Электролиттер мен бейэлектролиттерге анықтама беріп, мысалдар келтіреді.
Сабақтың тақырыбы: Ион алмасу реакциялары
Оқу мақсаты: 9.2.2.1- ион алмасу реакция теңдеулерін молекулалық және иондық түрде құрастыру
9.2.2.2 - ион алмасу реакцияларының жүру себептерін түсіндіру
Бағалау критерийі:
Электролит ерітінділері арасындағы реакцияларға иондар қатысатынын түсінеді;
Бейтараптану реакциясы Н+ және ОН- иондары арқылы жүзеге асатынын түсінеді;
Ойлау деңгейі: білу, түсіну
Қышқылдар мен сілтілердің әрекеттесу реакциялары бейтараптану реакциясы деп аталады. Иондар арасында жүретін реакциялар иондық реакциялар, ал олардың реакция теңдеулері – иондық теңдеулер деп аталады.
Электролит ерітінділері арасындағы алмасу реакциялары иондар арқылы жүзеге асады. Іс жүзінде қайтымды алмасу реакциялары қолданылмайды. Реакция нәтижесінде тұнба, газ немесе аз диссоциацияланатын зат – су түзілсе, алмасу реакциялары соңына дейін жүреді және олар қайтымсыз болады.
Тапсырма 1. Берілген заттар арасындағы ион алмасу реакциясының толық және қысқартылған иондық теңдеулерін жазыңыз
а) HNO3 + NaOH =
b) CuCl2 + KOH =
c) K2CO3 + HCl = [3]
Дескриптор:
Қысқартылған теңдеу бойынша молекулалық теңдеу құрастырады;