Оразбекова Сандуғаш Нариманқызы Аймақтағы халықты әлеуметтік қорғауды жетілдіру 6N0506 – Экономика



бет3/8
Дата14.09.2023
өлшемі83 Kb.
#107314
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Автореферат С.Н.Оразбекова

Зерттеу пәні. Аймақтағы халықты әлеуметтік қорғауда қалыптасатын әртүрлі экономикалық субъектілердің арасындағы қарым - қатынас жүйесі.
Зерттеу объектісі ретінде үй шаруашылығы және аймақтағы халықтың әлсіз тобын әлеуметтік қорғау болып табылады.
Зерттеудің теориялық және әдістемелік негізі. Бұл мәселе туралы алыс және жақын шетелдер ғалымдарының еңбектері зерттеудің әдістемелік және теориялық негізі болып саналады. Мальтус теориясы бойынша халықтың өсуін олардың өмір сүруіне керекті заттарының жетіспеуі шектесе, тәжірибе жүзінде бұл жағдай басқаша, халықтың тұрмыс деңгейінің өсуі демографиялық жағдайлардың өзгерісін тудырады: туудың азаюына және жоспарлануына. Алға қойылған мақсаттар мен міндеттерге қатысты зерттеудің әртүрлі әдістері: әлеуметтік саланы басқаруды жетілдірудің негізгі бағыттарын әзірлеу негізінде – салыстырмалы әдіс; әлеуметтік саланы экономикалық бағалау есебінің әдістемесін негіздеу кезінде – статистикалық әдістер пайдаланылды. Жұмысты жазу кезінде нұсқаулық, әдістемелік, статистикалық және анықтамалық материалдар пайдаланылды.
Зерттеудің ақпараттық негізі болып Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі, Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық мәселелері бойынша заңнамалары мен нормативтік актілері, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің материалдары, Қазақстан Республикасы статистика агенттігінің және Қарағанды облысының статистика комитетінің статистикалық мәліметтері, Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалардың статистикалық жарияланымдары, мерзімді басылымдар мен монографияларда шығарылған әлеуметтік зерттеулер табылады.
Ғылыми жаңалығы. Аймақтағы халықты әлеуметтік қорғауды жетілдіру бойынша ұсыныстар жасалып, төмендегідей ғылыми нәтижелер алынды: халықты әлеуметтік қорғау жүйесін басқарудың әдістемелік тәсілдері негізделеді; мемлекеттің әлеуметтік саясатының бағыттары негізделеді; нарықтық экономика жағдайында әлеуметтік қорғауды бағалау бойынша әдістемелік ұсынымдар ұсынылады; қазіргі кезеңдегі аймақтағы халықты әлеуметтік қорғаудың теориялық негізі зерттеледі; шетел тәжірибесіне сүйене отырып, Қазақстан Республикасындағы және аймақтағы халықтың әлеуметік қорғалу деңгейін талдай отырып, негізгі қарқындары талданады; дамыған мемлекеттердегі әлеуметтік қорғауға бағытталған мемлекет саясатының үрдістері анықталады; зерттеліп отырған аймақтағы халықтың әлеуметтік қорғалуына бағытталған мемлекеттік саясатты жетілдірудің негізгі шаралары ұсынылады; Қарағанды аймағының әлеуетін дамытып, халықтың тұрмыс сапасын жақсартудың негізгі параметрлеріне қол жеткізуге мүмкіндік тудырып, әлеуметтік инфрақұрылымдарды құрып, адам капиталын дамытып, нарық субъектілерінің бәріне бірдей қолайлы жағдай тудырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет