74
Садақа
ризалығына жету мақсатында болу. Қайырымдылық
жасағандардың мақтанулары,
рақмет айтылу-
ын күтулері және міндет қылулары мүлде дұрыс
емес. Осындай бір ой, істелген қайырлардың бүкіл
сауабын жуып-шайып кетеді.
Негізінде берген
кісі алған кісіге рақмет айтып қарауға тиісті әрі
Аллаһтың ризалығынан басқа мұрат-мақсаты бол-
мау керек. Өйткені Аллаһ алдында қабылданатыны
да осы. Хазірет Али мен бибі Фатиманың осы жайда
істеген инфақтарын керемет деп көріп, ұнатқанына
қосымша басқа
мұсылмандардың да істейтін
инфақтарын дәл сондай орындауға бұйыру ретінде
Аллаһ Тағала Құранда былай айтқан: «Олар өздері
жақсы көріп тұрса да тамақтарын кедейге, жетімге
және тұтқынға береді де оларға:
«Мынаны сендерге
Аллаһ ризалығы үшін беріп тұрмыз. Сендерден (бұл
ісіміз үшін)
сый көрсетілуін және рақмет айтуды
күтпейміз. Біз Раббымыздың (қорқынышты аза-
бынан беттері)
тырысып, бүрісіп қалатын күнінен
Достарыңызбен бөлісу: