80
Садақа
жоқшылықтың шөліне тап болған Саләбәнің
жағдайы да ойландыратын ғибратты оқиға:
Ансарлық (Мәдиналық) Саләбә мал-мүлікке
өте құмарланатын. Ол бай болуды армандай-
тын және бұл үшін Пайғамбардан (с.а.у.) дұғасын
сұрайды. Оның бұл сұранысына Аллаһ Расулі
(с.а.у.) былай жауап береді: «Шүкіршілігін
істей
алатын аз малың, шүкіршілігін істей алмайтын көп
малыңнан қайырлы...».
Бұл сөздерден кейін сұранысынан айныған
Саләбә біраз уақыттан кейін тағы да құмарланып
қайтадан Пайғамбарға (с.а.у.) келеді де:
«Уа, Расулаллаһ! Дұға етіңіз, бай болайын!» -
дейді.
Бұл жолы Хазірет Пайғамбар (с.а.у.) оған бы-
лай деп жауап береді: «Мен, сен үшін жеткілікті
үлгі емеспін бе? Аллаһқа ант етемін, егер сұрасам
осы таулар алтын және күміс
болып артымнан
келетін еді. Бірақ мен көңіл аудармадым».
Саләбә сонда талабынан айныды, бірақ
көңілінде соғып
тұрған әуесқойлық дауылы
басылмай ішінен: «Егер бай болсам жарлы-
жақыбайларға жәрдем беріп өте көп сауапқа
жетемін!» - деп ойлап нәпсісінен жеңіліп үшінші
рет Хазірет Пайғамбардың (с.а.у.) қасына барып:
«Сені хақ пайғамбар етіп жіберген Аллаһқа ант
етемін, егер Ол мені
байытса кедей-кепшіктерді
қорғап қолдаймын, әрі хақ иесіне ақысын
беремін!..» - деді.