71
Садақа
– Қаласаң оны Аллаһ разылығы үшін уақыф ет!
Түскен пайданы садақа қыл! Уақыфқа аталғаннан
кейін ол
ешкімге сатылмайды, сыйлыққа
берілмейді, мұрагерлікке де өтпейді, жемісі Аллаһ
жолында жұмсалады, мұқтаждарға тарқатылады -
дейді. Содан кейін Хазірет Омар құрма бақшасын
түгелдей уақыф қылады. Ол құрма бағынан
түскен кірісті Аллаһ
жолында жорыққа, жиһадқа
шыққандар, құлдықтан құтылғысы келген құлдар
мен әр түрлі мұқтаж жандар пайдаланып тұрды.
Мешіт салып, садақа бергенде және басқа да
қайырлы іс жасағанда шынайы ниетпен, тек Аллаһ
разылығы үшін жасау керек. «Ел мақтасын», «Жо-
март адам екен», «Жақсы адам екен» деп айтсын
деген ниетпен рия (көзбояушылық) қылып, яғни
елге көрсету үшін немесе жеке қара басының пай-
дасы үшін берген садақаның, жасаған қандайда бір
жақсылықтың Аллаһ
алдында ешқандай да қадірі
болмайды.
иНФақта Әдеп
Зекет беруде және садақа таратуда әдепті болу
өте маңызды. Әсіресе берген кісі алған кісіге
рақмет айту сезімінде болу керек. Өйткені, алған
кісі берген кісінің парызын өтеуіне себепші болып,
сауапқа жеткізіп отыр. Сонымен қатар,
берілген
садақалар берген кісіге аурудан және пәлекет
келуіне бөгет болады.