Ордабекова Хафиза Арысбайқызы


Сөзжасамдық бірліктер: сөзжасамдық ұя, сөзжасамдық жұп



Pdf көрінісі
бет32/131
Дата16.06.2022
өлшемі1,73 Mb.
#36950
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   131
Байланысты:
Ордабекова Хафиза Арысбай ызы

5 Сөзжасамдық бірліктер: сөзжасамдық ұя, сөзжасамдық жұп, 
сөзжасамдық тізбек, сөзжасамдық тарам, сөзжасамдық саты. 


53 
Сөзжасамның синтетикалық тәсілі тілдің сөздік қорын байытуда үлкен қызмет 
атқарады. Сөзжасамдық ұя бір сөздің негізінде туынды түбір сөздердің 
жасалуының жолын айқындайды. Мәселен, ән, әндет, әндеткіз, әндеттер, 
әнқой, әнқойлық, әнсымақ, әнші, әншілік, әншілдік сөзжасамдық ұядағы туынды 
түбір сөздердің бәрі бір ән деген негізгі түбір сөзден өрбіген. Сөзжасамдық 
ұядағы бір түбірден тараған туынды сөздер түрлі сөз табына қатысты бола 
береді. Сөзжасамдық ұядағы туынды сөздердің бәрі сөздік қорда орны бар 
лексикалық бірліктер. Мұндағы басты заңдылық ‒лексикалық бірліктің 
мағынасы жаңа лексикалық мағыналы сөздердің пайда болуына әсер етеді. 
Сондықтан сөзжасамдық ұядағы негіз сөз бен одан өрбіген туынды түбірлер 
арасында семантикалық байланыс болуы қажет. Сөзжасамдық ұяның өзіндік 
құрылымы бар, жүйелі құбылыс. Сөзжасамның ұяның ең кіші мүшесі 
сөзжасамдық жұпты құраса, сөзжасамдық жұп сөзжасамдық тізбектен тұрады. 
Сөзжасамдық тізбектің мүшелері сөзжасамдық саты арқылы өсіп, көбейіп 
отыр.
Сөзжасамдық ұя қанша сөзден құралса да, онда сөзжасамдық жұп болады. 
Сөзжасамдық ұяның ең кішісінде бір, екі туынды сөз болады деп саналады. 
Мәселен, бық → бықтыр → бықтырт → бықтыртқыз; бық → быққыз т.б. 
Дегенмен сөзжасамдық ұя құрамындағы туынды түбірлерге қарай 
сөзжасамдық жұптардың саны түрлі болады. Сөзжасамдық жұптың 
құрамындағы сөздердің әрқайсысының өзіндік қызметі бар. Сөзжасамдық 
жұптың бірінші сыңары сөз тудырушы да, екінші сыңары одан туған туынды 
сөз. Бір түбірден тараған, бір-біріне негіз болатын негізді сөздердің тобы 
сөзжасамдық тізбек деп аталады. Сөзжасамдық тізбектің қайсысын алсақ та, 
оның құрамындағы туынды түбірлер бір ғана негіз сөзден тарайды, сондықтан 
сөзжасамдық тізбектегі сөздер өзара мағыналық байланыста болады. Ал 
сөзжасамдық тізбектер түрлі сөзжасамдық ұяның мүшесі болса, олар бір-
бірімен семантикалық байланыста бола алмайды. Сөзжасамдық тарам 
термині орыс тіл білімінде словообразовательная парадигма терминімен 
беріледі. 
Мәселен, 
боз 
‒бозар 
‒бозараң 
‒бозараңда 
‒бозараңдат 
‒бозараңдатқыз деген тілдік бірліктер бір сөзжасамдық тізбекті құрайды. 
Сөзжасамдық ұя бес сатыдан тұрады. Бұдан сөзжасамдық тізбектегі әр сатыда 
бір ғана туынды сөз жасалатынын байқаймыз. Олай болса, сөзжасамдық 
ұядағы әрбір туынды сөз сөзжасамдық сатыда орналасады. Сөзжасамдық тарам 
сөзжасамдық сатымен тікелей байланысты, өйткені сөзжасамдық тарам белгілі 
сатылардың бірінде жасалады. Сөзжасамдық тарам сөзжасамдық ұяның 


54 
барлық сатыларында бола беретін тілдік құбылыс болғанымен, олардағы 
сөзжасамдық тарамның сапасы бірдей емес (2, 275-276).
Сөзжасам саласындағы негізгі теориялық мәселелерді біріздендірген 
ғалым Н.Оралбаева «Қазақ тілінің сөзжасамы» атты еңбегінде сөзжасамның 
синтетикалық, аналитикалық, лексика-семантикалық тәсілдерін атап өтіп, 
әрқайсысын тілдік фактілер негізінде ашып көрсетеді. Б.Сағындықұлы өзінің 
«Қазақ тілі лексикасы дамуының этимологиялық негіздері» атты еңбегінде 
конверсия тәсілін семантикалық-функционалдық трансформация деп танып, 
ақ, ат сөздерінің семантикалық даму жолдарын семдік анализ негізінде талдап 
береді (4). Б.Сағындықұлы конверсиялық тәсілді көне және жаңа түбірлердің 
генетикалық байланысы деп түсіндіруі тіл біліміндегі әлі де сыры ашыла 
қоймаған тілдік құбылыстардың бар екендігін ашып көрсетті. Сөзжасам 
саласында конверсия транспозиясының бір түрін құрайды. Конверсия ‒сөз 
тудырушы жұрнақтың көмегінсіз түбір я негіз сөздің басқа парадигмаға 
айналуы. Сөзжасамдық конверсия бойынша бір сөз табындағы сөз ешқандай 
тұлғалық өзгеріске ұшырамай, екінші бір сөз табына ауысады. Мысалы: тоң 
(мұз, май) ‒тоң (ол тоңды), сұқ (саусақ) ‒ (қолын сұқты). Сөзжасам саласында 
түркі сөздерін семантикалық тұрғыдан жан-жақты қарастырған ғалым 
А.Салқынбай туынды сөз мәселесінің аталымдық қызметін «Тарихи сөзжасам 
(семантикалық аспект)», «Қазақ тілі сөзжасамы» еңбектерінде кеңінен сөз 
етеді.
Қазіргі тілімізде өзтұлғалы өздік есімдігінің көрінісі мынадай: Өз. Іс-
әрекетті, затты, нәрсені меншіктеуші, иеленуші жақ (ҚӘТС,). Көне түркі 
тілінде бұл сөз мән, өзек, өзі, өмір деген мағыналарды иеленген екен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет