Орфографиясы



Pdf көрінісі
бет52/72
Дата12.01.2023
өлшемі0,69 Mb.
#61061
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   72
қарабидай, итқоға сияқты 1988 жылға ҚТОС-інде бөлек берілген өсімдік, балық
атаулары жаңа басылымда бірге тұлғаланып, реестрге шығарылады. Сөйтіп,
сөздерді бөлек, бірге тұлғалаудағы лингвистикалық бағыт тілдік факторларға
(грамматикалық, морфологиялық, лексика-семантикалық) сүйенуден шығады,
яғни жоғарыда көрсетілгендей, бір сыңардың мағына жалпылануы (шөп, от,
гүл), олардың грамматикалануы (аффиксоидтелуі); сыңарлар мағынасының
ауыспалы мағынада жұмсалуы, лексика-семантикалық контаминацияға түсуі;
тіркестің -ған, -ген (ат-құтыртқан, қойкемірген), -ар, -ер (күнбағар, қантияр,
тілқияр), -ғыш, -қыш (шыбынқуғыш, күнсүйгіш) грамматикалық тұлғалармен
түрленуі болып табылады (29. 35).
Ал құс, балық, жан-жануар, құрт-құмырсқа күрделі атауларының
жазылуында мына принцип сақталған. Соңғы сыңары жалпы мәндегі атау
(балық, құс, құрт, торғай, теке, ешкі, жегі, бақа) болып келсе, бірігіп
жазылады. Мысалы: семсербалық, теңгебалық, таутеке, бозторғай, тарбақа,
өкпеқұрт, бүйенқұрт, қолбақа, ағашжегі, балықжегі. Мұнда бір топтың туыс
аты болып келетіндері де бар (қараторғай  скворец, бозторғай – жаваронок,
шыршаторғай –клест) (139. 92), түр атауы болып келетіндері де бар (тарбақа,
құрбақа). Бір топтың туыс атауы “қысқышбақаны бөлек жазсақ, ол молюскалар
типіне жататын перловица болмай, хордалылар типінің қосмекенділер класына
жататын бақалар туысының бір түрі болып шығады. Ал, шындығында, ол –


омыртқасыз жануар” (139. 93). Керісінше, “кәдімгі” бақалар туысының он бес
түрі бөлек жазылуы уәжді делінеді. Ал іс жүзінде ше? Құрбақа, көлбақа т.б. бақа
түрлері бұрыннан бірге таңбаланып жүр: көпшілік олардың қай текке жататынын
ажыратып отырмайды, әрі бұлардың алғашқы сыңары экстралингвистикалық
мәнділіктің дәл өзін атамайды: көлбақа –“көлде жүретін бақа”, құрбақа
“құрлықта ғана жүретін бақа” емес.
Сөйтіп, сөздің терминологиялық мағынасына назар аударып отыру кейде
көздеген мақсатқа жеткізе бермейді.
Ал фразеологиялық атаулардың жазылуына келсек, ҚТОС-тінің соңғы
басылымы жалпы саны тоқсанға жуық тұрақты тіркестерді біріктіріп береді.
Мысалы: арамтамақ, аткөпірету, атжалдану, ауызбірлік, ауызекі, әлімжеттік
жасау, жақсыат, жаманат, жүребітті, бақталас, басараз, басбұзар,
баскесер, басыбайлы, баукеспе, беталыс, бетбүрыс, бұтартар, бірқыдыру,
бірізді, жатыпатар, жатыпішер, желбас, жүдеубас, жүзқара, жүребітті,
жынойнақ, итжанды, итжығыс түсу, кертарпа, кеудемсоқ, көзайым болу,
көзжұмбай, көзқарас, көкейкесті көкейтесті. Байқап отырғанымыздай,
мұндағы тіркестер – мағынасы тұтас, құрылымы тиянақты, сыңарларының
деактуализациялануы әртекті, қолданылуы тиянақты (143. 5-6), экспресті-
эмоционалды реңкінен айырылмаған тұрақты тіркестер.
Жалпы тұрақты тіркестердің сыңарлары ажыратыла таңбалану емледе
қағидаға айналғаны рас. Жазуға таңба теориясы тұрғысынан келгенде де
фразеологизмдердің құрамын ажырата көрсету тұрпат межесінің де, мазмұн
межесінің де үрдісінен шығады. Мысалы, ит әуре, ит өлген жер дегенде
лексемалардың бөлек тұлғалану формасы, оның мазмұн межесіне қайшы
келмейді. Бұл форма фразелогизмдердің негізгі қызметі – көркемдеуші
қызметіне жауап береді.
Тілде пайда болған көркемдеуіш құралдар (троптар: метафора, метонимия,
синекдоха), фразеологизмдер, өзінің семантикалық даму барысында тілдің
негізгі атқаратын қызметтеріне – коммуникативті, номинативті, прагмативті
қызметтеріне –ауыса бастайды. Сондықтан фразеологизмдердің де екі қызметі
көзге көрінеді: 1) коммуникативті, 2) атауыштық. Тұрақты тіркестердің көркемдік
қызметі мен атаулық қызметі қатар жүре келе, бір кездері таза номинативтілік
жүк арқалайтын дәрежеге жетеді. Біздің ойымызша, тілде тұрақты тіркестер
негізінде пайда болып жатқан біріккен атаулар осы жолдардан өткен. Әсіресе
адамға катысты фразеологизмдердің екі сыңары да дене мүшелері атауларынан
тұрса, олар атауыш қасиетке көбірек ие. Мысалы: ақ саусақ, ақсақал, ақсүйек, ақ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет