69
Садақа
өлгеннен кейін де жабылмай ашық қалып, артында
қалдырған игі амалдарының сауабы үздіксіз жазы-
лып тұрады. Бұл жайында Имам Мүслимнің сахих
хадистер жинағында сахаба Әбу Һұрайра риуаят
еткен Пайғамбарымыздың (с.а.у.) хадисінде былай
делінген:
«Адам баласы дүние салғаннан соң оның амалы
тоқтайды. Тек мына үш амалдың сауабы иесіне үздіксіз
жетіп тұрады. Олар: Садақа жария, пайдалы ғылым,
артынан дұға жасайтын салиқалы перзент»
(Мүслим,
Уасият 14).
Біз бұлардың ішінен тақырыбымызға сай садақа
жария мәселесіне тоқталып өтсек.
Сауабы үзілмейтін, яғни пайда әкелуі жалғаса
беретін садақа жария. Садақа жария дегеніміз,
қайырымдылық ретінде көпшілікке арналған,
көпшілік
қауымның тұтынып, пайдалануы үшін
жасалған қайырлы іс, берілген игі садақа. Мыса-
лы, мешіт, мектеп, медресе салу, емхана тұрғызу,
жол, көпір салу, құдық қаздырып су шығару, т.б.
Осындай қайырлы іске
тікелей мұрындық болған
кісілерге, қол ұшын беріп, демеуші болғандарға,
сондай-ақ өз үлесін
қосқан әрбір жанға халық
пайдаланып тұрған сайын тірі кезінде де, дүниеден
өткен соң да жасаған ізгі істерінің сауабы үздіксіз
жетіп тұрады.
Садақа жария түріне жататын ізгі амалдардың
бірі
уақыф
(қайырымдылық
қор)
құру.
Уақыф – адамның өз меншігіндегі дүниесін