Ораза зекет Садақа



Pdf көрінісі
бет19/46
Дата15.04.2023
өлшемі1,16 Mb.
#82853
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   46
Байланысты:
ОРАЗА ЗЕКЕТ САДАҚА

32
Ораза
сын алып дау тудырса, ол кезде әйел жұтып қоймай 
тамақтың дәмін көрсе болады).
2) Түкірігін аузына жинап жұту (Егер аузындағы 
жиналған түкірігін сыртқа шығарғаннан кейін
қайта жұтса оразасы бұзылады).
3) Өзін әлсірететіндей дәрежеде қан алдыру, 
ауыр жұмыстар жасау.
Ораза ҰСтаҒаН адаМҒа МӘкрУҺ еМеС 
НӘрСеЛер
1) Раушан гүлі мен хош иісті нәрселерді иіскеу.
2) Тісті щеткамен тазалау.
3) Ауызды шаю.
4) Мұрынға су тарту.
5) Жуыну.
ОразаНЫҢ ӘдептерІ
1. Күн ұясына батқан бойда ауыз ашуға (ифтар) 
асығу. 
2. Ауызды құрмамен немесе сумен ашу. Ауыз 
ашқанда желінетін құрманың немесе суды жұтудың 
тақ саннан болуына көңіл аударылғаны дұрыс. 
3. Ауыз ашқанда Аллаһ Тағалаға дұға ету. Пай-
ғамбарымыз (с.а.у.) аузын ашқанда былай деп дұға 
жасаған: 
«Ей, Аллаһ! Сен үшін ораза ұстадым, тек Саған 
иман келтірдім, әрі Саған ғана тәуекел етемін, маған 
берген ризық-несібеңмен ауыз аштым! Оны бізден қабыл 
ете гөр! Расында, Сен бәрін естуші әрі бәрін де көрушісің!»
(Әбу Дәуіт, Сиям 22).


33
Ораза
4. Түннің соңғы бөлігінде, таң бозарып атар ал-
дында ораза тұту ниетімен сәресі ішу. 
5. Сәресі ішуді түннің соңғы бөлігінде бітіру. 
6. Аллаһтың үкімдерін әр кезде де бұлжытпай 
орындауға күш салу. 
7. Кешірімді болу, өзін ренжіткендерге кең-
пейілді болу. Егер біреу ұрыс-керіске итермеле-
се: «Мен ораза ұстап жүрмін», «Мен ораза ұстап 
жүрмін» - деп айту. 
8. Басқа ораза тұтушыларға қамқорлық таны-
тып, олардың ауыз ашуларына жағдай жасау. 
Оразада 
МЫНаЛардаН 
БарЫНШа 
СақтаНУ керек
1. Ауызды шайып тұрғанда, мұрынға су тарт-
қанда көмейге су кетуі. 
2. Әйелді сүю, бұл адамның бойындағы құмар-
лық сезімін оятып, несептен мәни суының шығуына 
немесе төсек жақындығына себеп болуы мүмкін. 
3. Әйелге біршама уақыт құмарланып қарау. 
4. Төсек қатынасы туралы ойлау. 
5. Әйелді қолмен ұстау немесе құшақтау. 
6. Ауызға түкірік жинап жүру. 
7. Бір нәрсені тіске басу, шайнау, тағамның дә-
мін тату. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет