66
Садақа
жаратылғандарға деген махаббат пен мейірімділік
көрініс тапқан ұйымдар. Хадисте былайша баянда-
лады:
«Садақа, жетпіс түрлі пәлекетке бөгет болады…»
.
(Суюти, әл-Жамиъус-Сағир ІІ, 52 б.)
«Садақа – Аллаһтың
ашуын қайтарады»
.
(Тирмизи, Зекет 28)
Лұқман Хаким ұлына қарап: «Балам! Біле тұра
немесе білмей күнә істеп қойсаң дереу тәубе етіп,
садақа бер!» - деген екен.
Ал, Қасиетті Рамазанда берілген садақалардың
маңыздылығы былай баяндалған:
Бір адам Хазірет Пайғамбарға (с.а.у.) келіп:
– Уа, Расулаллаһ! Қайсы садақаның сауабы
артық? - деп сұраған.
Аллаһ Расулі (с.а.у.):
– Рамазан айында берілген садақа… - деп жа-
уап берген
(Тирмизи, Зекет)
.
Кедейлер мен жетім-жесірлер шүкірлік еткен
жомарт байлардың болғанына қуанады да Аллаһқа
шүкір етеді. Көктемнің жаңбыры топырақты
қалайша берекеттендіретін болса Аллаһтың жо-
март әрі мейірімді құлдары, мұқтаж және ғаріптерге
рақым дәнекер болады.
Сондықтан ғибадаттың басқа бір көрінісі де
бай болсын, кедей болсын әркім Аллаһқа деген
«пақырлық халін» түсініп, үнемі Аллаһқа мұқтаж
екендігінің сезімімен өмір сүруі. Ислам даналары
осы пақырлық халінде болудың қадірін баяндау
ретінде:
67
Садақа
Ғұлама ибн Қайюм инфақ ісіне үлгі ретінде
Хазірет Пайғамбардың (с.а.у.) инфақтағы көңіл
байлығын баяндағанда былай дейді: Хазірет
Пайғамбарымыз (с.а.у.) ие болған нәрселерін
садақа деп беруде ешкімге ұқсамайтын. Аллаһ бер-
ген мал-мүлікті жинап ұстамайтын. Бір адам өзінен
бір нәрсе сұрағанда азды-көпті міндетті түрде
беретін. Оның садақа беруі кедейліктен қорықпай
беруі еді. Садақа беру ол үшін ең күшті шаттану еді.
Оның бергендегі қуанышы одан алған мұқтаждың
қуанышынан бірнеше есе артық еді. Қайыр жасау-
да адамзаттың ең жомарты еді. Оның қолы берекет
шашқан самал сияқты еді. Мұқтаждың бірі оған
қиыншылығын айтқанда ол өте әсерленетін және
соны өзінен жоғарыда ұстап кейде тамағын, кейде
үстіндегі киімін бере салатын.
Сахаба Жабир былайша риуаят етеді:
«Кішкентай бір бала Хазірет Пайғамбардың
(с.а.у.) алдына келіп шешесінің көйлек сұрап
жатқанын айтты. Сол кезде Расулуллаһтың (с.а.у.)
үстіндегісінен басқа көйлегі жоқ еді. Сондықтан
балаға басқа бір күні келуін айтып жіберді. Бірақ
бала біраздан кейін қайтып келеді де, шешесінің
Хазірет Пайғамбар киіп жүрген көйлекті сұрап
жатқанын айтады. Сонда Хазірет Пайғамбар
(с.а.у.) бөлмесіне кіреді де көйлегін шешіп балаға
берді. Сол кезде намаз уақыты кіргендіктен Біләл
(р.а.) азан шақыра бастады. Бірақ киетін нәрсе
|