Ордабекова Хафиза Арысбайқызы



Pdf көрінісі
бет114/131
Дата16.06.2022
өлшемі1,73 Mb.
#36950
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   131
Конспектілеу техникасы. Конспектіні жылдам жазуға (оқытушының 
айтқандарын жазуға үлгеру) төмендегідей тәсілдер көмектеседі: 
- қысқарту жүйесі; 
- басты мәселені айқындап алу; 
- каллиграфиялық жазудан бас тарту
- ақпаратты схема, таблица немесе кесте түрінде беру.
 
Реферат 
(
лат.
refere ‒ хабарлау, 
айту) 
– 
бір немесе 
бірнеше 
дереккөздерден алынған белгілі бір тақырып жөнінде хабарлау. Реферат 
ғылыми мақалалар мен ғылыми әдебиеттердің мазмұнын сипаттау болып 
табылады. 
Жалпы рефераттың бірнеше түрлері көрсетіелді: 
реферат-
конспект; реферат-резюме; реферат-шолу, реферат-баяндама. 
Реферат-конспект – белгілі бір тақырып жөнінде жалпы ғылыми 
ақпаратты құрайды, онда иллюстрациялық материалдар, зерттеу әдіс-тәсілдері, 
зерттеу нәтижелері және олардың практикалық қолданысы туралы жалпы 
ақпараттан тұрады.
Реферат-резюме ‒ берілген тақырыптың тек негізгі тұжырымдарын 
құрайды. 
Реферат-шолу ‒ берілген мәселе бойынша бірнеше дереккөздерге сүйене 
отырып, ондағы түрлі ғылыми көзқарастар өзара салыстырылады.
Реферат-баяндама ‒ берілген ғылыми ақпараттың шынайылығы, оның 
шешімі бар екендігі, түпнұсқа мәліметтермен өзара салыстырылған
кеңейтілген сипатқа ие.
Реферат құрылымы: 
Кіріспе бөлімде осы тақырыптың таңдалуы, автор туралы мәліметтер, 
таңдалған тақырыптың негізгі проблемалары айқындалады.
Негізгі бөлім мәтін мазмұны, тезис түрінде негізгі тілдік фактілер мен ғылыми 
тұжырымдамалардан тұрады.
Қорытынды бөлімде зерттелген мәселе жөнінде қол жеткізген нәтижелер мен 
тұжырымдамалар беріледі.
Рефераттың өзіне тән белгілері: 


162 
- реферат мазмұны толығымен баяндалатын дерекккөздің мазмұнына тікелей 
байланысты;
- негізгі ақпарат ықшамдалмай және субьективті бағасыз нақты мазмұндаудан 
тұрады;
- тұрақты құрылымға ие. 
Жұмыстың ғылыми және практикалық мазмұнына сәйкес пікір (рецензия) 
беріледі. Пікір мынадай факторларды негізге ала отырып бағаланады:
Қарастырылған тақырып жөнінде автордың эрудициясы, жұмыс авторының 
зерттеліп жатқан мәселенің өзектілігімен таныстығы, дереккөздермен толық 
таныстығы, қалыптасқан ғылыми фактілер мен зерттеу нәтижелерін зерттеу 
жұмысында қолдану дәрежесі. 
Автордың ұсынылған білім бағдаламаларынан өзге қосымша ақпараттарды 
қолдануымен таныстығы, берілген тақырыптыңы жаңашылдығы, берілген 
ғылыми тақырыпты меңгеру деңгейі. 
Автор сауаттылығы, берілген материалдардың өзара логикалық жүйелілікке 
құрылуы, стандартты талаптарға сай келуі, жұмыстың безендірілуі. 
Ескерту: плагиат мәселесі.
Реферат көбінесе студенттердің алған білімдерін қаншалықты дәрежеде 
меңгергендігінің, қорытындылаудың формасы есебінде алынады. Қазіргі 
уақытты интернет-ресуртардың дамуы түрлі ғылым салалары бойынша дайын 
рефераттың таралуына жол ашып отыр. Кейбір ресурстар дайын рефератты 
сатып алуға немесе тегін жүктеп алуды ұсынуда. Бұл білім сапасының 
төмендеуіне әкеледі.
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет