Қондырмалар таңдауы және тізбектік өлшемдер есептемесі


Есептеуді орындау бірізділігі



бет5/18
Дата16.03.2023
өлшемі1,64 Mb.
#74831
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
2.1 Есептеуді орындау бірізділігі

2.1.1 Берілген бұрандама үшін МЕСТ 24705-81 стандарты - Өзара ауысымдылықтың негізгі нормалары. Метрикалық бұранда. Негізгі өлшемдері бойынша бұрандалық қосылыс параметрлерінің негізгі өлшемдерін жазу:


D(d) – сомын және бұрандаманың сыртқы диаметрі, мм;
D2(d2) - сомын және бұрандаманың орта диаметрі, мм;
D1(d1) - сомын және бұрандаманың ішкі диаметрі, мм
Р - бұранда қадамы, мм (МЕСТ 8724-81);
 - пішін бұрышы градуспен көрсетіледі;

2.1.2 Берілген түйіннің пайдалану шартына тәуелді бұранданың қажетті дәлдік дәрежесін таңдау.


Сыртқы бұранданың (бұрандаманың) d сыртқы диаметрі үшін 4, 6, 8 дәрежелері мөлшерленеді, ал келтірілген орташа d2 үшін 3-ден 10-ға дейінгі дәреже.
Бұранданың (сомынның) ішкі диаметрі D1 үшін 4-ден 8-ге дейінгі дәрежелер, ал келтірілген орташа диаметрге D2 - 4-ден 9-ға дейінгі дәрежелер мөлшерленеді.
Бұранда ерекшелігі ондағы ішкі бұранда шақтама өрісі дәл сондай дәлдік дәрежелі сыртқы бұранда шақтама өрісінен 1,32 рет үлкен.
МЕСТ 16093-81 стандартындағы дәлдік дәрежелерінен басқа да үш дәлдік кластары бекітілген: дәл, орташа, дөрекі. Әрбір дәлдік класына белгілі бір шақтама өрістері енгізілген, олардың ішінен қолдануға икемді шақтама өрістері белгіленген (В қосымша, В5 және В6 кестелері). Сонымен қатар жұмыс істеу шартын, тағайындауын, бұранда бұрап шығарылу ұзындығын ескере отырып, шақтама өрістерін және жеке дәлдік кластарын қолдану бойынша негізгі ұсыныстар жасалынған. Сондықтан дәлдік кластары бұранда және бұрандалы қосылыстар үшін шақтама өрістерін таңдауды жеңілдетеді.
Дәлдік класты - жауапты статикалық жүктелген бұрандалы қосылыстар үшін қолданады, егер де аз саңылаулы қондырманы алу керек болса, сонымен қатар қосылыстың жоғары анықтамалық сипатымен ерекшеленетін қондырманы алу керек болса осы класты қолданады; орташа класты – бұранда қосылысының статикалық және динамикалық беріктігін, жоғарғы дәлдікті қамтамасыз ету үшін қолданады; дөрекі класты – дәлдікке аз талапты қажет еткенде қолданады, мысалы ыссы иленген дайындамаларда немесе ұзын, бітеу тесіктерде және т.с.с.

2.1.3 Бұранда элементтерінің материалдарына қарай бұрап шығару ұзындығын анықтау (тұрқыдағы немесе бұрандамада тесігі).


Бұранданың бұрап шығару ұзындығы l – осьтік бағытта сыртқы және ішкі бұрандалардың жанасу ұзындығы (бұранда орамының бүтін немесе бөлшек сандарымен көрсетілуі мүмкін)
Бұрап шығару ұзындықтары бұранда бұрап шығару ұзындығының оның қадамына қатынасымен сипатталады. Бұрап шығару ұзындығының ұзаруынан жоғарғы дәлдікті және бұранда қосылысының берілген сипаттамасын алу қиындайды.
Бұрап шығару ұзындығының МЕСТ 16093-81 шақтама өрістерін және қондырмаларын таңдауға әсерін есепке алу үшін бұрап шығару ұзындықтарын үш топқа бөледі, олар латынның бас әріптерімен белгіленеді және келесі атауларға ие: N - қалыпты, S - қысқа (кішкене) және L - ұзын (үлкен).
Қосымша түсінік болмағанда бұранда шақтамасы ең үлкен қалыпты бұрап шығару ұзындығына жатады немесе егер де қалыптыдан кіші болса, бұранданың бүкіл ұзындығына жатады. Бұрап шығару S немесе L ұзындықтары кезінде бұрап шығару ұзындығын техникалық талаптарда немесе мм-түрінде бұранда белгіленуінде көрсетеді.
Шартты түрде қалыпты бұрап шығару ұзындығын қалыпты сомын ұзындығына тең деп алуға болады, яғни 0,8 d, мұндағы – d бұранданың номиналды диаметрі, мм.
Бұрап шығару ұзындығында l бұрама және сомын нақты өлшемдері, сыртқы бұранданың ең үлкен шекті қарамы және ішкі бұранданың ең кіші шекті қарамы болып келетін бұранда номиналды қарам шегінен шықпауы керек.
L – бұрап шығару ұзындығында сол бір ғана дәлдік класында орта диаметр шақтамасын үлкейту ұсынылады, ал N – қалыпты ұзындық үшін бекітілген шақтамаларға қарағанда, S – ұзындығында бір дәрежеге кеміту.

2.1.4 МЕСТ 16093-81 бойынша шақтама өрістерін анықтау, қондырмаларды тағайындау және бұрандама үшін d және d2 диаметрлері бойынша шақтама және ауытқулар шамаларын жазып алу; D1 және D2 – сомын үшін.


Бұранда элементтерінің шақтама өрістері, шақтама өрісінің орта диаметрге шығынқылықтар диаметрлерінің шақтама өрістерімен үйлесуінде пайда болады.
Бөлшек бұрандасының шақтама өрісі (бұрандама және сомынның) төрт белгімен белгіленеді – орта диаметр үшін және шығыңқылық диаметріне (бұрандаманың сыртқы диаметріне немесе сомын ішкі диаметріне); алдымен орта диаметр шақтама өрісінің белгіленуі жазылады, содан кейін шығыңқылық диаметрінің шақтама өрісі.
Бұранда диаметрінің шақтама өрісінің шартты белгіленуі алдымен қабылданған дәлдік дәрежесімен сәйкес сандардан тұрады, содан кейін негізгі ауытқуды белгілейтін әріптерден тұрады, мысалы 6g5g: 6g – бұранданың келтірілген орта диаметріне (d2) деген шақтама өрісі, 5g – бұрандаманың сыртқы диаметріне (d) деген шақтама өрісі; 7Н6Н: 7Н – сомынның келтірілген орта диаметріне (D2) деген шақтама өрісі, 6Н – сомынның ішкі диаметріне (D1) деген шақтама өрісі. Орта диаметрге және шығыңқылықтар диаметрлері үшін көпшілік жағдайларда бірдей шақтама өрістерін қабылдағандықтан, бұл шақтама өрісі бір рет көрсетіледі. Мысалы, 6g - бұрандаманың келтірілген орта және сыртқы диаметрлері үшін шақтама өрісі дегенді білдіреді; 7Н – сомынның келтірілген орта және ішкі диаметрлері үшін бірдей шақтама өрісінің алынғандығын білдіреді.

2.1.5 Бұрандалы қосылыстың белгіленуін құрастырмалы сызбада беру және бөлшектерге де (бұрандама және сомындарға) белгі беру.


Бұрандалы қосылысты белгілеу сомын және бұрандаманың құрастырушы бұрандалы элементтерінен жинақталады. Тақ сандарда ішкі жанасатын беті бар элемент ескеріледі, яғни ішкі бұранда–сомынның дәлдігі, ал жұпта сыртқы бетті жанасатын элементтің дәлдікке талабы көрсетіледі, яғни бұрандаманың сыртқы бұранда дәлдігі.
Бұранда элементтерінің белгіленулері келесі мәліметтерді қосуы тиіс:
а) бұранда түрі туралы нұсқау (М – метрлік);
б) номиналды диаметр мәні, яғни сыртқы диаметрдің d, D (қосылысты құрастыратын, бұрандама және сомын үшін бірдей).
в) егер де ол ұсақ болса, қадам мәні (ірі қадам көрсетілмейді);
г) егер де бұранда сол болса, LH арнайы көрсетіледі ;
д) келтірілген орта диаметрге шақтама өрісі (d2 немесе D2);
е) шығыңқылықтар диаметріне шақтама өрісі, яғни бұрандаманың сыртқы диаметрі (d) және сомынның ішкі диаметріне (D1) деген шақтама өрісі.
ж) бұрап шығару ұзындығының мәні.
Бұрандалы элементті толық белгілеудегі мысал:
М20х0,75 LH – 7g 6g – 15 – бұрандаманың сыртқы бұрандасы үшін;
М20х0,75 LH – 4Н5Н – 10 – сомынның ішкі бұрандасы үшін.

2.1.6 Бұрандалы қосылыстың белгіленуін айырып оқу


Бұрандалы қосылыс қондырмасының белгіленуінің мағынасын ашу жеке бұрандалы элементтер белгіленуінің мағынасын ашуынан шығады. Бұрандалы элементтердің қондырмасы келтірілген орта диаметр өлшемдерінің үйлесуінен іске асырылады, ал шақтама өрістері шығыңқылықтар диаметрлері үшін, яғни бұрандаманың сыртқы диаметрі және сомынның ішкі диаметріне қосымша мәлімет түрінде берілген және бұл элементтер жанасуда қатыспайды және жанаспайтын элементтер дәлдігін ғана сипаттайды.

Белгіленуді айырып оқу келесі түрде:



  • 20 мм диаметрлі номиналды метрлік бұранда, 0,75 ұсақ қадамды; сл бұранда, бұрандаманың келтірілген орта диаметріне шақтама өрісі 7g (жетінші дәлдік дәрежесі және негізгі ауытқу g), бұрандаманың сыртқы диаметріне шақтама өрісі 6g, бұрап шығару ұзындығы 15 мм.

  • Сомын үшін дәлдік параметрлері келтірілген орта диаметрге деген 4Н шақтама өрісімен және ішкі диаметр үшін 5Н шақтама өрісімен мөлшерленеді.

Екі бұрандалы элементтерде де бұрап шығарылу ұзындықтары қалыпты емес: бұрандамада – 15 мм, сомында – 10 мм–ге тең.
Техникалық құжаттамаларда қысқа белгіленуді көрсету рұқсат етіледі, мысалы:
Сыртқы бұранда үшін М40 – 6g.
Ішкі бұранда үшін М40 – 6Н.
Мына белгіленуді айырайық: 40 мм номиналды (сыртқы) диаметрлі метрикалық бұранда, бұранда оң, қадам ірі. Келтірілген орта диаметр және сыртқы диаметрге бұрандама үшін шақтама өрісі бірдей, 6g (алтыншы дәлдік дәрежесі және негізгі ауытқу g). Келтірілген орта диаметр және ішкі диаметрге сомын үшін шақтама өрісі бірдей - . Бұрандама және сомын бұрап шығару ұзындығы қалыпты.
Бұрандалық жанасудың толық белгіленуі: М20х0,5LH – 4H5H/7g6g – 15
Толық қосылыстың мағынасын келесі түрде ашамыз:
Метрикалық бұранда 20 мм номиналды диаметрлі, ұсақ қадамды, солды, шақтама өрісі: сомын үшін – сомынның келтірілген орта диаметріне (D2) 4Н (4-дәлдік дәрежесі және Н ауытқу) және де сомынның ішкі диаметріне (D1) 5H (5-дәлдік дәрежесімен және Н ауытқуымен); бұрандама үшін – бұрандаманың келтірілген орта диаметріне (d2) 7g (7-дәлдік дәрежесі және g ауытқуы) және де бұрандаманың сыртқы диаметріне (d) 6g (6-дәлдік дәрежесі және g ауытқуы), бұрап шығару ұзындығы 15 мм тең.

2.1.7 Қондырма сипаттамасын орта диаметр бойынша есептеу, мм:


Smax – максимал саңылау (қынақ); Smax =D2max – d2min


Smin – минимал саңылау (қынақ); Smin =D2min – d2max
Sm – орташа саңылау (қынақ); Sm=(Smax+Smin)/2
Есептеудің дұрыстығын - TS=TD+Td өрнегі бойынша тексеру, мұндағы TS қондыру шақтамасы
2.1.8 Сомын және бұрандама шақтама өрістерінің сұлбасын орта диаметр бойынша құрастыру
Сұлбада шекті ауытқуларды, шақтамаларды, мкм-де қондырма сипаттамаларын, шекті өлшемдерді көрсету.

2.1.9 Шақтама өрістерінің сұлбасымен бірге, бір бетте, бұрандалы қосылыс пішінінің суретін беру және онда бұранда параметрлерінің шартты белгіленуін әріптік түрде жазу: диаметрлер, қадам, пішін бұрышы, шекті ауытқулар, бұрандама және сомын шақтамалары, қондырма сипаттамалары (13 сурет).







    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет