Қондырмалар таңдауы және тізбектік өлшемдер есептемесі


Бұранда параметрлерін таңдаудағы ұсыныстар (М14 бұранда берілген)



бет6/18
Дата16.03.2023
өлшемі1,64 Mb.
#74831
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
ОВЗ на каз

Бұранда параметрлерін таңдаудағы ұсыныстар (М14 бұранда берілген)




      1. Бұрандалы қосылыс параметрлерінің өлшемдері (13 сурет).

МЕСТ 24705 – 81 бойынша (В қосымша, В1, В2 кестелері) М14 бұрандасы өлшемдерге ие (1 кесте):

1 – кесте. Бұранда параметрлері





Параметр

Сомын

Бұрандама

Белгіленуі

Шама

Белгіленуі

Шама

Ұсақ қадам

P

1,25

P

1,25

Сыртқы диаметр

D

14,000

d

14,000

Орташа диаметр

D2

13,118

d2

13,118

Ішкі диаметр

D1

12,647

d1

12,647

Пішін бұрышы

Α

600

Α

600

13-сурет. Бұрандалы қосылыстың пішіні М14х1,25 – 6Н/6g.



      1. Бұрап шығару ұзындығын таңдау.

Тұрқыдағы бұранданың бұрап кіргізу ұзындығының өлшемін ескере, МЕСТ 16093-81 «Өзара ауысымдылықтың негізгі нормалары. Метрикалық бұранда. Шақтамалар. Саңылаулы қондырма» (В қосымша, В9 кесте) бойынша 12 мм бұрап шығару ұзындығын таңдаймыз.



      1. Дәлдік класын таңдау.

Бұранданы тағайындау – бекітпелі.
Ұя – бітеу.
Жүктеме – статикалық..
Орта класс дәлдікті бекітпелі бұранданы таңдаймыз (В қосымша, В12 – кесте).

2.2.4 Шақтам өрістерін таңдау.


МЕСТ 16093 – 81 бойынша 12 бұрап шығару ұзындықты орта класс дәлдікті бұранда үшін келесі шақтама өрістерін тағайындаймыз (В қосымшасы, В5 – кесте).

2 – кесте. Бұрандалы бөлшектердің шақтама өрістері





Бұранда
диаметрі

Диаметр
шамасы

Сомынның шақтама өрісі

Бұрандаманың шақтама өрісі

Орташа

D2(d2)=13,118

6H

6g

Сыртқы

D(d)=14,000

мөлшерленбейді

6g

Ішкі

D1(d1)=12,647

6H

мөлшерленбейді

2.2.5 Бұрандалы қосылыстарды белгілеу.
Жұмыс сызбаларында.
Сомын М14х1,25 – 6Н
Бұрандама М14х1,25 – 6g
Жинақтық сызбада.
М14х1,25 – 6Н/6g



      1. Бұрандалы бөлшектердің орта диаметрінің шекті өлшемдері және ауытқулары

МЕСТ 16093 – 81 бойынша шекті ауытқулар (В қосымшасы, В3 және В5 кестелер).

3 – кесте. Бұранда орта диаметрінің шекті ауытқуы





Ауытқулар атауы

Ауытқулар

Сомын Ø13,188 6Н

Бұрандама Ø13,188 6g

Төменгі

EID2=0

eid2= - 160

Жоғарғы

ESD2=+180

esd2= - 28

Шақтама

TD2=+180

Td2=132

Шекті өлшемдер, мм


Сомын үшін:
D2max=D2+ESD2= 13,188+(+0,18)=13,368 мм.
D2min=D2+EID2=13,118+0=13,118 мм.
Бұрандама үшін:
d2max=d2+esd2=13,118+ (-0,028) =13,160 мм.
d2min=d2+eid2=13,118+ (-0,16) =13,028 мм.

Ø13,118 мм орта диаметрі бойынша қондырмалар сипаттамасы (14 сур.)


Smax = D2max – d2min = 13,368 – 13,028= 0,34 мм.
Smin = D2min – d2max = 13,118 – 13,160 = 0,028 мм.
Sm = (Smax +Smin)/2 = (0,34 +0,028 )/2=0,184 мм.
TS = Smax – Smin = 0,34 – 0,028 = 0,312 мм.

Тексеру: TS = ТD2 + Td2 = 0,18 + 0,132 = 0,312 мм.





14 - сурет. Ø13,188 6Н/6g орта диаметрі бойынша бұрнадалы қосылыстың қондырмасы.

3 ОЙМАКІЛТЕКТІ ҚОСЫЛЫС ҚОНДЫРМАСЫН ТАҢДАУ

Әрекет етуші стандарттар:


МЕСТ 1139 – 80* Өзара ауысымдылықтың негізгі нормалары. Оймакілтекті тікбөшкелі қосылыстар. Өлшемдер және шақтамалар.
Оймакілтекті қосылыс – бұл біліктің тесікпен ажыранды қосылысы, ондағы білікте тістер болса (шығыңқылықтар), ал тесіктерде – сәйкес ойымдар болса (оймакілтек). Олар бұрау моментін беру үшін тағайындалған. Жеке жағдайларда жанасатын бөлшектер осьтік орын ауысуды иеленуі мүмкін.
Пішін формалары бойынша оймакілтек қосылыстарды тікбөшкелі, эвольвентті және үшбұрышты деп бөледі, қуаттылықтары бойынша ажыратуда үш қосылыс сериялары бекітілген: жеңіл, орташа және ауыр.
Тікбөшкелі оймакілтек қосылыстарды қозғалатын және қозғалмайтын қосылыстарды пайдаланады. Олар сыртқы диаметрмен 14 ... 125 мм қосу үшін қолданылады.

а) б) в)

15 – сурет. Оймакілтек қосылыстарды орталықтандыру тәсілдері.

Оймакілтек қосылысының параметрлері ішкі (d) және сыртқы (D) диаметрлердің өлшемдері, ойық ені (b) негізінен білік және төлке арасындағы қабылданған орталықтандыру (орнықтандыру) жүйесіне тәуелді беріледі.


Өлшемдердің өзара орналасуының қателіктері, орталықтандыруды бірден үш өлшемді параметрлер (D, d, b) бойынша жасауға мүмкіндік бермегендіктен, МЕСТ 1139-80 «Оймакілтекті тікбөшкелі қосылыстар. Өлшемдер және шақтамалар» стандартымен тістердің шетжақ (b), ішкі (d) және сыртқы (D) диаметрлері бойынша орталықтанған шақтамаларды бекітеді, яғни оймакілтекті төлкенің білікпен қосылысы олардың салыстырмалы орталықтандыру тәсілдерінің үшеуінің біреуі бойынша орындалады (15сурет):

  • сыртқы диаметр беті бойынша – D;

  • ішкі диаметр беті бойынша – d;

  • тістердің шетжақ беттері бойынша – b.

Орталықтандырудың сәйкес тәсілін таңдау эксплуатациялық және технологиялық түсініктерімен анықталынады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет