аққаптал, ақсерке, арпабоз, асатаяқ, атшоңқай, бестас, ементұмсық, ешкіемер, жағармай, желтоқсан, жорғатаяқ, күйтабақ, қанжел, қоқиқаз, қолтаңба, қоянсүйек, құртқашаш, қылқалам, мипалау, мүшелтой, сегізаяқ, сөзжұмбақ, сөзтізбе, таңкурай, тоқтыбалақ, тұсаукесер, түйебас, шайқурай, шаңқобыз, шаңсорғыш т.б. Және мемлекеттік терминология комиссиясы
бекіткен алаяқ, арамтамақ, бейнежазба, гүлшанақ, қарашақаз,қарашірік, төлтума, ізашар сөздері еді (139. 39).
ҚТОС-інің екінші басылымындағы бір жетістік – аралық, тану, құмар, жанды сыңарлы бір денотативке байлаусыз, көп денотативке ортақ сөздерді
жүйелі түрде біріктіріп жазуды ұсыну болды.
Ал ҚТОС-інің соңғы басылымында өсімдік, фразеологиялық атаулардың
жазылуына қатысты мынадай жайттар сараланды.
Қазақ тіліндегі өсімдік атауларын көркем әдебиет, ауызша,
публицистикалық, іс-қағаздар, ғылыми стильдердегі ретіне қарай көпшілік
қолданыстағы сөздер деп танылғандары орфографиялық сөздіктердің алғашқы
басылымынан- ақ реестрге алына бастады. Б.Қалиевтің айтуынша, Қазақстан
жерінде алты мыңдай өсімдік түрлері болса, оның 760- ы Қазақстан жерлерінен
басқа ешбір елді мекенде өспейді екен (29. 24).
Әрине, өсімдік атауларының бәрін бірдей, әсіресе түр атауларын реестрге,
жалпы сөздік қорға ала беру мүмкін емес. Қолда бар материалдарды жинақтап,
мәліметтерді саралай келгенде, біз кемінде екі компоненттен тұратын өсімдік
атауларының емлесіне қатысты мынадай жайттарды анықтадық:
- өсімдік кұрама атауының соңғы сыңары шөп, көк, от, құрақ, шалғын, қурай, ағаш, егін тәрізді жалпы, дерексіз сипаттағы сөздер болып келсе:
айдаршөп, қараот, айылқияқ, ақегін, балқурай, сарағаш т.б. (25. 53.; 27.
61; 30. 69);
- өсімдік мүше атаулары (тамыр, мұрт, сабақ, жеміс, қат, жидек, жапырақ, гүл, тікен, бұта), яғни жалпыға ортақ бүтіннің бөлшегі болып
келсе: бөрігүл, бөріжеміс, айылжапырақ, бозтікен; - екі сыңары да, кейде бір сыңары өз дербестігінен айырылып, не
ауыспалы мағынада қолданылса, бірге таңбаланады: түйетабан, құлынембес, далантопшы, құртқашаш (30. 69,110,60);
- бірінші сыңары мал, аң, құс жалпы атаулары (қой, сиыр, аю, қоян), болмаса may, шөл, құм, дала сияқты сөздер, екінші сыңары нақты өсімдік,
аң-құс аты болса бірге жазылады: құмбетеге, сиыржоңышқа, қойқарақат, итошаған, итбүлдірген (бұл нормалану ҚТОС-інің жаңа
басылымында қамтылады).
Бұл, бір жағынан, сөз мағынасын берудегі ғылыми (терминологиялық) бағыт
дегенге саяды. Мұнда ұғымның ғылыми, терминологиялық мағынасы алға
тартылады. Мысалы, сиыржоңышқа (вика), таспажоңышқа (спорыш), түйе- жоңышқа (донник) өз алдына жеке-жеке өсімдіктер болғаңдықтан олардың
компоненттері дербес мағынасында колданылып тұрғанына қарамастан бірге
жазылуы керек (140. 92; 30. 111). Сол сияқты, қараөрік (слива) ағашы да, жемісі
де өрік (абрикос) жемісіне қатысы жоқ бөлек өсімдік болғаңдықтан біріктірілу
керек (141. 106).
Ғылыми әдебиеттерде бір сөздің мағынасына беретін түсінік төрт-бес
парақты қамтитыны рас. Алайда оның лексикалық мағынаға сәйкеспейтіні өз
алдына, кейде мүлде алшақтап та жатады. Бірақ та лексикалық мағына қашан да
сөздің терминологиялық мағынасына ұмтылумен болады. Біз бұны
лингвистикада бірінші болып А.А.Потебняның сөздің “алыс”, “жақын”
мағыналарын ашуымен байланысты сараладық. “Жалпы сөз мағынасы дегенде
екі түрлі сипат көрініс береді. Біріншісі – тіл білімі нысанасына енетін сөздің
жақын мағынасы болса, екіншісі – басқа ғылымдардың аясында қаралатын
сөздің алыс мағынасы болып табылады” (142. 19).
Көпшілік қауым қолданыстағы терминдер мен өсімдік, жан-жануар, жәндік,
құс атауларының терминологиялық мағынасын білуі шарт емес. Қатардағы
оқырман ақбас жусан түр атау ма, туыс атау ма деп ойланып отырмайды.
Немесе қараөрік сөзін өрікке қатысы жоқ екен деп, бірге жаза алмайды. Әрине,
бинарлы өсімдік атауларының жазылуында салалық терминологиялық мағына да
ескерілуі керек. Дегенмен олардың емлесі тілдік факторларға негізделуі тиіс.
Өсімдік атауларының орфографиясыңда ғылыми, тілдік мағыналарын қатар
қарастыруды ұсынатын Б. Қалиев “бинарлы атауларды жазуда мәселе туыс аты,
түр аты екендігінде емес, мәселе –тіркесуші сыңарлардың морфологиялық
тұлғасы мен тіркесу амалдарында” (30. 74) деп, екі бағытты өзара
ыңғайластыратын уәж айтып, өсімдік атауларының лексика-грамматикалық
кұрамын анықтап, компоненттерін лексикалық топтарға бөледі (30. 66). Сөйтіп,
біріккен өсімдік атауларының екінші сыңары я жалпылауыш, я ауыспалы
мағынада қолданылатын (жануарлар дене мүшелерінің қолданылуы) сөздер
екенін, бірінші сыңары я төрт түлік мал атауы, я олардың төлдері, я үй
жануарлары, я құс, жәндік, бақа, шаян, я табиғат құбылыстары екенін
айқындайды. Сондықтан Д
1
,Д
2
, Д
2
Д
1
, Д
2
К
1
қатынасына орай аққайың,