Қондырмалар таңдауы және тізбектік өлшемдер есептемесі


Оймакілтекті қосылыстардың белгіленуі



бет9/18
Дата16.03.2023
өлшемі1,64 Mb.
#74831
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18
Байланысты:
ОВЗ на каз

Оймакілтекті қосылыстардың белгіленуі

Жинақтың сызбада


D – 6 х 28 х 34 х 7

Жұмыс сызбасында:


Оймакілтекті төлке: D – 6 х 28 х 34 Н7 х 7Н8;

Оймакілтекті білік: D – 6 х 28 х 34 js6 х 7 js7.



    1. Оймакілтекті бөлшектердің шақтамалары, шекті ауытқулары және өлшемдері




      1. Шақтамалар және шекті ауытқулар.

МЕСТ 25346-89 бойынша (А қосымша, А1, А2, А3 кестелері) оймакілтекті қосылыс үшін шақтамалар және шекті ауытқулар таңдалған.

D – 6 х 28 х 34 х 7


5-кесте. Шақтамалар және шекті ауытқулар



Параметрлер атауы

Бөлшектер атауы

Шұңқырлы төлке

Шұңқырлы білік

Орталықтандырушы диаметр D

Белгіленуі

Ø34H7

Ø34js6

Шақтама, мкм

TD=25

Td=16

Төменгі ауытқу, мкм

EID=0

ei=-8

Жоғарғы ауытқу, мкм

ESD=+25

es=+8

Тістердің шетжақтары (b) бойынша

Белгіленуі

Ø7H8

7js7

Шақтама, мкм

Tв=22

Tb=15

Төменгі ауытқу, мкм

Eiв=0

ei=-7.5

Жоғарғы ауытқу, мкм

Esв=+22

es=+7.5




      1. Оймакілтекті бөлшектер параметрлерінің шекті өлшемдері, мкм.

Орталықтандырушы диаметр D бойынша
Оймакілтекті төлке Ø34 Н7.

Dmax = D’ + ESD’ = 34 + (+0,025) = 34,025 мм.


D’min = D’ + EID’ = 34 + 0 = 34 мм.

Оймакілтекті білік Ø 34 js6.


dmax = d + es = 34 + (+0,008) = 34,008 мм.
dmin = d + ei = 34 + (–0,008) = 33,992 мм.

Тістер шетжақтарының беті бойынша


Оймакілтекті төлке 7Н8.
Вmax = B + ESB = 7 + (+0,022) = 7,022 мм.
Bmin = B + EIB = 7 + 0 = 7 мм.

Оймакілтекті білік 7 js7.


bmax = b + esb = 7 + (+0,0075) = 7,0075 мм.
bmin = b + eib = 7 + (–0,0075) = 6,9925 мм.

    1. Оймакілтекті қосылыс қондырмаларының сипаттамалары

Орталықтандырушы диаметр D бойынша берілген оймакілтекті қосылыс үшін ауыспалы қондырма тағайындалған


ø

Smax = D’max – dmin = 34,025 – 33,992 = 0,033 мм.


Nmax = dmax – D’min = 34,008 – 34 = 0,008 мм.
Sm = (Smaх + Nmax)/2 = (0,033 + 0,008)/2 = 0,0205 мм.
TS(N) = Smax + Nmax = 0,033 + 0,008 = 0,041 мм.
Тексеру:
TS = TD’+ Td = 0,025 + 0,016 = 0,041 мм.




1 – Оймакілтекті білік; 2 – оймакілтекті төлке


16 – сурет. Сызбада оймакілтекті қосылысты белгілеу үлгісі.


Тістердің b шетжақтары бойынша ауыспалы қондырма тағайындалған


Smax = Bmax – bmin = 7,022 – 6,9925 = 0,0295 мм.
Nmax = bmax – Bmin = 7,0075 – 7,0 = 0,0075 мм.
Sm = (Smax + Nmax)/2 = (0,0295 + 0,0075)/2 = 0,0185 мм.
TS(N) = Smax + Nmax = 0,0295 + 0,0075 = 0,037 мм.
Тексеру:
TS(N) = TB + Tb = 0,022 + 0,015 = 0,037 мм.

    1. Оймакілтекті қосылыс қондырмаларының шақтама өріс сұлбалары




17 – сурет. Орталықтандыру диаметрі D бойынша қондырма Ø34H7/js6.





18 – сурет. Тістердің b шетжақтары бойынша қондырмалар 7H8/js7.


4 ТІЗБЕКТІ ӨЛШЕМДЕРДІ ЕСЕПТЕУ

Әрекет етуші стандарттар:


МЕСТ 6636-69* Өзара ауысымдылықтың негізгі нормалары. Нормальды


сызықты өлшемдер.
МЕСТ 25347-82* Өзара ауысымдылықтың негізгі нормалары. ШҚБЖ.
Ортақ жағдайлар, шақтамалар және негізгі ауытқулар
қатарлары.
МЕСТ 25347-82* Өзара ауысымдылықтың негізгі нормалары. ШҚБЖ.
Шақтама өрістері және ұсынылатын қондырмалар.
МЕСТ 520-89* Домалау мойынтірегі. Ортақ техникалық шарттар.
МЕСТ 3325-85 Домалау мойынтіректері. Білік және тұрқылардың
қондырмалы беттеріне деген шақтама өрістері және
техникалық талаптар. Қондырмалар.
РҚ (Регламенттеуші құжат) 50-635-87; 8-86 Тізбекті өлшемдер. Негізгі жағдайлар. Терминдер, белгіленулер және анықтамалар. Тегіс тізбектер есептемелері. Г 02,01.07.86.
Тізбекті өлшем – бітеу қарамды жасаушы және бір немесе бірнеше бөлшек беттерінің өзара орналасуын анықтайтын өзара байланысқан сызықтық және бұрыштық өлшемдердің жиынтығы. Тізбектің өлшемдері буындар деп аталады, есептеуге ыңғайлы болу үшін олар сызбадан шығарылады және графикалық түрде кескінделеді. Тізбекте буындардың екі түрін ажыратады: бөлшекті жасауда пайда болатын құраушылар және де бөлшектерді өңдеу нәтижесінің соңында немесе жинақтаушы бірлік машинаны жинағанда пайда болатын және мәні басқа да буындар мәндеріне тәуелді тұйықтаушылар деп бөлінеді.
Құраушы буындар тұйықтаушы буынға әртүрлі әсер етеді: егер де құраушы буынның өсуінен тұйықтаушы буында өсетін болса, онда құраушы буын өспелі деп аталады; егер де құраушы буынның өсуінен тұйықтаушы буын кемитін болса, онда мұндай құраушы буын кемімелі деп аталады.
Тізбекті өлшемдердің негізгі ерекшелігі болып, дайындауда еріксіз пайда болатын, буындардың номиналды өлшемдерінің ауытқулары (алайда бұл ақаулар буындар өлшемдерінің шекті шақтамаларында болса да), тізбектегі жинақталған қателік деп аталатын сомалы қателіктерге жиналады.
Жеке буындарға шақтамалар мәндері сол қалпында қалса да, тізбекті өлшемде буындар неғұрлым көп болса, соғұрлым бұл жинақталған қателіктер мәні көп болады.
Жинақталған қателіктің қажетсіз мәнінің пайда болуын және механизмнің тұйықтаушы буын дәлдігіне зиянын болдыртпас үшін, тізбекті өлшемдер есептеулерін жүргізеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет