63
Садақа
күлімдеуі де садақа. Өйткені көңілі бай кісі,
жымиған күлкісімен айналасындағыларды да шат-
тандырады. Керісінше сараң көңілді болғандар
ешкімге жақсы ықпалын тигізбейді.
Пайғамбарымыздың (с.а.у.) білдіргені бойын-
ша шөлдегендіктен тілі тамағына жабысып қалған
бір итке су берген күнәһар әйел тек қана осы
мейірімділігі себебімен мыңдаған күнәсі кешірілген
әрі жаннатқа жеткен. Керісінше, үйдегі мысығына
мейірімділік көрсетпей, оны аш қалдырған әйел
тозаққа түскен. Осы мысалдар мұсылманның көңіл
әлемін дұрыс бағытқа салуын қамтамасыз ететін
ғибратты оқиғалар.
Мүмин қараңғы түннің толған айы тәрізді
нұрлы, ақ көңіл, нәзік, қамқоршыл, мейірімді
және жомарт болу керек. Аллаһ Тағала айта-
ды: маған жақын боламын десеңдер жақсы көріп
ұнатқандарыңнан беріңдер. Сондықтан, Хақ Тағала
алдында қабылданатын малдың жақсысынан,
күштісінен, сапалысынан беру керек.
Достарыңызбен бөлісу: