Орфографиясы



Pdf көрінісі
бет41/72
Дата12.01.2023
өлшемі0,69 Mb.
#61061
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   72
Байланысты:
46774b23911507b22245ade7fa6a4289

трансформация деп аталады (бұны қазақ тілінде ж а й м а л а у әдісі деп
алуға болады). Осы әдіске сала отырып, қазақ тілінде эндоцентрлі БС-дерді
уәжсізденуіне қарай бірнеше топтарға бөлеміз.
Бірінші топқа экстралингвистикалық мәнділікпен Д
2
Д
1
қатынастағы БС-
дерді жатқызамыз, мысалы: сарымай, ақбөкен, тарбақа, көлбақа, құрбақа,
айғыржуа, ақбаттауық, аққаңбақ, ақсаңырауқұлақ, көктал, көккептер,
балқарағай, сиырбұршақ, бозбетеге, түйежаңғақ, укекіре, өгізшағала,
тауқалақай, шайсаңырауқұлақ, қарақотыр, қаракөже, сарымия, бозарша, көк-
қарға, көкпияз т.б.
Байқап отырғанымыздай, бұл қатардағы атаулардың екінші компоненті
тура мағынасында қолданылып отырады. Мысалы: сарымай – “әбден
шайқалып, сүтінен мұқият ажыратылған, қойдың қарнына ұзақ уақыт сақтала
сары түсін сақтаған, басқа тағамдық майлардан құнарлылығы өте жоғары май”;
көкпияз –“жаңадан көгеріп, өсіп келе жатқан пияздың асқа қататын сабағы”;
балқарағай – “үнемі көгеріп тұратын, қылқанды қарағай” (ҚТТС, 2 т. 84-б.)
Мұндағы мағыналық жылжуға ұшырап, Д
1
,-ді емес, Д
2
-ні көрсетіп тұратын –
бірінші сыңар. Әдетте синтаксистік сөз тіркесі деңгейіндегі тілдік бірліктер
экстралингвистилық мәнділікпен Д
1

1
, қатынаста болады. Мысалы, күміс
қасық деп “күмістен жасалған қасықты”, алтын сағат деп "алтын жалатылған
сағатты” атайды.
Ал лексикалық синтагмаларда Д
1

1
қатынаспен (am қора) бірге Д
2

1
,
қатынастағы (кәрі жілік) бірліктердің саны молая түседі. Кейін осы
қатынастағы КС-дер бір денотаттың атауы болып, жұмсалу жиілігіне түсіп,
терминдік мәнге ие болған сайын бірге таңбалану тұрпатын қабылдай бастайды.


Алайда бұлардың да үлгісі Д
2
Д
1
қатынасты құрайды. Сөйтіп, КС бен БС
арасындағы бұл ұқсастық емледе біраз шатасулар әкеледі.
Негізінен, Д
2
Д

қатынастағы КС-дерді ҚТОС-інің үш басылымы да бөлек
тұлғалауды ұсынып келді. Ал проф. Р. Сыздықова алғашқы сыңары may, шөл,
дала, ақ, қара, түйе, сиыр, ит болып келетін аң-құс, өсімдік атауларының бірге
таңбалануы қажет екенін көрсетіп, ҚТОС-інің жаңа басылымына реестр сөз етіп
береді. 
Жалпы экстралингвистикалық мәнділікпен Д
2
Д
1
қатынастағы БC үлгісі
тілімізде жоқ емес, бар болатын. Мысалы: сарымай, ақбөкен, тарбақа, көлбақа.
Алайда бұл сөздердің бірге жазылуы біраз уақыт ала-құлалықта байқалып,
тұрақталып еді. Оның себебі екінші компоненттің тура мағынада жұмсалуынан
болып отыр. Осы арада мынадай ой түйіндеуге болады: құрама сөз құрамындағы
екінші компоненттің мағыналық жылжуға түсуі (Д
2
) сөздерді біріктіру
нәтижесіне жеткізеді.
Негізінен, бұл топтағы БС-дерді КС-дерден ажырату керек. Әзірше
экстралингвистикалық мәнділікпен Д
2
Д
1
қатынастағы бұл КС-дердің бірге
жазылуы олардың терминдену сипатынан шығып отыратынын айтамыз.
2- топқа жертөле, құстөсек, қонақүй, асүй, жүкаяқ, ораманан, таскөмір,
жерқойма, қонақасы, қарашірік, қосағасы, наурызкөже, өңіржиек, торқапшық,
түскиіз, есепшот, елтаңба, жолбике, көзәйнек, көкбауыр, көкжиек, қолбала,
қолөнер, шоқаяқ сияқты компоненттері экстралингвистилық мәнділікпен Д
1

2
қатынастағы БС-дер жатады. Неміс тілінде мұндай БС-дерді синтаксистік сөздер
тіркесінің сырттай және іштей изоляциялануының нәтижесінде пайда болады
деп түсіндіріледі (116).
Алғашында атау сөйлем, предикаттық қатынас формалары түрінде
болатынын тілдік фактілер растайды. Қолданыста қайталана келе, жайылған
ұғым белгілі бір қалыпқа, формаға түсуге ұмтыла бастайды. Бірақ ол форма –
бүкіл сол ұғымның мағынасын бойына жинақтап тұруы шарт. Сондықтан кез
келген сөзде жалпылық мағына басым болады. Бірақ “зат пен құбылыстың
танылмаған жақтары біртіндеп танылып, олардың айырмашылықтары,
ерекшеліктері де айқындала бастайды. Осының нәтижесінде адам ұғымы
жалпылықтан жалқылыкқа карай тарамдалып, заттарды ажырата, айыра тани
бастауынан танылған заттарға бөлек-бөлек атаулар бере бастау” (110. 55),
анықтайтын анықталатын қатынастағы тіркестерді, кейін күрделі-құрама
атауларды өмірге әкеледі. Ол тіркестер заттар мен құбылыстарды анықтап
көрсету қызметінде жүре келе, келесі танылған зат пен кұбылыстың атауға ие
болуына қарай жалпылануға көше бастайды. Сөйтіп, тіл үнемі ауысу, өзгеру,
даму динамикасы үстінде көрінеді. Үсті-үстіне пайда болып жататын танылған
заттар мен құбылыстарды тіл өзіне таңбалау үшін атау берудің түрлі тәсілдерін
қарастырады. Алғашында эксплицивті ұғым ретінде құрылатын атауды тіл
ықшам формаға түсіру үшін үнемдеу заңына салып, фонетикалық элизия,
апакопа құбылысын “ерте жүріп” екі лексеманы морфологиялық бірігу, кірігу,
сіңісу құбылысына, болмаса, синтаксистік эллипсис, болмаса лексикалық


метонимия, синекдоха құбылысына ұшыратады, яғни атауды беретін ұғымның
өзара ыңғайлас екі семасын білдіретін екі лексема бірігеді де, бір мағыналық
шоғыры жинақталады, не болмаса сол ұғымды беретін бір лексема қалады да,
қалғаны эллипсиске ұшырайды: орама нан  ораманан ораман, өре ағаш  өре,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет