көрсеқызарлық, иткөпір, көгенкөздер, антұрған, жанкештілік, екіжүзді,
каратобыр, жанталасу, ақкөңіл (“Ана тілі”, “Қазақ елі”
(1996
, 1997
)) т.б.
алуан түрлі құрама сөздерді біріктіріп жазуды дағдыға айналдырды. Тіпті
бұларды қате деп табудың өзі сиреді. Себебі –
сөздерді біріктіру
абстракциялаудың ең жоғарғы сатысы болса, көркем әдебиет, публицис-
тика тілінде абстракциялаудың басымдығы шексіз. Мысал ретінде ҚТТС-
ін алайық. Онда ҚТОС-і бөлек тұлғалаған
жертөсек, жерошақ сияқты
көптеген құрама атаулар бірге таңбаланған. Бұл, бір жағынан, материал
жинау
ісімен байланысты болса, екінші жағынан, сөздіктің ұғым ма-
ғынасына бойлайтын спецификалық ерекшелігінен шығып жатады. Сонда
сөздердің бірігіп жазылуын осы ыңғайдан шығаруға да болады. Ал емле
сөздіктері осы арадағы ауытқушылықты негізге ала отырып, ғылыми
тұжырымға сүйенген орфография беруі керек.
Практикалық, дағдыны
куып, соның жағына икемделіп кетуге болмайтыны өз алдына, ғылыми
негіздемесі бар уәжге сүйену басты мақсат болмақ.
Бұл бағытта ҚТОС-тері елеулі нәтижелерге қол жеткізіп отыр. Тіліміздің
жазу жүйесін жетілдіру, реттеу, дұрыс қолдануды үйрететін алғашқы
құралдардан кейін (137) қазақ тілінің алғашқы үлкен орфографиялық сөздігі 1963
жылы жарық көрді. Басылымдағы БС-дердің көлемі 360 еді дейді, соңғы үш
емле сөздігін сандық, сапалық жағынан зерттеу, жүргізген проф. Б. Қалиев (138.
156). Автор олардың дені – “екі-үш сөзден құралған тіркес, осы тіркес күйіндегі
білдіретін мағынасына ұқсамайтын басқа бір заттың, ұғымның атауышы болып
келетіндер” екеніне мына мысалдарды келтіреді:
айнакөз, Ақбозат, бақабас,
балауыз, егеуқұйрық, есекжем, итмұрын, итарқа, қылжақбас, кемпірауыз,
итқонақ (139. 38).
Ғалымның айтуынша, сөздіктің бұл басылымына енбей
қалған 1350 шақты БС, бірігіп жазылуы тиісті 950-ге тарта құрама сөз бар
(138.156,158). Ал сөздіктің екінші басылымында БС-дер саны 1,5 есеге көбейіп,
реестрдегі БС-дердің саны 578-ге жеткен (139. 38). Олар, негізінен, өсімдік, аң-
құс, балық, жәндік, ойын, ырым, ауру, зат атауларынан тұрады:
айырқұйрық,
Достарыңызбен бөлісу: