Орфографиясы


Құрт сыңарлы біріккен сөздер



Pdf көрінісі
бет39/72
Дата12.01.2023
өлшемі0,69 Mb.
#61061
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   72
Құрт сыңарлы біріккен сөздер. Қазақ тілінде құрт соя “денесі
ұзынша, өзі жұмыр, ирелеңдеп жүретін, омыртқасыз жәндік” және “ауру”
деген мағыналарына сай мынадай сөздерде БС кұрастыруыш қызметінде
көрінеді: алақұрт, бақайқұрт, баспақұрт, бауырқұрт, бүйенқұрт, есекқұрт,
жұлдызқұрт, жұлынқұрт, жыланқұрт, жылымқұрт, көмейқұрт, қазықұрт,
қанқұрт, қарақұрт, қауынқұрт, қылқұрт, миқұрт т.б.
Ағаш сыңарлы біріккен сөздер. Ағаш сөзінің де “бұтақ, тап, биік
өсетін көп жылдық өсімдіктің ортақ аты, дарақ” және “әр түрлі
қажеттілікке жарататын ағаштан алғаш кесінділер” екі мағынасы тілімізде
әулиеағаш, астықағаш, балауызағаш, барқытағаш, жұпарағаш, қарағаш,
кызылағаш, маржанағаш, рауғаш, сарағаш, тасағаш сияқты өсімдік, шөп
атауларын және белағаш, жерағаш, жүкағаш, қолағаш, құсағаш, мамағаш,
тісағаш, мойынағаш, иінағаш, азуағаш, ақырағаш, арысағаш сияқты құрал
атауларын жасайды. Мұнда, әсіресе екінші жағдайда, ағаш сөзінің


экстралингвистикалық мәнділікпен Д
1
қатынаста тұрмауы (мойынағаш
Д
2
Д
2
; мамағаш Д
2
Д
2
) ортақ компонент біріктіруге әкелген. Және ағаш
сыңарының сүйемелімен ғана номинация процесі нәтижеге ие болып,
ортақ сыңар (ағаш) жинақтаушылық, құрастыруыштық қызметке
жұмсалған.
Сонымен, жоғарыда айтқандарды тұжырымдай келгенде, қазақ
тіліндегі БС-дердің формалды белгілерін екіге: ұлас
ыруыштар (-ар, -ғыш,
-лар, -лық, -ты, -ыс, -қы, -қ, ма қосымшалары) және құрастыруыштар (хана,
құмар, жанды, аралық, тану, жай, қап, шөп, басы, хат, гүл, от(ы), балық,
той, жегі, бас, ара, тамыр, жапырақ, тікен, ағаш,құрт) деп бөлеміз.
Құрастырыштардың өзі дерексіз-жалпы- нақты сипатына қарай
аффиксоид,
стандарт,
жинақтаушы деп бөлінеді. Мұндағы аффиксоид
соңғы екеуінен мағынасының дерексіздігімен, дербес қолданысының
сиректілігімен, талғап жалғануымен (жұрнаққа тән сипаттың болуы)
ерекшеленсе, стандарт құрастыруыш соңғы топт а н өзі кұрастырған БС-
дің жалпысына ортақ стандарт мағына үстеуімен, сандық жағынан көп
БС бере алатындығымен өзгешеленеді. Ал толық мағыналы сөздің аффик-
соидталуына көп мағыналылық, сөз мағынасының кеңеюі, жалпылануы
себеп болады. Ортақ сыңардың екі сөзден артық ретте алдыңғы
компонентен бірге тұлғалануы оны аффиксоидталу үрдісінде екенінен
хабардар етеді. Сөйтіп, бірігудің формалды белгісімен ҚТОС-індегі БС-
дердің үштен бірін өрнектеледі деуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет