Орақова амангүл шахарбекқызы оқу процесінде оқушылардың шығармашылығын дамытудың педагогикалық шарттары



бет64/67
Дата09.05.2022
өлшемі2,25 Mb.
#33218
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   67
Байланысты:
Диссертация АШО1

Мінез-құлық акцентуациясы

1. Гипертомиялық. Көңіл-күйі көтеріңкі болып келетін адамдар, оптимистер, бір істен келесіге тез ауысады, басталған істі аяғына жеткізбейді, тәртіпсіз, жаман ұйымдардың ықпалына тез ереді. Жасөспірімдер оқиғалар мен романтикаға бейімді. Өз үстерінен билік жүргізгенді ұнатпайды, бірақ оларды қамқорлыққа алғанды ұнатады. Лидерлікке басым тенденциялы. Патологияда жабысыңқы идеялар неврозы.

2. Тұйықталып қалуы. Тұрып қалу. «Аффекттің тұрып қалуына, сандырақтау реакцияларына бейімділік. Педант, кекшіл адамдар жәбірді өте көпке дейін ұмытпайды, ренжиді, өкпелейді. Бұл негізде жабысқақ идеялар жиі пайда болуы мүмкін. Бір идеялық сезім кернейді. Өте ұмтылғыш, бір нәрсеге «тіренген», эмоционалдық жағынан ригидті - кейде аффектілік тұтыну береді. Агрессия көрсетулері мүмкін. Патологияда - паранояльды психопат.

3. Эмотивтілік. Аффектілі лабильділер (тұрақсыздар) қоршағандарға түкке тұрғысыз жағдай бойынша көңіл-күйлері тез және кенет өзгеретін адамдар. Көңіл-күйге бәрі байланысты - жұмысқа жарамдылық та, хал-жай да, т.б. Эмоционалдық өріс жіңішке ұйымдастырылған; терең сезінуге және бастан кешіруге қабілетті. Айналадағылармен жақсы қарым-қатынаста болуға бейімді. Махаббатта қатты ренжігіш. Оларды қорғауға, қамқорлауға қарсы емес.

4. Педанттық. Регидтілік және педанттық белгісі басым. Адамдар регидті, оларға бір эмоциядан басқаға ауысу ауыр. Әр нәрсенің өз орнында болғанын, адамдар өз ойларын анық жинақтағанын ұнатады - педанттылық. Ашулы - қамыққан көңіл-күй кездері оларды бәрі түршіктіреді. Патологияда - эпилептоидтық психопатия. Агрессияға бейімді (көпке дейін ұмытпайды және шығарады).

5. Қорқақ-жасқаншақ. Конституциялық тынымсыздықтың өте жоғары сатысындағы меланхолик түріндегі адамдар, өздеріне сенімсіз. Өз қабілеттіліктерін бағаламайды, азайтып көрсетеді. Ұялшақ, жауапкершіліктен қорқады.

6. Циклотимділік. Көңіл-күйдің кенет ауысуы. Жақсы көңіл-күй қысқа, жамандық ұзағырақ. Депрессия кезінде өздерін тынымсыз сезінеді. Тез шаршайды, шығармашылық белсенділігі төмендейді. Көтеріңкі көңіл-күйде - гипертивті.

7. Демонстративтік - наразылық көрсетушілік. Патологияда - истериялық түрдегі психопатия. Эгоцентризм қатты байқалатын адамдар, үнемі назар аударылуға бейімді («Жек көрсін, тек қана немқұрайдылық болмасын»). Мұндай адамдар артистердің арасында көп. Бөлінетіндей қабілеті болмаса, онда олар әлеуметке қарсы әрекеттерімен көзге түседі. Патологиялық жалғандық - өз ерекшелігін көрсету үшін ашық түсті, көзге оғаш киім киюге бейім - сырттай ғана анықтау мүмкін.

8. Қозғыштық. Әуестік сферасындағы көтерілген импульсивті реактивтілікке бейімділік. Патологияда - эпилептоидті психопатия.

9. Дистимиялық. Көңіл-күйдің бұзылуына бейімділік. Гипертимділікке қарама-қайшы. Көңіл-күйі төмен, пессимизм. Заттарға көңілсіз көзқарас, шаршағыш. Қатынаста жалғыз болуды артық көреді.

10. Аффекті-экзальтациялық. Аффекті экзальтацияға бейімділік (наразылыққа жақын, бірақ онда көңіл-күйі үшін). Мұнда да сол көрсетімдер, бірақ эмоция деңгейінде (бәрі темпераменттен шығады). Діни экстаз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет