Ораза зекет Садақа



Pdf көрінісі
бет39/46
Дата15.04.2023
өлшемі1,16 Mb.
#82853
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   46
Байланысты:
ОРАЗА ЗЕКЕТ САДАҚА

72
Садақа
Қайырымдылық істер кезде назар аударатын 
күй Құран Кәрімде былай баяндалады: 
«Ей, иман 
келтіргендер! Аллаһқа және ақірет күніне иман 
келтірмей тұра, малын мақтану үшін жұмсаған кісі 
сияқты шілтеп (міндетсіп) және ренжіте отырып 
істеген қайырларыңды босқа жібермеңдер»
(Бақара 
сүресі, 264-аят)
.
Осы аятта қайырға жұмсау ескертіле оты-рып, 
іске асырар кезде де орындалуы қажет болған 
әдептілік айқын түрде баяндалуда. Яғни, кедейді 
ренжітіп, кекетіп әрі шілтей отырып істелген 
қайырдың Аллаһ алдында ешқандай мәні, бағасы 
болмайды.
Хазірет Пайғамбар (с.а.у.) былай дейді: 
«Үш 
кісі бар. Қиямет күні Аллаһ олармен сөйлеспейді. Оларға 
қарамайды әрі оларды ақтамайды. Олар үшін күйзелтуші 
азап бар»
.
Пайғамбардың (с.а.у.) осы сөздерді үш рет 
қайталап айтқанын естіп тұрған Әбу Зәр (р.а.): 
«Аттары құрысын, армандарына жете алмасын 
да зиянға ұшырасын! Бұлар қандай адамдар, уа, 
Расулуллаһ?» - деп сұрады.
Пайғамбар (с.а.у.): 
«Киімін тәкаппарлығынан 
сүйретіп, кеудесін көтеріп жүрген адам, бергенін шілтеп 
берген адам және жалған ант етіп затын сатқан сауда-
гер!..» 
(Мүслим, Иман 171)
 
- деп айтты.
Зекет, садақа сияқты қайыр істеріндегі маңызды 
жағдайлардың енді бірі жасырын болуға назар ау-


73
Садақа
дару. Өйткені ашықтай берілген садақа, алған 
кісінің арлану сезіміне зиян келтіреді. Уақыт өткен 
сайын алуға үйреніп алады да, еңбек ету қайратын 
және қалауын жоқ қылады. Сонымен қатар берген 
кісінің істеген ісін жақсы көріп, мақтануына себеп 
болады. Бірақ, садақа бергендердің және осын-
дай қайыр істегендердің кейде бір елге жарияла-
нуы пайдалы болуы мүмкін. Сол арқылы халық 
арасында кедей-кепшікке жәрдем беру жайы іске 
асуы ықтимал. Құран Кәрімде Хақ Тағала бы-
лай айтқан: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет