Ораза зекет Садақа


«Жақсы көрген нәрселеріңнен бермейінше



Pdf көрінісі
бет35/46
Дата15.04.2023
өлшемі1,16 Mb.
#82853
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   46
Байланысты:
ОРАЗА ЗЕКЕТ САДАҚА

«Жақсы көрген нәрселеріңнен бермейінше 
«бирр»-ге (яғни қайырдың шыңына) әсте жете 
алмайсыңдар. Әрнені инфақ етсеңдер Аллаһ оны 
толық білуде»
(Әли Имран сүресі, 92-аят)
.
Осы аят түскенде саңлақ сахабалардың ара-
сында ең сүйгендерінен беру туралы инфақ жары-
сы басталған-ды.
Әбу Талханың Пайғамбар Мешітіне жақын 
жерде (орналасқан) алты жүз құрма ағашы бар 


64
Садақа
бақшасы болатын және оны өте жақсы көретін. 
Пайғамбарымызды да жиі-жиі бақшасында қонақ 
қылып берекетін көбейтетін.
Бір күні Әбу Талха: «Уа, Расулуллаһ! Менің 
мал-мүлкімнің арасында ең бағалысы және ең 
жақсысы, сіз де білесіз, осы бақшам. Дәл қазір 
Аллаһ ризалығы үшін оны Аллаһтың Пайғамбарына 
бергім келіп тұр, билік енді сіздің қолыңызда, 
қалаған кедейге бере аласыз» - деді.
Сөздерін бітірген соң осы керемет шешімін 
дереу орындау үшін бау-бақшасына барады. 
Әбу Талха бақшаға барғанда әйелі бір ағаштың 
көлеңкесінде отыр еді. Әбу Талханың бақша ішіне 
кірмей тұрғанын көрген әйелі былай деді:
− Ей, Әбу Талха! Сыртта не күтіп тұрсың? 
Бақшаға кірсеңші!
Әбу Талха:
− Мен бақшаға кіре алмаймын, сен де 
заттарыңды жинап, дереу сыртқа шық! - деді.
Мұндай жауапты күтпеген әйелі таңдалып:
– Неге, әй, Әбу Талха! Бұл бақша біздікі емес 
пе? - деп сұрады.
Әбу Талха:
– Жоқ, бұдан кейін бұл бақ Мәдинадағы кедей-
кепшіктікі, - деп аятты оқып сүйіншісін және өзі 
істеген инфақтың абзалдығын қуана түсіндірді.
Әйелінің «Екеуіміздің атымыздан ба, жоқ әлде 
өз атыңнан бағыштап бердің бе?» деген сұрағына: 


65
Садақа
«Екеуіміздің атымыздан…» - деп жауап берді. 
Сонда әйелі былай деді: «Аллаһ саған разы бол-
сын, ей, Әбу Талха! Айналамыздағы пақырларды 
көрген сайын мен де осы істегеніңді ойлап жүретін 
едім, бірақ саған қалай айтарыма батылым жет-
пей жүретінмін. Аллаһ қайырымызды қабыл етсін, 
міне, мен де бақшаны тастап келе жатырмын!».
Инфақ жарысы өзіміз үшін де балаларымыз 
үшін де өте маңызды. Біз қалай балаларымызды 
жас кездерінде намазға үйретуге жауапкер болсақ, 
дәл сондай оларды инфақ ету сезімімен ғаріпті 
қуантуға да үйретуіміз міндет. Егер бұл істі оларға 
кішкене кездерінен үйретпесек олардың обалына 
қалған боламыз. Олар мал-мүліктің «Аллаһтікі» 
деген сана-сезімімен өссе, елге қызмет істейтін 
жақсы азаматтардың қатарынан болады.
Инфақ тарату, яғни дүние-мүлікті қайырға 
жұмсау капиталдың қылтамақ (рак) ауруы халіне 
келмеуі үшін ең күшті ем әрі шара.
Сондықтан, осы емнің заттай және рухани түрдегі 
тарату орындары үшін құрылған қайырымдылық 
қорлар қоғамның ұмытылмас ескерткіштері бо-
лып табылады. Қорлар инфақтарды ең жақсы та-
рататын орындар әрі байларға қайырымдылық 
жасау үшін дәнекер көпір іспеттес. Бұлар бай мен 
кедей арасындағы кекті және қызғанышты жой-
ып, қоғамдағы мейірімділіктің кәміл себебі бо-
лады. Қайырымдылық қорлары жаратушы себеп 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет