Ордабекова Хафиза Арысбайқызы


Лексема (грек. lexis «сөз») –



Pdf көрінісі
бет111/131
Дата16.06.2022
өлшемі1,73 Mb.
#36950
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   131
Байланысты:
Ордабекова Хафиза Арысбай ызы

Лексема (грек. lexis «сөз») – өзара қатыстық байланыста болатын лексикалық
мағына мен грамматикалық форманың жиынтығынан тұратын лексикалық 
жүйенің негізгі единицасы. 
Лексикология (гр.lexikos сөз туралы және logos ілім) – тіл білімінің сөздік 
құрамды, тілдің лексикасын зерттейтін сала. 
Лексикалық архаизмдер – қазіргі тілдік қолданыста сәйкес синонимдік 
мағынасы бар көнерген сөз.
Лингвистикалық география – тілдік құбылыстардың таралған кеңістігін 
зерттейтін тіл білімінің саласы. Лингвистикалық география арқылы тілдердің
тарихы мен шығу тегін ретроспектив тәсілмен зерттеуге мүмкіндік беретін 
диалектологиялық, тілдік атластар жасалады.
Семантикалық архаизмдер – қазіргі тілдік қолданыста дыбыстық тұлғасын 
сақтап қалған, бірақ ескі мағынада қолданылатын сөз. 
Сөздік құрам (грек. lexikos «сөздік», лексика) – тілдегі сөздердің тұтас 
жиынтығы. Лексика термині тілдік жүйедегі сөздердің қолданылу сипатына 
қарай да қолданылады. Сөздік құрамдағы сөздер қолданылу сипатына қарай 
бірнеше топқа бөлінеді: әдеби лексика және диалектілік лексика
жалпыхалықтық лексика дәне арнаулы лексика, бейтарап лексика және 
эмоционалды-экспрессивті лексика;  
Сема - сөз мағынасының ең кіші единицасы немесе мазмұн өрісінің ең кіші 
единицасы 
Тіл мен ойлау – қоғамдық қызметтің өзара тығыз байланысты, мәні және 
арнайы белгілері жағынан ерекшеленетін екі түрі. Ойлау – шындық болмысты 
бейнелеудің жоғарғы формасы, ол заттар мен құбылыстардың арақатынасын
байланыстарын жинақтап танып білуге бағытталған.
Тілдің шығуы – бұл мәселе антикалық тіл білімінде тілдің мәні туралы жалпы 
философиялық тұрғыда қойылған. Грек ғылымындағы тағы бір бағыт тілдің 
шығуын заңды биологиялық сипатын жақтаған, екінші бағыт – оның жасанды 
сипатын жақтаған.


159 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет