қымбат, алайда ең дәлдісі.
"d" бойынша орталықтандыруды келесі жағдайларда қолданады:

  • жанасатын бөлшектердің геометриялық осьтер бірлесуінің аса жоғары дәлдігі қажет болғанда;

  • термоөңдеуден кейінгі оймакілтекті төлке өте жоғары қаттылықты иеленгенде және оны біржола тартажонумен өңдеуге болмағанда, бұл жағдайда оймакілтекті тесік ішкі диаметр бойынша ажарланады;

  • термоөңдеуден кейінгі білік пішінінің қисаюы бақыланғанда, ол тістер шетжақтарын және білік ішкі диаметрін ажарлағанда кетіріледі.

Ауыр жүктелген оймакілтекті қосылыстар, ережеге сәйкес ішкі диаметр бойынша орталықтандыруға ие.
"D" бойынша орталықтандыру, "d" бойынша орталықтандыру дәлдігімен теңбағалы. Орталықтандырудың бұл тәсілі қолданылады, егер де:

  • төлке материалының қаттылығы төмен болғанда, ол тартажонумен төлкенің саңылауының толықтай өңделуін тарту бойынша жүргізу;

  • оймакілтекті білік сыртқы диаметрі бойынша тегістеледі.

"D" (15, а сурет) бойынша орталықтандыру аз айналу моментін берудегі қозғалмалы және қозғалыссыз байланыстарда қолданады және аз тозуға ұшырайтын басқа байланыстарда қолданылады. Бұл түйісудің қамтамасыз ету үшін төлке аз қаттылықпен (HRC 35 үлкен емес) дайындалу қажет, таза тартумен өңдеуді қамтамасыз ету үшін білік үлкен қаттылыққа ие болу және тегістеумен өңделуі мүмкін. Орталықтандырудың бұл тәсілі қарапайым және үнемді. "D" орталықтандыруда жасау бағасы "d" ішкі диаметрді орталықтандырудан төмен. Бұл орталықтандырудың кең таратылған түрі.
Біліктің тістерінің қырлы беттері "b" немесе төлкенің ені бойынша орталықтандыру аз қоданылады, үлкен айналу моментін беруде қолданылады, тістердің біркелкі салмақтануы (карданды берілісте) керек кезінде, ауыспалы белгілі салмақтарда, реверсияланған, білік төлке мен шарт бойынша бірде бір жаққа, бірде басқа жаққа айналғанда, сонымен қатар төлке мен біліктің біліктестілігіне байланысты қолданылады. Жұмыстың мұндай шартында шұңқырдың қырлы жағында үлкен саңылаулар рұқсат етілмейді.
Бұл тәсілде білік өсі мен төлкенің жоғарғы дәлдігі қамтамасыз етілмейді, сондықтан ол "b" немесе "D" бойынша орталықтандыруда аз қолданылады.



      1. Қосылысқа рталықтандыру түрін, түйін құрылымын және пайдалану талаптарын ескере, МЕСТ 1139-80* Өзара ауысымдылық негізгі нормалары. Оймакілтекті тікбөшкелі қосылыстар. өлшемде және шақтамалар (Г қосымшасы, Г1 кестесі) стандарты бойынша орталықтандыру диаметріне және оймакілтек еніне шақтамаларды тағайындау.

Білік және төлкелердің шақтама өрістері МЕСТ 25347-82 алынған, онда білік үшін 20, ал төлке үшін 8 өріс бекітілген және де МЕСТ 1139-80 стандартына сәйкес келуі қажет: Өзара ауысымдылықтың негізгі нормалары. Оймакілтекті тікбөшкелі қосылыс. Өлшемдер және шақтамалар.
Төлке шақтама өрісінің ішкі және сыртқы диаметрлері бойынша орталықтандыруда, ережеге сәйкес бір квалитетке білік шақтама өрісі көп келеді. Тістердің шетжақтары бойынша орталықтандыруда «b» енді қондырмалар жеке жағдайларда тесік және білік шақтамалары екі, үш квалитетке ерекшеленеді.



      1. Жинақтық сызбаларда оймакілтекті қосылысқа белгі беру..

Оймакілтекті қосылысты белгілеуде негізгі құрылымды мәліметтер және негізгі құрылымды беттердің өлшемдерін дайындаудағы дәлдік көрсетіледі, дәлірек: орталықтандыру тәсілі, оймакілтектер саны (тістер), ішкі диаметр мәні және сол диаметр бойынша қондырма, сыртқы диаметр мәні және сол диаметр бойынша қондырма, оймакілтектер енінің мәні және оймакілтек ені бойынша қондырма.
Мысалы, жинақтық кестеде оймакілтекті қосылыс белгіленуі көрсетілген:



Бұл белгі оймакілтекті қосылыстың ішкі (d) диаметр бойынша орталықтандыру арқылы пайда болғандығын көрсетеді, ол 8 (z) тістер санын иеленеді, ішкі диаметр мәні d = 36 мм және осы диаметр бойынша қондырма Н7/e8, ал сыртқы диаметр мәні D = 40 мм тең, осы диаметр бойынша қондырма Н12/d11, оймакілтектер (тістер) енінің мәні b = 7 мм және оймакілтектер ені бойынша қондырма D9/f11.


"D" бойынша орталықтандыруда:



"b" бойынша орталықтандыруда:





Жұмыс сызбаларында оймакілтекті төлке мен оймакілтекті біліктің белгіленуі жанасудағыдай, алайда тек бір ғана қосылыс элементі үшін шақтама өрістерінің көрсетілуімен.
Оймакілтекті төлке үшін d – 8 x 36H7 x 40H12 x 7D9
Оймакілтекті білік үшін d – 8 x 36e8 x 40d11 x 7f8.
МЕСТ 1139–80* стандарты орталықтандырмайтын диаметрлер шақтамаларын белгіленулерде көрсетпеуге рұқсат етеді.

3.1.4 МЕСТ 25346–89 Өзара ауысымдылықтың негізгі нормалары. ШҚБЖ. Ортақ күйлер, шақтамалар және негізгі ауытқулардың қатарлары және МЕСТ 25347-82 Өзара ауысымдылықтың негізгі нормалары. ШҚБЖ. Шақтама өрістері және ұсынылған қондырмалар, оймакілтекті төлке және білік элементтері үшін D, d, b негізгі және екінші ауытқуларды анықтау, шақтамаларды анықтау, шекті өлшемдерді есептеу.



      1. Орталықтандырушы диаметр және оймакілтек ені бойынша оймакілтекті қосылыс шақтама өрістерінің сұлбаларын салу, оймакілтекті бөлшектердің шекті өлшемдерін және қондырмалар сипаттамаларын есептеу (Dmax, Dmin, dmax, dmin, bmax, bmin):

Smax (Nmax) - максималды саңылау (қынақ);
Smin(Nmin) - минималды саңылау (қынақ)
Scp(Ncp) - орташа саңылау (қынақ)
TS – қондырма шақтамасы.

      1. Оймакілтекті қосылыс параметр есептеулерінің дұрыстығын

TS = TD + Td өрнегі бойынша тексеру
мұндағы TD - төлке элементінің шақтамасы; Td - білік элементінің шақтамасы.





    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет