§5 Молекуладағы атомдардың өзара әсері
Молекуладағы атомдардың бір-біріне әсері ондағы электрон тығыздығының таралуына байланысты болады, ол екі түрлі эффект арқылы жүзеге асады: индуктивті және мезомерлі.
Ковалентті байланыстың қасиеттерінің бірі поляризацияланғыштық болса, молекулаға сырттан әсер еткенде (молекула симметриясыз болса, әсер жоғары болады) электрон бұлтының тығыздығы молекуладағы электртеріс атомға қарай - байланыстың бойымен ығысады, осыны индуктивті эффект (J) – деп атайды, ол тікелей байланысып тұрған атомдар арасындағы әсер.
(-J) (электрон бұлтының тығыздығы орын
басушы топқа ығысып тұр)
CH3 → CH2 = CH (+J) (электрон бұлтының тығыздығы
тізбек бойынша)
Индуктивті эффект органикалық зат қасиеттеріне және реакцияның жүру бағытына әсер етеді.
Құрамында электрдонорлы немесе электракцепторлы орын басушылары бар қос байланысты молекулаларда π-байланыстың электрон бұлтының тығыздығына әсер етеді, соның нәтижесінде молекула поляризацияланады, осы эффектіні мезомерлік эффект (М) деп атайды, ол өзара тікелей байланысып тұрмаған атомдар арасындағы әсер.
M (π, π); M (σ, π)
Достарыңызбен бөлісу: |