ОразаНЫ БҰзЫп, тек қаНа қазаСЫН
ӨтеУдІ қаЖет ететІН ЖаҒдайЛар
1) Әдетте желінбейтін нәрсені және дәрі ретінде
қолданылмайтын нәрселерді жеп, жұту (топырақ,
қағаз, мақта сияқты).
2) Мұрынға дәрі құю.
3) Құлақтың ішіне дәрі тамызу.
4) Дәрет кезінде аузына және мұрнына су ал-
ғанда байқамай тамағына су кетіп қалу.
5) Аузына салған түрлі-түсті жіптің бояуы шы-
ғып, түкірікпен араласып, оны жұтып қою.
6) Қиын жағдайда оразасын бұзу. Яғни біреудің
күштеп, қорқытуымен оразасын бұзса.
7) Ұйықтап жатқанда басқа біреу аузына су құ-
йып жіберсе.
8) Өз қалауымен аузын толтырып құсу.
9) Әлі күн батпай тұрып, батты деп ойлап аузын
ашу.
10) Сәресінің уақыты бітсе де, әлі уақыт бар
деп жеу.
31
Ораза
11) Ұмытып бір нәрсе ішіп-жеген кезде «ораз-
ам бұзылды» деген оймен ішіп-жеуді жалғастыру.
ОразаНЫ БҰзБайтЫН НӘрСеЛер
Көп адамдар оразаны бұзбайтын кейбір
нәрселерді бұзады деп ойлап, оразаларына
үлкен зиян келтіріп жатады. Сондықтан оразаны
бұзатын сияқты болып көрінгенімен негізінде оны
бұзбайтын бірнеше мәселеге тоқтала кетсек:
1) Ораза ұстағанын ұмытып, ішіп-жеу (ұмытып
кетіп жеп немесе ішіп қойған адам ораза екені есіне
түссе, аузын шайып, оразасын жалғастырады.
Ораза екені есіне түскеннен кейін тамағынан бір
нәрсе өтсе, оразасы бұзылады).
2) Құлағына су кетіп қалу.
3) Көзіне дәрі тамызу.
4) Түнде жуыну қажет болғанымен таңертеңгісін
жуыну.
5) Еріксіз құсса.
6) Ұйықтап жатқанда жыныстық жолдарынан
сұйықтық бөлінсе.
7) Қан алдыру.
8) Еріксіз тамағына тозаң, түтін кіру.
9) Аузындағы түкірікті жұту.
Ораза ҰСтаҒаН адаМҒа МӘкрУҺ БОЛа-
тЫН НӘрСеЛер
1) Бір нәрсені жұтпаса да дәмін татып көру
(егер күйеуі тамақтың тұзына байланысты маза-
|