Орфографиясы


 Біріккен сөз және бірге тұлғалаудың фонетикалық



Pdf көрінісі
бет49/72
Дата12.01.2023
өлшемі0,69 Mb.
#61061
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   72
2.4. Біріккен сөз және бірге тұлғалаудың фонетикалық
белгілері
БС-дердің дыбыстық өзгерістерге ұшырауы – тілде бар құбылыс.
Б.Сағындықұлы “сыңар мағынасының іштей көмескіленуі ол сөздердің
дыбыстық өзгерістерге ұшырауының басты себебі сияқты” (133. 70) дейді.
“Расында да, дыбысында өзгеріс бар сөз тіркестерінің кіріккен сөз болуы
шарт” (7), яғни уәжін жоғалтқан түбір, не туынды түбір формасына түсуге,
сөзайналымның келесі процесіне өтуге негіз бар. Үнемделу құбылысы
бойынша ұғым мағынасын беруге араласпай, не артықтық ететін сөз
тіркестері эллипсистеніп, сөз метонимия, синекдоха тәсіліне көшіп, буын
элизияға ұшырап, дыбыс редукцияланады. БС-дің сөз тіркестерінен пайда
болған типтерінен осы сатыларды көруге болады. БС сыңарларындағы
буындардың түсіп қалуын ертедегі кіріккен сөздерден байқаймыз: алып
кет – әкет, кесел апат –кесапат, бұл күн бүгін, білек жүзік –білезік т.б.
Екпінге негізделген тілдерде дыбыстар мен буыңдардың түсіп қалуы
сөздің әлсіз позицияларында болады да, екі- үш сөзден тұратын тіркес
бірігеді (134. 222). Ал екпін түспеген әлсіз позиция болуы сөздің
лексикалық мағынасының әлсіреуіне байланысты екенін неміс тіліндегі
аффиксоидтар көрсетіп отыр.
Қазақ тілінде ритмикалық екпіннің мағына беруде үлкен роль
атқаратынын айтқан проф. Ә.Жүнісбек КС-дерде белгілі бір буынның
ерекшеленуі мағына ажыратуда маңызды мәнге ие бола алмайды дейді (65.
67). Ғалымның көрсетуінше, мал қора тіркесінде алғашқы сыңардағы [а]
дауыстысына түскен екпін, екінші сыңардағы [а] дауыстысына түскен
екпінге қарағанда 40% көп екен. Бұдан КС- дерде мағыналық жүкті
алғашқы сыңар көтеріп тұратынын байқауға болады. Ал бүгінгі тіліміздегі
лақ сөзі түбір бере алмаған мағынаны өз бойына көшірген бір кездегі
жұрнақ : лақ, > ылақ, > ұлақ > олақ > оғлақ > оғылақ > оғулақ, > оғуллах, (31.
І7). Сонда алғашқы сыңардың мағына көмескіленуі немесе әлсіреуі, оған
ритмикалық екпіннің түспеуі эллипсиске әкелген. Ауызша тілде дыбыстық
алмасу, редукция, буынның жылысуы – “буын кему сөз бен сөздің, буын
мен буынның арасында жиі” (135. 191).


Тілдегі фонетикалық құбылыстардың ұшы-қиыры жоғы рас. Ал
олардың жазуда таңбалануы сөздерді фонемалық негізгі реңкі бойынша
жазуға, яғни фонематикалық принципке негізделеді (5. 9). Сонымен қатар,
тілдік бірліктердің морфологиялық тұрпатынан келіп шығады. Қазақ
тілінің морфонологиялық құбылыстарын зерттеген А.Айғабылов:
“морфонологиялық құбылыстар артикуляциялық шекке, мүмкіндікке
негізделмеген, тек сөйлеу дағдысында туындаған өзгерістердің бірте-бірте
тілдік дәстүрге айналуынан барып қалыптасатын өзгерістер” дей отырып,
“басты мәселе мағынада, егер алғашқы сөздің соңғы дауыстысы бірден-
бір мағынаға тірек болып тұрған дыбыс болса, ол дауыстының түсуі
мүмкін емес” деп тұжырымдайды (136. 4,25).
Бұл пікірден қазақ тіліндегі БС-дердің дыбыстық өзгерістеріндегі
басты принцип айқындалып отыр. Ол – БС- дер бойындағы дыбыстық
өзгерістердің мағынаға негізделуі. Зерттеу барысында қазіргі қазақ
тіліндегі БС-дердің мынадай дыбыстық ауытқулары жазуда
таңбаланатынын аңғардық. 1. Мағынасы көмескіленген соңғы сыңардың
алдыңғы позициясындағы қатаң қ дыбысының ғ-ға ұяңдауы: алагөбе,
алагеуім, алагүлік, көгал (мұндағы ал морфемасы алсын "шабылған шөптің
орнына қайта шыққан көк” дегенмен этимологиялық байланыстағы сөз
болуы ықтимал) (27. 29)), көгорай, қыргүйек, жегжат, кішігірім, саргідір,
байғазы, жарғанат, байғұтан, бозғонақ, сайгүлік, саргүйек, азғана, алағаншық,
анағұрлым, неғұрлым, қарағүс, қолғабыс, қолганат, жедеғабыл т.б. соңғы
сыңардың грамматикалануы себепті қатаңның ұяндауы: бүгін, күздігүні,
жаздыгүні, теугүні, алдыңгүні, түнеугүні, қолғап т.б. 2. Морфемалар жігіндегі
ы,і дауыстыларының жұтылуы: мойнақ, өлара, өлтірі, сарауру, сарбалақ,
сарбауыр, сарбөртпе, сарбуын, саршұнақ, сарбұға, сарқұлақ, сарсолма,
сартабан, сартаңдақ, сарттұқыш, сартап, сарүйек, сарсу, бөрауыз, бөраяқ,
келсап, алтатар т.б. Бұл құбылысқа бірнеше факторлар әсер етеді. Олар: а)
“қысаң дауыстының сонормен іргелес келгендегі “жұтылу” құбылысы”
(27. 30); ә) дауысты дыбыстың қатар келген екі ашық буында кездесуі (136.
114); б) редукцияланатын дауыстының екі жағындағы дыбыстың өзара
тіркесе алуы (136. 118); в) үнділердің басқа дыбыстармен тіркесу
қабілетінің күштілігі (136. 118); г) дауысты дыбыс редукциясының
мағынаға нұқсан келтірмейтіндігі (136. 123); д) сыңар мағынасының
көмескіленуі, ауысуы. Мысалы, ҚТОС-інің соңғы басылымы сарымай,
сарыгүл, сарысазан, сарытікен сөздерін ы дыбысымен таңбалайды, яғни
мұнда БС сыңарларының лексикалық мағынасынан айырылмауы ы
дыбысының жұтылмауына негіз болған. Ал сартұқыш, сартап, сарүйек,
қандағаш сөздерінің екінші сыңарыңда мағына көмескілену басым.
3. [а] дауыстысының түсірілуі. Бұл құбылыс қарағаш, алауыз, алауыздық,
қарғауыз, алөкпе сөздерінде кездеседі. Қалған реттерде түсіру сөз
мағынасына әсер ететіндіктен редукцияланбай жазылады: қараөрік,
қараот, қараөлең, қараөкпе т.б.


4. Композит құрамындағы негіздердің семантикалық будандасуға түсуі
олардың фонетикалық будандасуына әкеледі. Проф. Ә.Жүнісбек
эксперименттік зерттеу фонетикалық өзгеріске тек дауыстылар ғана емес
барлық дыбыстар түсетінін көрсеткенін айтады (65. 78). Бұл –БС
процесіндегі соңғы тілдік өзгерістер. Сөйтіп, қазіргі жазу нормасында
жалпы фонетикалық алмасуларға қатысты дыбыстық өзгерістер жазуда
арнайы таңбаланбайды да, керісінше морфонологиялық алмасулар жазуда
жүйелі түрде бейнеленіп отырады (3-кесте). Тілдегі кіріккен сөздердің
фонетикалық будандасуын фонематикалық принцип негізінде түсіндіруге
болады.
3-кесте


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет