2 БҰРАНДАЛЫ ҚОСЫЛЫС ҚОНДЫРМАЛАРЫН ТАҢДАУ
Тарау мақсаты бұрандама параметрлерін анықтау, қондырмалар сипаттамаларын есептеу, бұранда бөлшектерінің қондырмалар шақтама өрістерінің сұлбасын графикалық бейнелеу және қосылыстар бойынша стандарттармен жұмыс істеу білімін студенттерге меңгерту.
Әрекет етуші стандарттар:
МЕСТ 24705-81. Өзара ауысымдылықтың негізгі нормалары. Метрикалық
бұранда. Негізгі өлшемдер.
МЕСТ 8724-81. Өзара ауысымдылықтың негізгі нормалары. Метрикалық
бұранда. Диаметрлер және қадамдар.
МЕСТ 16093-81. Өзара ауысымдылықтың негізгі нормалары. Метрикалық
бұранда. Шақтамалар. Саңылаулы қондырмалар.
МЕСТ 4608-81. Өзара ауысымдылықтың негізгі нормалары.
Метрикалық бұранда. Керілісті қондырма.
МЕСТ 24834-81*. Өзара ауысымдылықтың негізгі нормалары. Метрикалық
бұранда. Ауыспалы қондырмалар.
МЕМСТ 9150-81. Өзара ауысымдылықтың негізгі нормалары. Метрикалық
бұранда. Профиль.
Бұрандалы қосылыс – бұл екі бөлшектердің бұранда көмегімен қосылысы, яғни цилиндр немесе конус бүйіржақ бетерінде пайда болған, бір немесе бірнеше біркелкі орналасқан бұрамалы шығынқылары бар тұрақты қималы бөлшек элементтері.
Тағайындалуларына байланысты бұрандалы қосылыстарды - машинаның жеке бөлшектерін бекітетін – бекітпелі, айналуды бөлшектердің осьтік қозғалыстарына түрлендіретін – кинематикалық, құбыржол бөлшектерінің қымтаулы қосылыстары үшін құбырлы деп бөледі.
Бұрандалардың өзара ауысымдылық шартының негізі болып, қосылысты берілген сипаттама бойынша қиюластырусыз алуда, бір пішінді бұранданы, қадам және номиналды иеленуші бұрандама және сомындардың бұрап шығарылуын айтады.
Ортақ тағайындамададағы металдық бұрандалар үшін МЕСТ 9150-81 стандарты таралған, ол номиналды пішінді және оның элементтерінің өлшемдерін бекітеді.
- Бұранда пішіні – бұл сыртқы және ішкі бұрандалар үшін ортақ, бұранда осі арқылы өтетін, жазықтықтағы бунақ және шығынқылықтар қимасының қарамы. Бұранда пішінінің элементтері болып, бұрандама d және сомынның D сыртқы диаметрлері, бұрандама d1 және сомынның D1 ішкі диаметрлері, бұрандама d2 және сомынның D2 орта диаметрлері бұранда қадамы P және бұранда пішінінің көлбеулік бұрышы α.
– Сыртқы диаметр d және D , (яғни бұранданың номиналды диаметрі) – сыртқы бұранда (бұрандаманың) төбелерінің немесе ішкі бұранданың (сомынның) ойымдарының айналасы бойынша сипатталған елестетілген цилиндрдің диаметрі.
– Ішкі диаметр d1 және D1– сыртқы бұранда (бұрандаманың) ойымдарына немесе ішкі бұранда (сомынның) төбелерімен бірге енгізілген елестетілген ойша цилиндрдің диаметрі.
– Орташа диаметр d2 және D2, - бұрандамен осьтестік ойша цилиндрдің диаметрі, ондағы әрбір құраушы - бунақпен қиылысқанда пайда болған, көрші жатқан орамдар пішін нүктелерінің арасында жатқан кесіндінің номиналды қадамның жартысына тең болатындай пішінді қияды.
- Бұранда қадамы Р – бұранда осінен бір жақта, бір осьтік жазықтықта жатқан, пішіннің біратты шетжақ жақын жатқан орта нүктелерінің арасындағы оське параллель сызығы бойынша арақашықтық.
– Бұранда пішінінің бұрышы α – осьтік қима жазықтығындағы бұранданың шектес шетжақтарының арасындағы бұрыш. Мөлшерлеу үшін α/2 бұрышы жиі қолданылады, ол бұранда пішінінің шетжақтарының және бұранда осіне перпендикулярлықтың арасындағы иілу бұрышы. Метрлік бұранда үшін α = 600.
11- сурет. Метрлiк бұранда профилі.
Метрлік бұранда үшін келесі элементердің дәлдіктері мөлшерленеді: бұрандаманың сыртқы диаметрі (Тd), сомынның ішкі диаметрі (ТD1), бұрандама және сомынның орта диаметрлері (Td2, TD2) немесе номиналды пішінге сәйкес ұзын бойына ауытқуы бойынша бұл элементтер үшін тек бір ғана ауытқу мөлшерленеді, дәлірек d1 үшін жоғарғы ауытқу (es) және D1 үшін төменгі ауытқу (EI) және де d1 үшін төменгі ауытқу (ei), D үшін жоғарғы ауытқу (ES) мөлшерленбейді.
Дәлдік дәрежелерін және бұранда қосылыс қондырмаларын тағайындауда қосылыс түрін (бұрандамалы, бұрамасұқпалы, т.с.с.), жүктелу сипатын, бәсеңдеткіш тұрқы материалын (біліктің), бұрап шығару ұзындығын ескеру қажет.
Бекітпелі бұранданың бұрандама және сомынның бұрап шығарылуын жеңіл әрі тез қамтамасыз ету үшін сонымен қатар жоғары температурада жұмыс істейтін немесе жегіге қарсы қаптамасы бар бұранда бөлшектерінің кірлігуінің алдын алу үшін немесе аздаған кірленуде саңылаулы қондырманы қолданады.
Н егізгі ауытқулар тегіс элементтерге қарағанда бұрандалар үшін өте аз мөлшерде мөлшерленеді. Бұрандаманың сыртқы бұрандалары үшін саңылаудың өсу реті бойынша h, g, f, e, d әріптерімен белгіленетін «денеге» бес жоғарғы ауытқулар қарастырылған және де H, G, F, E әріптерімен белгіленетін ішкі бұранда үшін (соманың) «денеге» төрт төменгі ауытқулар 12 сурет).
12-сурет. Сыртқы және ішкі бұранда шақтама өрістерінің орналасуы.
Негізгі ауытқудың таңдап алынған шамасы пішіннің барлық периметрі бойынша біркелкі қарастырылады, яғни мөлшерленбейтін диаметрлерге де таралады (бұрандаманың ішкі диаметрі d1 немесе сомынның сыртқы диаметрі D). d, e, f, E, F, G үлкен ауытқуларды қорғаныс қаптамасы бар бұрандама үшін арнайы тағайындайды, ондағы шекті ауытқуларды қаптама қаптағанға дейін бақылайды.
Бұранданың жіберілетін ауытқуларын бұранда осіне перпендикуляр бағыттағы номиналды пішіннен беріледі, «бұрандама және сомын денесіне»
Достарыңызбен бөлісу: |