39
Сөздің ішкі семантикалық байланысы оның мағынасы мен ұғымның
арақатынасынан көрінеді. Сөз мағынасы зат, құбылыс, әрекет жайында түсінік,
ұғым пайда болғаннан кейін қалыптасады. Егер бір зат жайында ұғымымыз
болмаса, оның мағынасын біле алмаймыз. Ұғым бар жерде мағына бар. Демек,
ұғымның болуы – сөз мағынасының маңызды шарты болып табылады. Сөз
мағынасы
ұғымдық мазмұнға қоса, айтушының көзқарасын, көңіл-күйін,
сезімін, сөздің грамматикалық сипатын білдіре алады. Бұған қарап, сөз
мағынасының ұғымнан кең екенін көреміз.
Сөз мағынасы ойды ғана
білдірмейді, сезім мен әртүрлі көңіл-күйді білдіру үшін де жұмсалады.
Мағынаның
лексикалық және грамматикалық
болып бөлінетіндігі
белгілі. В.В.Виноградовтың
анықтамасы бойынша,
Достарыңызбен бөлісу: