ОразаҒа кедерГІ БОЛатЫН ЖаҒдайЛар
1. Әйелдердің хайыз және нифас күндерінің
келуі.
34
Ораза
2. Адамды қауіп-қатерден құтқаруға байланыс-
ты. Мысалы, суға батып бара жатқан адамды
құтқару кезінде су жұту т.б.
3. Сапарға шығып, жолаушы болған жағдайда
намазды қысқартып (қасыр етіп) оқуға және ораза
ұстамауға рұқсат етіледі.
4. Науқастың ораза ұстайтын күш-қуаты болма-
са не аурудың асқынуынан қорықса.
5. Екіқабат не бала емізетін әйел өзіне не бала-
сына қауіп келуінен күмәнданса.
* Жоғарыда аталған жағдайларға байланысты
ораза тұтуды тоқтатқан адамдар кейін әрбір күнінің
қазасын өтейді.
ОразаНЫ БҰзатЫН ЖаҒдайЛар
1. Күндізгі уақытта біле тұра ішіп-жеу.
2. Біле тұра төсек қатынасына бару.
3. Әдейі мәни шығару.
4. Әдейі құсу.
5. Асқазанды, ішекті жуу мақсатымен клизма
жасату не ине арқылы қорек болатын дәріні бойға
сіңіру.
6. Әйелдің етеккірі немесе босануы кезінде қан
кетуі.
7. Қан алдыру және қан құйдыру, бұл жерде
қан берген адамның да, қан құйылған адамның да
оразалары бұзылады.
ескерту:
* Рамазан айының күндізгі уақытында
35
Ораза
жыныстық қатынасына барғандар сол күннің
қазасын өтейді әрі арасын бөлместен екі ай бойы
ораза тұтып, күнәсын жуады. Егер оған шамасы
келмесе 60 міскінді тамақтандырады.
* Кімде-кім оразаның қаза болған күндерін
өтемек болса, оны келесі Рамазан айы басталғанға
дейін өтеуге асығуы тиіс.
* Қаза оразасы бар адам өліп кетсе, оның орны-
на басқа адамның ораза ұстауына болмайды, яғни
өліктің мойнынан ораза түспейді.
НӘпІЛ ОразаЛардЫ қай кезде тҰтқаН
ЖақСЫ?
Мына күндерде ораза тұтқан сауап:
– Қажылық парызын өтеуге бармаған адам-
дар Арафат күнінде, яғни, Зулхиджа айының
тоғызыншы күнінде.
– Мухаррам айының тоғызыншы және онын-
шы немесе оныншы және он бірінші күндерінде.
– Шәууал айының алты күнінде.
– Зулхиджаның алғашқы тоғыз күнінде.
– Мухаррам айында.
– Һижри жыл санауы бойынша әр айдың «тақ
түндері» боп саналатын он үшінші, он төртінші, он
бесінші жұлдыздарында.
– Дүйсенбі мен бейсенбіде.
– Күнара.
Мына күндерде ораза тұтуға тыйым салынады:
– Зулхиджа айының оныншы, он бірінші, он
екінші күндері.
|